kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?она?жай халы? ?рпа?ымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?она?жай халы?,?рпа?ымыз.

Ма?саты:      Хал?ымызды? асыл ?асиеті – ?она?жайлы? туралы балаларды? пікірін д?рыс ?алыптастыру,жа?сы жа?ын бойларына сі?іріп,жаманынан жирендіру,е? бастысы,?дептілік пен ?она?жайлы? ??ымдарыны? ма?ынасын ашу.

Саба? т?рі:   Аралас.

Саба? к?рнекілігі: Киіз ?й ?бзерлері,?лтты? киімдер,плакаттар,та?та,кеспе ?а?аздар.

Ж?ру барысы: 

    1) ?йымдастыру:

    2)Кіріспе

    3) С?зді? к?ркі- ма?ал

    4) К?рініс ‘’??дайы ?она?’’

    5) ?лтты? киімдерін талдау

    6) Кеспе ?а?аздармен ж?мыс

    7) ?орытынды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?она?жай халы? ?рпа?ымыз»

Тақырыбы: Қонақжай халық,ұрпағымыз.


Мақсаты: Халқымыздың асыл қасиеті – қонақжайлық туралы балалардың пікірін дұрыс қалыптастыру,жақсы жағын бойларына сіңіріп,жаманынан жирендіру,ең бастысы,әдептілік пен қонақжайлық ұғымдарының мағынасын ашу.


Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ көрнекілігі: Киіз үй әбзерлері,ұлттық киімдер,плакаттар,тақта,кеспе қағаздар.

Жүру барысы:

1) Ұйымдастыру:

2)Кіріспе

3) Сөздің көркі- мақал

4) Көрініс ‘’Құдайы қонақ’’

5) Ұлттық киімдерін талдау

6) Кеспе қағаздармен жұмыс

7) Қорытынды

Негізгі бөлім:

Мұғалім:

... Қазақ осы –қарасың ба,ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,

Қазақ осы –көргенінен танбайтын,

Той –думансың оты түзу жанбайтын

Қазақ осы – алудай-ақ алатын

Ал беруден алдына жан салмайтын,

Қазақ осы- ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады,- деп

Қадыр Мырза Әлі ағамыз жазғандай біздің қазақ халқы қонақ десе соңғысын алып шабады.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың «Қонақжай халық ұрпағымыз» тақырыбында өткелі отыр. Алдымен,қонақ деп нені түсінеміз?

Кәне,кім жауап береді?

1 оқушы.

Қонақ,ол біріншіден,адам. Ол кез-келген адам бола алады.

Мұғалім:

Қазақ – сыншыл халық, қонақ бола отырып,оған ғасырлар бойы баға беріп тастаған.

Біздің ерекшелігіміз- қонақжайлығымызда.Халықымыз қонақты сұраптап,сипаптап қойған.Яғни қонақтардың бірнеше түрі бар.Арнайлы қонақ- арнайлы шақырылған сыйлы қонақ.Сыйлы қонақ - әлдеқайдан жолы түсіп келе қалған, шақыртсаң келтіре алмайтын аса қадірлі қонақ.Құдайы қонақ – қазақтың байырғв көлігі ат,түйе болғаны белгілі.Негізінен,жылқы малы болды.Сондықтан олардың жылдамдылығы күндік жол түстік жолмен өлшенетін еді.Жолаушы өзінің ат басын кездейсоқ ауылға қонуға рұқсат сұрай отырып ,тірейтін болған.Танымайтын ,білмейтін адамдардың қонақ болуы – құдайы қонақ деп саналады. Қыдырма қонақ - екі күннің бірінде тәтті тамақ аңсап үй аралап,жөнсің қыдыратын адам.Қылқыма қонақ - әр үйдің түтінін аңдып ,осы түтіннің өзіңен қандай дәм түсіріп жатқанын топ басып танып,жоқтан өзгені сылтаулатып жетіп баратын адам.

Мұғалім:

Жақсы,сонымен қонақтың 5 түрін талдап,білдік.Сіздер енді үйге келген қонақты қандай қонақ ретінде келіп отырғанын ажырататын боласыңдар. Ал,енді сөздің көркі – мақал демекші балалар қазақта қонаққа және қонақжайлыққа қатысты көптеген мақал – мәтелдер бар.Сол мақал –мәтелдерге тоқталып өтейік.Мына тақтада толық емес мақалдар жазылған, мына кеспе қағаздарда мақалдың жартсы жазылған,осыларды сіздер сәйкесінше толықтыруңыз қажет.Тақтадағы мақалдар

Қонақ келсе құт келер.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Шақырғанға бармасаң,шақырғанға зар боласың.

