Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады.
Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады рейхстагқа!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған митинг ашық деп жарияланады.
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2-жүргізуші: Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге асығады.Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып, батырлар есімін еске алады.
1-жүргізуші: Өздеріңе белгілі 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты.
2-жүргізуші: Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 69 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Құттықтау сөз Амангельді округінің әкімі Нұртаза Сакуовқа беріледі.
Құттықтау сөз «Босағаш» шекарасының басшысына Макеев Ардақ Нұрмұхамедұлына беріледі.
Оқушылар өлеңдер жолдарын оқиды
***
Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Өткізді олар сызды оқопта күндерін,
Елестетем қанды кешіп жүргенін.
Естігендей болам жаудың шебіне
Атой салған сарбаздардың үндерін.
Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
Біздің мына бейбіт өмір алансыз
Ел қорғаған аталардың арқасы.
***
Қара жердің қабырғасы сөгілді,
Ажал жалмап,жұлып жатты өмірді.
Орыс,қазақ,украин,белорус,
Бір обаға,бір молаға көмілді.
Қол ұстасып шыққан талай ұрыстан,
Еді олар қандары бір туысқан
Отан ана оларға ортақ болатын,
Жиналса да батыс пенен шығыстан.
Жүрек тілі жеткізіп бар сезімін,
Түйіні бір болды олардың сөзінің.
Жатты олар жағасында өзеннің,
Жатты олар даласында өзінің.
Төртеуі де жігіт еді өндірдей,
Төртеуін де ардақтады ел бірдей.
Төртеуіне гүл қояды бір ана,
Төртеуінің жүрек отын сөндірмей.
2-жүргізуші:Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
Олар сенің таңғы шапақ нұрың ғой,
Олар сенің мәңгі асқан жырың ғой.
Мәңгі алауға жақын барып ақырын,
Бас киімді қолыңа алып, гүліңді қой.
1-жүргізуші:
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ескерткішіне гүл шоқтарын қою құрметі ауған соғысының ардагерлері Бельгубаев Қорқыт Нығметұлы мен Темербаев Мұрат Қайроллаұлы және оқу үздіктері.......................................................................................................................................................................................................... беріледі.
2-жүргізуші: Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.
Олар қалды Сталинград биігінде,
Курск иінінде!
Жиырма миллион бастарын тікті өлімге,
Олар қалды теңіздің түптеоінде.
Алтын ошақ көре алмай мекендерін,
Олар қалды жеріндешет елдердің.
Олар қалды Освецин түрмесінде,
Олар қалды Берлиннің іргесінде.
1-жүргізуші:
Жұтты соғыс оларды отты тілімен,
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен.
Жиырма миллион Отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиеті болды аттары.
Ескірткіште батыр қыз, нар жігітке,
Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке!
2-жүргізуші:Тәуелсіз таңы атқан қазақ елі,
Атымыз-
Ерлік болып таныламыз!
Алады тәуелсіз ел мәңгі есіне,
Қан маңдайда
Мерт болған батырларын!
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған митинг жабық деп жарияланады.