ІІ. – Балалар, бүгін біз Қазақстан еліне саяхат өткіземіз. Біз Отанымызды тағыда зерттеп білеміз. Отанымызбен одан да бетер жақсылап танысамыз.
Біздің алып еліміздің барлық жағын аралау үшін пойызға немесе ұшаққа билет сатып алу мүлдем міндетті емес. Сол үшін біз бүгінгі саяхатты жариялаймыз.
Саяхатқа бару үшін алдымен бірнеше тапсырманы орындау керек. Орындасақ бізді осы сыныптан сиқырлы тақтамыз саяхатқа апарады.
ІІІ. Интерактивтік тақта арқылы тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма. Дұрыс аудар.
Мектеп-школа
Отан – родина
Мемлекет-государство
Ту-знамя
Елтаңба-герб
Әнұран-гимн
Моя школа – менің мектебім
Наша родина – біздің Отанымыз
Красивый город- әдемі қала
Зеленое дерево – жасыл ағаш
Жақсы оқушы-хороший ученик.
2-тапсырма. «Шала» қазақ.
1. Біздің Родина – Қазақстан.
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
2. Қазақстан үлкен государство.
Қазақстан үлкен мемлекет.
3. Мен Қостанай городта тұрамын.
Мен Қостанай қаласында тұрамын.
3-тапсырма: Төртінші артық.
1. Бес, тоғыз, жеті, қыз
2. Тақта, орындық, мұғалім, кітап
3. Жасыл, есік, қоңыр, қызыл
4. Күз,жаз, жеті, көктем
5. Тұр, отыр, оқы, адам.
- Өте жақсы! Тапсырмаларды орындадық, Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
ІҮ. Отан туралы мақал-мәтелдер
Гүлдер өз алаңқайынға ғана – гүл,
Адам тек Отанында ға – адам.
Ат айналып қазығын табады,
Жігіт әлемді қаншама кезсе де Отанына оралады.
Бөтен елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Адамды адамға арман жақындатады,
Алысты еңбек жақындатады.
Адамды еңбек көркенйтеді, ал адам өз заманын көркейтеді.
Ізгілікті көктем іздеме, оны халық бірлігінен ізде.
Жердің бәрі жақсы, ал өз жерің өзгелерден сондай артық!
Өте жақсы. Тапсырмаларды орындадық, мақал-мәтелдерді айтып шықтық. Ал енді біз Қазақстан елеме саяхатқа барайық.
Ү. Қазақстан қалалар туралы презентация көрсету.
Оқушылар музыкалық фонограмма сүйемелдеуімен карточкаларға қарап қалалар туралы ақпатар береді.
Ақтау. Маңғыстау облысының бас қаласы. Ақтауға барған қонақты міндетті түрде теңізге апрады. Бұл қала әлемдегі ең үлкен көлдің (Каспий теңізінің) жағасында тұр.
Атырау. Атырау қаласында сізге мақтанышпен мынаны хабарлайды: облыс мұнайға, сондай-ақ балықтардың құнды тұқымдарына бай.
Орал. Батыс Қазақстан облысының басты қаласы – Орал. Ол тарихи оқиғаларға куә болды. Оның атаөқтылығы сол – екі құрылықтың (Еуропа мен Азияның) арасындағы шекара соның үстімен өтеді.
Ақтөбе. Ақтөбе облысы хром, никель, фосфори қорларымен даңқы шыққан.
Қостанай. Қостанай облысы өздерінің астықты алқаптарымен атақты.
Көкшетау. Ақмола облысы курорттарымен әйгілі. Бұл жерге жыл сайын мыңдаған туристер денсаулықтарын түзеу үшін, өте көркем көлдерге сүйеніп, қарағайлы ормандарды аралауға келеді.
Петропавл. Солтүстік Қазақстан облысы өздерінің астықты алқаптарымен атақты.
Қарағанды. Қарағанды еліміздің шахтерлер астанасы деп есептеледі. Осы облыста әлемдегі ерекше көлдердің бірі – Балқаш көлі мен қорыққа айналдырған Қарқаралы ормандары орналасқан.
Павлодар. Павлодар облысында «Богатырь» көмір кеніші бар, ло дүние жүзіндегі аса ірі ашық шахта.
Өскемен. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, күміс, және кадмий, молибден, висмут, индий, талий серек металдар бар. Ал ормандар аң-құсқа, өзендері мен көлдері балыққа бай.
Талдықорған. Осы өлкедегі басты өзендердің санына қарай Жетісу деп атайды. Сонымен қатар бұл өңір ең таулы өңір болып есептеледі.
Қызылорда. Қызылорда облысы – әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал ьтеңізі орналасқан аймақ. Бұл облыста Байқоңыр ғарыш айлағы бар.
Шымкент. Ерте замандарда Шымкент облысы аумағымен Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлкені «Мыңдаған ежелгі қалалар елі болған» деп батыл атауға болады.
Тараз. Егер сіз Жамбыл облысына келсеңіз, сізге Тараз қаласына таяу тұрған Айша Бибі кесенесіне барып қайтуға кенес береді.
Алматы: Бұл – біздің еліміздегі ең үлкен қала. Мұражайлардың, театрлар мен концерт залдарының, кітапханалардың, ғылыми-зерттеу институттарының, мектептер мен спорт кешендерінің ең көп шоғырланған қаласы – осы Алматы.
Астана. Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы. Ең бірнеше жылдан кейін онда ең кемі миллион адам тұратын болады және олардың көпшілігі балалар болмақ.
Балалар, ұнады ма біздің саяхатымыз? Біздің әдемі қалаларымыз ұнады ма?
Сендер үлкен азамат болған кездеріңде қайда жүрсендер де біздің Қазақстан жерінің көркем екенін, қалаларының әдемі екенін сезінетін боласыңдар. Мен соған сенемін.