Сабақ тақырыбы: «Өз құқығыңды - қорға» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімін арттыру. 2. Заңды өмірде қолдана білуге үйрету. 3. Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, құқық негіздері, қазақ әдебиеті. Сабақ көрнекілігі: Плакаттар, буклеттер т.б. Сабақтың түрі: Театрландырған сабақ. Сабақтың әдісі: Әңгіме - сайыс. Сабақтың барысы: Сабақ ҚР Әнұранымен басталады.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: " Өз құқығыңды - қорға" деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы тақырып бүгінгі сабағымыздың арқауы болып отыр?
І. «Өз құқығыңды біл?» кезеңі.
Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?-(бала туған кезінен бастап).
Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?-(18).
Баланың өз пікірін білдіруге,ақпарат алуға,ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе?-(шектеусіз).
Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға,оларға кірге құқылы ма?-(иә)
Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды?-(15).
Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған тек қай елдер?-(АҚШ пен Сомали.).
Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?-(16).
ІI. «Ойды аяқта »кезеңі. слайд
Заңның құрығы…………..(бәрінен ұзын).
Өш алғаннан гөрі…………..(кешірген жақсы).
Туғанды биде………………….(иман жоқ).
Таста тамыр жоқ……………..(биде бауыр жоқ).
5.Әр адамның құдайы…………….(оның ары).
Әділ істің…………………………(арты игі).
Атаның баласы болма………….(адамның баласы бол).
III. «Ой елегнен өткіз»кезеңі
Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе.
Оқушы неге құқылы?
Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлықжасауға,қоршаған ортаны ластауға,өзсыныптастарына кедергі жасауға.
Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.
Тренинг: Ойлан «Адасқан әріптер» Шарты: Әріптерді дұрыс орнына қойса, мағыналы сөз шығады. слайд
1.ң, а, з
2. т, л, а, п, а
3. н, м, і, е, д, т
4. қ, ы, ұ, қ, қ
5. т, р, т, ә, п, і
КӨРІНІС: 7-сынып оқушылары
интерактивті тақтаданкөрсету арқылы сөздік жұмысы жүреді.
Өз құқығыңды анықта, ата.
- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.
- Өмір сұруге құқығым бар.
- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.
- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.
- Ақысыз емделуіме құқым бар.
- Балалар, Ата Заң осындай құқықтарыңды берумен қатар міндеттер де артады.
Өздеріңнің қандай міндеттерің барын айтып бер.
3.Айт. «Болады- болмайды»
- Балалар, күнделікті өмірде мынадай жағдаяттар кездеседі.
1. Сен бүгін қаламыңды үйде қалдырып ұмытып кеттің. Досыңның сөмкесінен қаламын алдыңда, жаза бастадың.
- Балалар, осы әрекетте адам құқығы бұзылды ма, жоқ па?
Өз пікіріңді білдір
2.Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың. Трубканы көтерсең,бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың. Олай істеуге бола ма?
Ертегілер желісі бойынша ертегі кейіпкерлерінің қандай құқығы бұзылды және оны кім бұзды? Соны ойланып табуымыз керек.
«Алтын сақа» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер кім?
Баланың өміріне қандай қауіп төнді?
Бала құқығы бұзылды ма?Бұзылды.
Көмектес.
Балалар, оқушыларға арналған қамқорлық айлығына орай ұсыныс- тілек жәшігі қойылған болатын. Жақын арада осы ұсыныс-тілек хаттар арасынан мазмұны өзгешелеу ,яғни, көмектесуімізді күткен кішкентай оқушы жазыпты. Сіздерді сол хатпен таныстырайын. Хаттың мәтіні төмендегінше;
Менің жасым сегізде. Кішкентайымда арбадан құлап , бір жақ аяғымды зақымдап алдым. Содан денсаулығым нашарланды. Достарым менің қасымда болудан қашқақтайды. Мен олармен бірге болғым келеді. Көмектесіңіздерші.
ІІІ. Ой толғаныс. Біл. «Өзіңді таны»
Слайдта төмендегі сөздер жазылып тұрады. Оқушылар нөмірмен берілген сөздерді оқиды.
- Осы қасиеттердің қайсысы мектебімізде жүзеге асып жүр. Сол нөмірді ақ параққа жазасың.
1. Жақсы оқиды.
2. Адамды алдайды.
3. Демалады.
4. Мазақтайды.
5. Ұрлайды.
6. Өз пікірін айтады.
7. Үлкенді сыйлайды
8. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіреді.
9. Мейірімді.
10. Біреулерді зәбірлеп, қинайды.
11. Мәдени істерге араласа алады.
12. Еңбек етеді.
13. Емделе алады.
14. Ойлайды.
15. Достасады.
16. Табиғатты қорғайды.
17. Басқаның хатын оқып алады.
Балалар енді сөз кезегін бүгінгі біздің қонағымыз мектепішілік аға инспектор Руслан ағамызға сөз берсек
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата Заңым құтсыйладың еліме!
Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыз мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің зор екенін байқаймыз.