Көңіл кең болса үй тарлығы білінбес

Қонақ келсе ,ет пісер,ет піспесе ,бет пісер.

Атың барда жер таны

Асың барда ел таны

(Тақтадағы мақалдарды балалар алма -кезек толықтырады.)

Мұғалім:

Дұрыс балалар біздер жеті мақал құрастырдық.Ал осы мақалдардан басқа тағы қонақ немесе қонақжайлық жөнінде мақал –мәтел білесіңдер ме?

(Оқушылар білетін мақал –мәтелдерін айтады)


КӨРІНІС : « Құдайы қонақ»


Үйде Оразай (ата), Айнұр(келін ),Гүлмира У.,Гүлмира Ш..Шай ішіп отырады.Сол сәтте сырттан Тауфих (ата) Гүлжихан Нұрлыгүл (қыздар )кіріп келеді.

Тауфих:

-Ассалаумағалейкум .

Оразай:

-Уағалейкумассалам.

Қыздарда амандасады:

-Төтлетіңдер жоғарлатыңыздар.

Тауфих:

-1 Май ауылынан келе жатыр едік,қазақтың шаңырағы ғой деп соға кетейік дегенбіз.

Оразай:

-Дұрыс жоғары шығыңыздар. Шайыңды ысыт.Мал сойайық.Сіздер құдай қонақ болдыңыздар ғой.



Тауфих:

-Жо-жоқ,әурелеңбеңіздер,алдымыз қараңғы тек бір шай ішіп қайта жол жүреміз.

У.Гүлмира:

-Бүгін қасиетті жұма болғасын жеті нан пісірген едік,жеті наннан алыңыз,оның үстіне ораза барлығыңызға қабыл болсын! (жеті нанды үзіп ортаға қояды)

Оразай:

-Ру тегіңізді айта отырыңыз,танысып алайық.

Тауфих:

-Мұқанның ұрпағымыз Кіші жүздің Кете руынан боламыз.

Оразай:

-Онда бізге құда болдыңыз ғой,келінді Кетеден алып отырмыз.Ал өзіміздің руымыз Ожырай.

Тауфих:

-Ұлыцңыз қайда?

Оразай:

-Мал бағып кеткен еді, кешкісін келеді.

Ш.Гүлмира:

-Келген қонақтан кәде сұралады.Сіздерденде қонақ кәде сұраймыз.

У.Гүлмира:

-Ия,қонақтардың қонақ кәдесі бар шығар.

Гүлжихан:

-Әрине кәдеміз болады.

(Дастархан әні айтылады.)

1.Бүгінгі ел ішінде

Татулық белгісінде

Дәстүрді жалғастырған

Жағалай молдас құрған

Қайырмасы:

Әй менің асқар тауым

Қазақы дастарханым

Өзімнің бақ берекем

Ақ қайнар бастауларым

2.Анаға ақ пейілді

Иілсе келін бала

Ықылас ізет еткен

Сыйластық елін табам

Қайырмасы

Әй менің асқар тауым

Қазақы дастарханым

Өзімнің бақ берекем

Ақ қайнар бастауларым

Ш.Гүлмира:

-Керемет ән екен .

Нұрлыгүл:

-Сіз аңшымедіңіз.Төрдегі қасқырдың терісін өзіңіз өңдедіңіз бе?

Оразай:

-Ия,қасқырды өзім атып алдым. ,терісін өңдеп іліп қойдым.

У.Гүлмира:

-Азулы аңның терісін үйіміздің балалары батыр болсын жаман бәледен аулақ жақсылық болсын деп төрге іледі.

Гүлжихан:

-Қазақ халқы ырымшылмыз ғой.

Ш.Гүлмира:

-Ал қамшы үй ырысының ырысы болып табылады.Қамшыны біздің салт –дәстүрі бойынша барлық үйде болу керек.Оны үйге іліп қоямыз.Үйіміздің азамат ұл балалары аман болсын ,сол қамшыны ұстасын ырым.

Тауфих:

-Ия,бұлар әр қазақтың шаңырағында болады.Сізге көп рахмет,асыңыз дәмді болды.Ал,біздер жолымызды жалғастырып жүрейік,алдымыз қараңғы асымызды қайтарып тұрайық.

