kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза?ты? ?лтты? ойындары" мектепішілік шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?аза?ты? ?лтты? ойындары" мектепішілік шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза?ты? ?лтты? ойындары" мектепішілік шара»

Бекітемін: Күні:

Тәрбие ісінің орынбасары: Каукенова А.Б.


Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты:Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық  қасиеттерін қалыптастыру.Ұлттық ойындарды ойнай  отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. 

Түрі: спорттық сайыс

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі:  түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш, асық, дорба, арқан,

Барысы:

1. Топ командаларының сапқа тұруы.

2. Өтетін ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.

3. Әділқазылар алқасын сайлау.

4. Топтар таныстыруы

5. Сайыс

6. Марапаттау

  • Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қазақтың ұлттық ойындары» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Жастайынан баланың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді. Бұл ойындардың еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Қазақ халқының ұлттық ойындары: «Көкпар», «Асық ойнау», «Тоғызқұмалақ» , «Арқан тартысу», «Қол күрес», «Көрші» «Бес тас», «Желке тартыс», «Атқаума», «Айгөлек» , «Айтжүргін», «Мәлкі тотай», «Соқыртеке», «Орамал тастау», «Жаяу жарыс», «Әуе таяқ», «Жанды дөңгелек», «Қап киіп жарысу», «Тоспа доп», «Қарғымақ», «Қарақұлақ», «Қырықаяқ», «Ұшты-ұшты», «Теңге ілу», «Қазан доп», «Білектесу», т.б. Айта берсек, ұлттық ойындарымыз өте көп. Сайысымызға солардың ішінен арнайы спорт залдарында ойнауға ыңғайлы етіп өзгертілген алты ойын түрін алдық.

Бағдарламасы

1. Теңге ілу

2. Арқан тартыс

3. Қаппен жарыс

Сергіту сәті

Асық(тас кала)

4. Қырықаяқ

5.Жаяу тартыс ( 2-оқушы )

6. Қазан доп



  • Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

  • Ендеше, ортаға өздерін таныстыруға «Жас қыран» тобы мен «Барыс тобын шақырамыз»

• Әр топ өздерін таныстырып өтеді

• Ойын шарттарын түсіндіру.

• Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.



  • Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.

Екі топ:

Қане, бір-бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

Жеңіске жетеміз-деп,

Жалынды ұран тастаймыз.

1- кезең «Теңге ілу»

Шарты:Ойынға қатысушылар тепе - тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезінде басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20 - 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он - оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете береді, шұңқыр тұсына бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

2- кезең «Арқан тартыс»

Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан қажет. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арқан бойына қарама-қарсы орналасады. Арқан бойына үш жерден белгі тағылады. Ортаңғы белгі орта сызықпен бір межеде болуы керек. Бастаушының белгісімен екі топ әрқайсысы өз жағына қарай арқанды тарта бастайды. Қай топ қарсыласты орта сызықтан тартып әкете алса, сол топ жеңіске жетеді.



3-кезең «Қап киіп жарысу»

Шарты: Ойын көгалды жазық далада, дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады. Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді. Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін.



Сергіту сәті

Асық ойыны «Тас қала»


Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші. Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.



4-кезең «Қырықаяқ»

Шарты: Қырықаяқ ойын ережесі бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады.



5-кезең: «Жаяу тартыс»

Шарты: Ойынынға қатынасушылар екі-екіден ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді де, екеуі екі жаққа қарай еңбектеп, күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып жеткізулері керек. Қайсысы сүйреп, жеткізсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі. Әдетте, бұл ойынға өзіне-өзі сенімді, дене күші мығым жігіттер күш сынасу үшін қатынасады.



6-кезең «Қазан доп»

Шарты: Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады. Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады. Ойынға қатынасушылардың саны көп болса, бірнеше доп айдаушы белгіленеді.



  • Осымен сайыс өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.

• Сайысты қорытындылап , сайыс жеңімпаздарын марапаттау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"?аза?ты? ?лтты? ойындары" мектепішілік шара

Автор: Шарафеденова Орынгул Какимовна

Дата: 14.06.2016

Номер свидетельства: 334423

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(238) "М??алімдер арасында ?ткен ?алалы? спортакиадасыны? салтанатты жабылуына арнал?ан «Шыны?са? шымыр боласы?» атты іс-шараны? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(142) "mu-g-alimdier-arasynda-otkien-k-alalyk-sportakiadasynyn-saltanatty-zhabyluyna-arnalg-an-shynyk-san-shymyr-bolasyn-atty-is-sharanyn-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "174116"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424092085"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«Наурыз-жыл басы»"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryz_zhyl_basy"
    ["file_id"] => string(6) "364857"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480652128"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства