Бүгін біз сіздерге іскерлік сабақ түрінде үлгі ұсынбақпыз.
Іскерлік сабақ оқырмандардың: (1 - слайд)
- білім деңгейін тереңдетуге;
- ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;
- өз ісіне талдау жасай алуға көптен – көп көмегін тигізеді.
Назарларыңызға ұсынғалы отырған іскерлік сабақтың тақырыбы: «Өмірдегі ең басты құндылық пен байлық». (1 – слайд – сабақ тақырыбы) Сабақ барысында белсенділік көрсеткендерге жетон беріліп, соңында қорытынды шығарылады.
І. Тақырыпты ашу стратегиясы немесе кіріспе.
Қазіргі кезде білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал, бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің, жалпы бала тәрбиесімен айналысатын мамандардың ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасау – біздің де міндеттеріміздің бірі.
Бүгінгі күні кітапханашы өсіп келе жатқан оқырман үшін: (3 - слайд)
1. Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқырман мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы.
2. Оқырмандардың алуан түрлі бірлескен іс – шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым – қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы.
3. Оқырманның күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.
4. Оқырманның дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
ІІ. Ой шақыру стратегиясы. Экранға назар аударыңыздар. (4 – слайд, интерактивті тақтадан әже мен баланың әңгімесін тыңдату)
Немере: Әже, не қарап отырсыз?
Әже: Мына журналда адамның басты байлығы туралы жазыпты. Ал сенің басты байлығың кім?
Немере: Сіз әже.
Әже: Ал сосын тағы кім?
Немере: Сосын мен.
Әже: Айналайын, дұрыс айтасың, сонымен қатар ең басты байлық – денсаулық.
Немере: Неге ол басты байлық?
Әже: Ең басты байлық пен құндылықтың не екенін, мүмкін сіздер айтып берерсіздер.
Міне, өздеріңіз естіп отырған әңгімеде сөз болған ең басты байлық пен құндылық не деп ойлайсыздар? Ойларыңызды жүйелеп көріңіздер.
(Қатысушылардың пікірі)
ІІІ «Топтастыру» стратегиясы.
Құрметті әріптестер, мен қазір сіздерге құндылықтардың қатарына жатады деп ойлайтын бірнеше нұсқа сөздерді таратып беремін. (5 – слайд, сөздер)
Өмір, Денсаулық, Ана, Табиғат, Дос, Әке.
Осы сөздердің ішінен сіз үшін аса құнды емес, алғашқы орында саналмайтын сөз нұсқасын қайтарып беріңіздер.
- Не үшін бұл сөз сізге құнды емес?
- Сіз неге бұл сөзді құндылықтың қатарында төменгі орынға бағалап тұрсыз?
(Қатысушылармен пікір алмасу)
ІV. «Бізге қолдар не үшін қажет?»(6 - слайд)
Біз күнделікті өмірімізде осы құндылықтарды өз қолымызбен бүлдіріп жатқанымызды өзіміз түсіне бермейміз. Түсінген сәттің өзінде бұл бір құдайдың ісі деп жауапкершіліктен де қашамыз. Неліктен, әлде мұның да бір себебі бар ма?
(Қатысушылардың пікірі)
Осы айтылған ой – пікірлеріңізді қолдарыңыздың саусақтарының көмегімен түйіндейік.
(7 - слайд)
Бас бармақ: менің бүгінгі сабақтағы денсаулығым қалай болды?
Балан үйрек: мен бүгін кімге көмектестім?
Ортан терек: менің бүгінгі көңіл – күйім.
Шылдыр шүмек: мен бүгін не істедім, қандай жетістіктерге жеттім?
Кішкентай бөбек: қандай білім және тәжірибе алдым?
Құрметті әріптестер! Міне, бүгінгі іскерлік сабағымызды қорытындылайтын сәт те келген секілді. Енді сабақ барысында берілген жетондарыңыз арқылы коллаж жасап, қорытындылайық.
(Қатысушылардың пікірлері, жетондары бойынша сурет салынып, коллаж жасалынып, оны қорғап айтуы керек)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қанай орта мектебі