(Тауфих ас қайтарады.)


Тәңірі бәрін берсін,

Үйіңе қыдыр келсін.

Бақ дәулет енсін,

Қораңа мал толсын.

Ағарған мол болсын,

Дастарханың бай болсын.

Әрдайым көңілің жәй болсын,

Әумин.

Оразай:

-Ал, мал сойдырмадыңдарғ,келесіде арнайы қонақ болып келіңдер.Жақсы,жолдарыңыз болсын.

Қыздарда қоштасады рахметтерін айтады.

Тауфих:

-Рахмет, асыңыз мол , уайым –қайғыларың жоқ болып аманшылықта кездесейік.

Қонақтар кетеді,сонымен көрініс аяқталады.

Мұғалім:

-Ал, балалар жаңа шығып кеткен құдайы қонақтан басқа біздің бүгінгі сабақта қонақтар бар ма?

Оқушылар:

-Ия,арнайы қонақтар бар ,олар мұғалімдер.

Мұғалім:

-Неліктен олар арнайы қонақ түріне жатады,айта ғойыңыз.

Оқушы:

-Себебі,мұғалімдерді біздер арнайы ашық сабаққа шақырдық.

Мұғалім:

-Дұрыс,енді қонақтарға келін ролінде ойнаған Айнұр жеті нан таратсын.

(Айнұр мұғалімдердің алдына жеті нан апарып қояды.)

Сонымен қатар сіздердің киіп отырған киімдеріңіз күндегіден өзгеше солай ма?

Оқушылар:

-Ия,біз бүгін біздің халқымыздың ұлттық киімдерін киіп отырмыз.

(Балалар өздерінің киімдерін талқылайды.)

Мұғалім:

-Дұрыс,бұл біздің ата-бабамыздан қалған мұра болып есептеледі.Енді сабағымызды қорытындылау негізінде тақтадағы кеспелерге назар аударайық.Бұл кеспеде әр түрлі 3сұрақ жазылған .Әрбіреуіңіз кезекпе-кезек алып жауап бересіздер .

Кеспедегі сұрақтар:

1.Кеспе

1. Үйде ата-анаңыз жоқ. Кенеттен қонақ келіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?

2 Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.

3. Шілдехана тойы қай кездерде тойланады?

2. Кеспе.

1. Егер сізді қонаққа шақырып, сіз бара алмай, келесіде өзіңіз бардыңыз. Сонда сіз қандай қонақ түріне жатасыз?

2. Киіз үй жабдықтарын ата.

3. Тұсау кесу тойы.

3.Кеспе

1.Сыйлы қонақ түріне мысал келтір.

2. Жайлау ұғымына анықтама бер.

3. Жеңгей сөзін қалай түсінесіз?

4. Кеспе

1.Қылқима қонаққа мысал келтір.

2. Қазақтың байырғы көлігі немесе ер қанаты.

3. Қазақтың тыйым сөздері.

5.Кеспе

1.Сіз үйге қонақ келгенді ұнатасыз ба? Неліктен ?

2. Ұлттық киімдерге не жатады?

3.Қазақ қыздарының әшекейлерін ата.

6. Кеспе

1.Сіз ескертусіз бір досыңыздың үйіне қонаққа бардыңыз. Ал ол сіз тек қақпаға кіріп келе жатқанда, кетіп бара жатыр екен . Сіздің әрекетіңіз.

2. Қандай халық әндерін білесіз?

3.Ат әбзерлері.

7.Кеспе

1. Қонақ деген кім?

2. Ұлттық ойындарды ата.

3. Нағашы жұрт сөзін қалай түсінесіз?

Өте жақсы, енді біз қонақтық түрлерімен таныс қонақжайлық жөнінде мақал-мәтелдер айттық .Қазақтың кейбір ырымдарын айтып өттік.

Сіздер үйге келген қонаққа сый –құрмет көрсету керектігін ұғындыңдар.

Қонақжайлық сізді адамгершілікке ,инабаттылыққа, кешірімді болуға, тәртіптілікке, үлкенге сый-кішіге жол көрсетуге үйретеді екен. Ал, енді осымен біздің ашық сабағымызды аяқтап, келген қонақтарды орнымыздан тұрып шығарып салайық.

(Оқушылар орындарынан тұрып:)

-Сау болыңыздар.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?она?жай халы? ?рпа?ымыз

Автор: Идрисова Аккумис Алкеевна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 254011


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства