kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақ хандығына 550 жыл»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Қазақ хандығының  құрылу тарихына шолу,  білім алушылардың тарихи танымдық  қабілеттерін дамыту,   өз  елінің тарихын  құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, карта, буклет, көрме

Өткізілу әдісі: семинар

Жоспары:

  1. «Қазақ хандығына 550 жыл» ашылуы
  2. «Қазақ хандығының құрылуы»  білім алушылардың  баяндамалары:
  • «Қазақ хандығына -550 жыл»  Ирсаева Диана, Асылбек Айсұлу 12 топ білім білім алушылары
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақ хандығына 550 жыл»»

«Қазақ хандығына 550 жыл»

Сланбекова Карлыга Боранкуловна

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің

тарих және география пәндерінің оқытушысы

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихына шолу, білім алушылардың тарихи танымдық қабілеттерін дамыту, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, карта, буклет, көрме

Өткізілу әдісі: семинар

Жоспары:

  1. «Қазақ хандығына 550 жыл» ашылуы

  2. «Қазақ хандығының құрылуы» білім алушылардың баяндамалары:

  • «Қазақ хандығына -550 жыл» Ирсаева Диана, Асылбек Айсұлу 12 топ білім білім алушылары

  • «Қазақ хандығы» Байдүйсенов Бекзат 23 топ білім алушысы

  • «Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы» Нұрәділ Әсем 11 топ білім алушысы

  1. «Қазақ хандары»

  • «Қазақ хандары» Жалкеев Рифхат 13 топ білім алушысы

  • «Тәуке хан» Бауланқұл Рахат 21 топ білім алушысы

  • «Абылай хан » Тукубай Мөлдір, Ұлан Айжан-22 топ білім алушылары



Барысы:

І. «Қазақ хандығына 550 жыл» ашылуы

Фанфар

1 - жүргізуші: Армысыздар оқытушылар, білім алушылар! Биылғы 2015 жыл-- еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына -550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./

Бенефильм. «Қазақ елі»
2 - жүргізуші:
Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Сол мақсатта жиналып отрмыз.
1 - жүргізуші: 1465 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек - ті.

2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.



Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Арманы асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

1 - жүргізуші: Көрініс. «Сұлтандар кеңесі» ( Бейнефильм көрсетіледі)

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Осы бейберекетсіздікке байланысты Керей мен Жәнібек сұлтандар сұхбат құруда, .......үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.
2 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
1 жүргізуші:- М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

2 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.

1 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

ІІ.«Қазақ хандығының құрылуы» білім алушылардың баяндамалары:

  • «Қазақ хандығына -550 жыл» Ирсаева Диана, Асылбек Айсұлу 12 топ білім білім алушылары

  • «Қазақ хандығы» Байдүйсенов Бекзат 23 топ білім алушысы

  • «Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы» Нұрәділ Әсем 11 топ білім алушысы

Би: « Айжан қыз» (орындаушылар 12 топ білім алушылары Касымова Гульшатай, Алмазқызы Әлия, Абдикадирова Камила)

ІІІ. «Қазақ хандары»

2 - жүргізуші: Қазақ   хандары

 Ол  хандар  мәңгілік  қалды   тарихта

Ол  хандар   қалмады   қиыннан   ықта

Әліде  тереңірек  зерттесек   тағы

Ашылады  тарихтың  , ағы –қарасыда





1 - жүргізуші:

Шайбани  Әбілқайырға  сақтадыма  кек

Ұлы  көшті  бастады  Керей,  Жәнібек

Болашақты  болжаған, оны  өзгерткен

Ұлыларға  ұрпақтары  табына  бермек.

«Жәнібек пен Керей хан» бейнеролик

 2 - жүргізуші:

Тарих  сахнасында  міне, тұр  Есім

Тұрсынға  көрсетпей  зорлық  пен  қысым

Данышпан, көреген  қасиеттерімен

Жеңді  ол  жауларды  сағаттарда  сын.

 1- жүргізуші:

Батыста  шекара  Жайықтан  қайтты

Ұлы  Қасым  хандықтың  жерін  ұлғайтты.

Тәукенің  заманын  дана  халқымыз

«Алтын  ғасыр»  болды  деп,  тауып  айтты.

  2 - жүргізуші:

Мәмілегер, көреген  хандар  тұсында

Кетпеді  қазақ  жері  жау  уысында

Керісінше,  Мәскеумен, көрші  елдермен

Қарым-қатынас  орнады  Қасым  тұсында

  1- жүргізуші:

 Түнде  ұйықтамай, күндіз  отырмай

Жауларға  соққы  берді  ұлы  Тәуекел

Есімнің  кезінде  Ташкент  шаһары

Қазаққа  қосылып  шаттанды  мың  ел

  2 - жүргізуші:

Хақназар хан  орны  бір  бөлек

Хандыққа  қосылды  халық  лек - лек

Ноғайлар, монғолдар, Сібір   халықтары

Тарихтың  бағытын   ұғынды,   демек

  1 - жүргізуші:

«Абылайлап»  жауға  шапты  Әбілмәнсур

Қолдап  бабалар  аруағы 

Үш  жүздің  ханы  болды, 

Суреті    тарих  төрінде

«Қазақ хандары» білім алушылардың баяндамалары:

  • «Қазақ хандары» Жалкеев Рифхат 13 топ білім алушысы

  • «Тәуке хан» Бауланқұл Рахат 21 топ білім алушысы

  • «Абылай хан » Тукубай Мөлдір, Ұлан Айжан-22 топ білім алушылары

  2 - жүргізуші:

Қазақтың  бағына  туған  аналар

Қазақтың  хандары  елге  паналар

Халқыңа  қызмет  ет, сенің   міндетің

Деп,   батасын   берген  ата-бабалар.

Хандардың  қайсысын  айтпасақ  та  бүгін

Аспанда  бұлт  тарқап  ашылады  күн

Олардың   ерліктерін   мәңгі   жырласақ

Мәңгілік  ел  болуға   лайықпыз, мүмкін.

Қорытынды:

 1 - жүргізуші:

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан-алтын бесік отаным,

Ұлы ордасы татулықпен пен теңдіктің.

Ата –бабам, жаны күйіп қорғаған,

Тәңір қолдап, бақ-береке орнаған.

Қазақстан-тәуелсіз ел сен бүгін,

Ақ тілегін болашаққа арнаған.

Ән «Қазақтай ел қайда» (орындайтын 32 топ білім алушысы Ардақ Наурызбай)

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Қазақ хандығына 550 жыл»

Автор: Сланбекова Карлыга Боранкуловна

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384727

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Та?ырыбы: ?аза? ханды?ыны? ??рылуы"
    ["seo_title"] => string(39) "tak-yryby-k-azak-khandyg-ynyn-k-u-ryluy"
    ["file_id"] => string(6) "281281"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453487098"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына - 550 жыл» сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(44) "kazakkhandygynynkurylganyna550zhylsaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "305587"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457964431"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойы!" атты ма?ала "
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-khandyg-ynyn-550-zhyldyk-mierieitoiy-atty-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "202649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429289642"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?аза? ханды?ына-550 жыл"
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-khandyg-yna-550-zhyl-6"
    ["file_id"] => string(6) "284973"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454070079"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?аза? ханды?ыны? ??рылуы "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-khandyg-ynyn-k-u-ryluy-2"
    ["file_id"] => string(6) "167308"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423066520"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства