Просмотр содержимого документа
«Халық айтса қалт айтпайды»
Сабақтың тақырыбы: Халық айтса ,қалт айтпайды.
Сабақтың мақсаты :Қазақ халқының тыйым сөздерімен танысу,ұлағатты сөздерді оқушыларға ұғындыру арқылы ,олардан өнеге ала отырыпоқушылардың бойына ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Имандылыққа,ізгілікке,инобаттылыққа тәрбиелеу.Ырым-тыйымдарды өмірде қолдана білуге баулу,ұлттық дәстүрді сақтау,оны құрметтеу,ұрпақтың есіне салу. Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың дүниетанымын кенейту,есте сақтау, ойлау, сөйлеу,есту қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.
Коррекциялық мақсаты: Сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Дыбыстық түзету жұмыстарын жүргізе отырып нақ сөйлеуді қалыптастыру.
І Ұйымдастыру бөлімі : Амандасу.Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр . Қане ,балалар ,қонақтармен амандасайық. Балалар, барлық зейінімізді бері бұрайық .-Сен қалай естисің? Ой толғау. Сурет слайд көру. Суретке қарап нені ұқтындар ? -Ертедегі көшпелі қазақ өмірін көрдік. –Халқымыздың тұрмыс –тіршілігін көрдік. –Саятшылықпен айналысқаның көрдік. –Қазақ баласы жастайынан атқа шауып өскен
Ата –бабамыз дастарқан басында балаларына көрген-білгендерін көрсетіп ,айтып жаман әдеттерден тиып отырған. Бүгінгі сабағымызда ата дәстүрін жалғастырып сіздерді жаман әдеттерден аулақ болсын деп ,солардан қалған ырым-тыйымдармен танысамыз. Сабақ / тақыр. Халық айтса, қалт айтпайды.(Хормен оқыту,біртіндеп оқыту)Сөздікпен жұмыс Сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысу, мағыналарын түсіндіру.
Тыйым сөздер «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес » ... жауабы : жаман болады. Мал шаруашылығы –ата –бабамыздың кәсібі. Қазақ малмен байыған осыған байланысты төрт-түлік малға ырым шыққан. (Слайд көру.) Төрт-түлік малтуралы
1Түнде мал санама –мал өспейді. 2Мал сүйегін отқа жақпа-жоқшылыққа ұшырайсын. 3Малды теппе, ұрма – мал өспейді.
Осы кәсіп күні бүгінге дейін маңызын жойғанжоқ әсіресе ауылдық жерде малы көп адам -ең бай адам. Ертең сендер мектеп бітіресіңдер бәлкім біреулерің жеке шаруашылық ашар , фермер боларсындар ,мал ұстарсындар. Осы ырым-тыйымдарды естеріне сақтаңдар. Қазақ қонақжай халық .Үйге қонақ келсе мал сойған . Қазақ бала тәрби есін назардан тыс қалдырмаған. Келесі ырым-тыйымдар-
Балаға қатысты ырым-тыйымдар. Балаға ми жеуге болмайды-мидай былжыр, ынжық болып өседі. Балаға бұғана ұстатпаған –бойы өспей қалады. Үйге қарай жүгірме –жаман хабар келеді. Беліңді таяңба- туысы өлген адамдар белің таянады. Үйде ысқырма-ұрыс-керіс болады. Сынық айнаға қарама-бақытсыз боласың. Бас киімді тапама,лақтырма ,бөтен адамға берме-бастан бақ таяды,бас ауруына тап болады. Жақын адамға пышақ , мысық мылтық сыйлама- жақын адамдар ұрысып қалады. Қонаққа сынық кесемен шай берме –қонақты сыйламағандық. Ойын “Сен білесің бе? Сурет бойынша өздері ойлап табады.” Оқушылар өз ата-аналарынан естіп жүрген тыйым сөздерін айтады. Мына сурет қай ырымға сәйкес келеді?
Бекіту :Балалар, бүгін біз нелермен таныстық? Топтастыру.
Қорытынды Осы айтылған ырым-тыйымдар бекерге Ырымдар
айтылмаған,әрқайсысының тәрбиелік мәні бар.Әрқайсысы
өмір тұжырымынан алынған. Міне ,осындай өмір ережесін еске
ұстаған тәрбиелі балалар ешқашан жаман әдеттерге бармайды деп ойлаймын.