Мақсаты: Ертеден келе жатқан, ұмыт қалған қазақ халқының салт дәстүрлерін еске түсіріп, қайта жаңғырту.Оқушыларға көптеген мәліметтер беру.
Қатысушылар: 6 «а» сынып оқушылары.
Өткізілу түрі: Жарыс түрінде өтеді.3 баладан 2 топ құрылады.Қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді қауым, ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушылар.
Бүгінгі біздің «Ғибрат орталығы» бойынша тәрбие сағатының тақырыбы «Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі».
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай, тарихы сан қырлы, өзіндік мәдениеті, салт – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.
Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халқын сүйген - салтын сүйер!»
«Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі» тақырыбындағы тәрбие сағатының хаттамасы.
Мақсаты: Ертеден келе жатқан, ұмыт қалған қазақ халқының салт дәстүрлерін еске түсіріп, қайта жаңғырту.Оқушыларға көптеген мәліметтер беру.
Қатысушылар: 6 «а» сынып оқушылары.
Өткізілу түрі: Жарыс түрінде өтеді.3 баладан 2 топ құрылады.Қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді қауым, ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушылар.
Бүгінгі біздің «Ғибрат орталығы» бойынша тәрбие сағатының тақырыбы «Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі».
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай, тарихы сан қырлы, өзіндік мәдениеті, салт – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.
Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.
2-жүргізуші: Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардын бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.
1-жүргізуші
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2-жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-кезең.Әрбір топ 1конверт таңдап алып, онда берілген салт дәстүр түріне анықтама береді.
2-кезең.Сұрақ жауап ретінде өтеді.
Тыйымдар-халықтың тәлім-тәрбие ,үлгі-өнеге,ақыл кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.Бұл негізінен балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл,әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады.
1.Мықыныңды таянба (Жақын адамы қайтқан кісі мықынын таянып жылайды)
2.Үйге қарай жүгірме (Біреу қайтыс болғанда немесе хал үстінде жатқан адамға көаек беру керектігін хабарлауға асыққанда жүгіреді)
3.Тізесін құшақтамау (Бұл ешкімі жоқ адамдар ғана тізесін құшақтайды)
4.Үйде ысқырмау (Үйдің ырысын кетіресін)
5.Үлкен адамның жолын кеспе (1.әдепсіздік 2.жолы болмайды)
6. Жеті атаға дейін алысып,қыз беріспеу (Қан тазалығын сақтау)
1-жүргізуші
Қазақ осы-дала дейтін,күн дейтін, Қазақ осы «Өнер алды-тіл» дейтін. Қазақ осы-қарасың ба,ақсың ба, Қоңырсың ба,жатырқауды білмейтін
2-жүргізуші:
.Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
3-кезең. Мақал-мәтелдерді жалғастыру
1. Арашаға қоймасаң,
Арашашыға зар боларсың.
2. Өзі жарымағаннан сарқыт артылмас,
Сарқыт артылса да, жартып артылмас.
3. Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
4. Алты жыл аш болсаңда,
Атаңның салтын ұмытпа.
5. Ұят - иманның қабы.
6. Азасыз бата – мазасыз.
7. Алдыңа ас қойдым,
Екі қолды бос қойдым.
Қорытынды: Әр сайыстың қорытындысын шығару. Қатысушылар өз пікірлерін айтып кетеді.
1-жүргізуші: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
2-жүргізуші:Біз салт-дәстүрлерімізді құрметтей және сақтай отырып, өткен тарихтың бір күнін болса да көре аламыз.Біз өз ұлтымыздың рухын сенуге және даналығымен мақтана аламыз және өзімізді дана мәдениетті боламыз.
Егер біз өз халқымыздың салт-дәстүрін сақтамасақ біз өз ұлтымыздың мәдениетін мүлдем үмытып қалуымыз мүмкін және біздің кім екенімізді сезінбеуіміз мүмкін.Біздің міндетіміз өз білгендерімізді балаларымызға үйретіп,үлгі боларлықтай болуымыз керек.Өз отанымыздың патриоты болайық.