Просмотр содержимого документа
«"?ош бол даярлы?" »
«Атамекен орта мектебі» ММ
«Қош бол,
даярлық!»
атты мерекелік шара
Сыныбы: Д «Д» сынып жетекшісі: Карасаева Орынгул
2014-2015 оқу жылы
мамыр
«Қош бол, даярлық!» атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың даярлық сыныбында алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау, сұрақтарға толық жауап беру.
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! Бүгін көз алдымызда тәп-тәтті, сүйкімді қылықтарымен сүйсіндірген балаларыңыз тоғыз ай бойы үйренген әріптерін, есептерін, әндерін, билерін, тақпақтарын әрі қарай шыңдай түсіп «Қош бол, даярлық!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Олай болса, ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.
1-ден 9-ға дейінгі сандар қандай сандар? (1 таңбалы сандар)
Бағдаршамның көзі нешеу? (3)
Тәрбиеші: Тәрбиеші айтады екен баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына
Балалар шамаң келсе озат болғын
Ақ пейіл адамдардың арасында
Бестік: Құрметті де, сүйікті балалар! Мені сендерге «Білім Ханшайымы» жіберді. Балалардың біріншіге барардағы дайындығын тексер!- деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттерді оқып, орындауын талап етем. Сендер сол билетке жауап бересіңдер. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарай даярлықтарыңды бағалаймын.
Бестік: «Қазақстан Республикасының Әнұраны» «Отан туралы» өлең.
Тәуелсіз еліміздің елбасы кім? Н.Ә.Назарбаев
Азамат: Отан деген-туған жер
Отан-ана,
Отан-үлкен
Туған ел!
Мерейлім: Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені, оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Ақмарал: Отанды,
Жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені, онда бәрімізде,
Туып өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені, отан баласындай.
Бізді асырап сақтайды.
Бестік: Өте жақсы қандай өнерлі балаларсыңдар!
Бестік: Ал математикадан қалайсыңдар? Соны көрейік!
Бестік: Мұз айдында алты бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың!
Балалар: сегіз!
Бестік: Өте жақсы! балалар жарайсыңдар! Рақмет сіздерге! Енді сіздермен қоштасатын сәтте келді. Мен «Білім Ханшайымына» сендердің біріншіге дайын екендеріңді айтамын. (Тәрбиешіге білім кілтін тапсырады.)
Тәрбиеші: Қызықтырып өнерге
Жетелеймін баланы
Ұлттық өнер емес пе?
Дамытатын сананы.
Әнші, биші баланы
Адам етіп баланы
Өнерпаз қылып баулысам
Өнер отын жағады.
Бата тілек: Нұрдәулет
Кәрінің батасы қабыл,
Жастың тілегі қабыл дегендей балалық ақ ниет тілегін айту үшін баламызды шақырамыз.
Мен бір тілек айтайын
Алла берсін тілекті
Көтеріңдер білекті!
Жарылқа Алла қабыл ет
Жарылқаудың қамын ет
Ізет, абырай, бақ дәулет
Қыдыр қарап, бақ қонып,
Не тілесек, соның бәрін қабыл ет.
Сабырсыз ұлдан сақта!
Қылықсыз қыздан сақта!
Дос болып, қас болғаннан сақта!
Құдайдың бергенін білмей,
Құрынғаннан сақта!
Барды жоқ деп
Жұтынғаннан сақта!
Тілегімді оңдағай
Әулиелер қолдағай
Еліме бейбітшілік орнағай
Бізге қастандық ойлағанға
Қайғының қара бұлты торлағай.
Әумин!
Тәрбиеші: Бүгінгі «Қош бол, даярлық!» атты ертеңгілік кешіміз аяқталғанмен, балалардың қуанышты мерекелері аяқталмасын дей отырып, «Әр сөзінің түйінін жақсылыққа тірейтін, ақылын көпке қадап айтып, бақыт тілейтін» деп сөз кезегі ата-аналарға беріледі.