Мақсаты: Оқушылардыадамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсыүлгі- өнегеге, үлкендісыйлау, кішігеқамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қариялардықұрметтеуге, жақсы мен жамандыажыратабілуге,аталысөзденғибраталуғатәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам Мақсаты:Оқушылардыадамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсыүлгі- өнегеге, үлкендісыйлау, кішігеқамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қариялардықұрметтеуге, жақсы мен жамандыажыратабілуге,аталысөзденғибраталуғатәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар, сахналық безендірулер.
Барысы:
І Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім: 1-жүргізуші: Ерасыл
Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Олай болса, сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік кешке қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Айым
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Қарттар күніне арналған тәрбие сағатымызға бастауға рұқсат етіңіздер!
Хор: «Балалық шақ» 3 «а» сынып оқушылары
Мирас: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің жұртың ұл мен қызың бағалар Ән: «Песня о бабушке» Орындайтындар: Михриай, Алина
Әкежан:Менің әжем,ақ әжем. Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десем, Айтып береді тағы әжем.
Әлижан:Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Ән: «Асыл әжем» орындайтын Томирис, Баян
Айжан: Қарттарым жүректерің неткен дархан
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң,
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан
Таң атып күн де шыққан өздеріңнен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеіңнен.
Топ би: «Қазақ қызға үйленем» 1 «а»сынып
Тәуекел:Бала деген бал екен, Бал дегенің бала екен. Немереніңбойында, Бар жақсылық бар екен. Туғанбалаңжайғана, Демесең де жат бөтен, Нағыз бала ойласаң. «Немере» екентәттіекен.
Ән: «Менің қос бәйтерегім»-Кәусар
Бағжан: Ата-әже ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: «Айгөлек» орындайтындар Айым, Айжан
Ерназ: Көп жасаған қария, Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты.
Ән: «Мама» орындайтын Дамиля
Ержан: Ата-әжем мақтанышым менің де, Қонақ болып отыр менің төрімде. Өзіңе арнап былай тәтті үніммен, Ән салатын кезім келді менің де.