kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? жарысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс ж?ргізілетін б?л шара ?аза?стан халы?тары тілдері к?ні мерекесіне арнал?ан.Ма?саты- Тілдер к?ні мерекесіні? ма?ыздылы?ын сезіндіре отырып, ту?ан тіліне деген с?йіспеншілігін арттыру, с?з ?неріне баулу, тілді ?лтты? м?ра ретінде сезінуге, тіл м?дениетін са?тай білуге ?йрету,  тілімізді? ?адір-?асиетін бойларына дарыту.  Сайыс  "Б?йге","Тіл-?нер", "М?дени м?ра", "?дебиет айнасы", "?ызы?ты жетілік", "Жор?а" деп аталатын 6 б?лімнен т?рады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? жарысы»












ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Білекті бірді , білімді мыңды жығады


Мақсаты: Тілдер күні мерекесінің маңыздылығын сезіндіре отырып туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу

Тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білугеүйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту

Түрі: Сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, тапсырма қағаздар


«Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» Абай

«...халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс» Ғ.Мүсірепов

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры» Б.Момышұлы

«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын» Ахмет Жұбанов

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» Ш.Айтматов



Кіріспе.

Құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары!

Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді қазақ елінің биылғы «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тіл –халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол- қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Тіл туралы Заңда «Тіл –халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді. Осы мереке құрметіне аталып өткелі отырған ХХІ ғасыр көшбасшысы сайысына қош келдіңіздер.


Тілім менің –асылым, арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің?!

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жаным, демім.


Тілім менің –қазынам, қасиетім,

Қасиетім – бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме ,ана тіл, қасіретім.


Сайыс тәртібімен таныстыру


І тур - БӘЙГЕ

ІІ тур -ТІЛ-ӨНЕР

ІІІ тур - МӘДЕНИ МҰРА

ІҮ тур- ӘДЕБИЕТ АЙНАСЫ

Ү тур - ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕТІЛІК

ҮІ тур - ЖОРҒА


Сайысымызды көретін

Әділ баға беретін

Тілді биік ұстаған

Кең далама ұқсаған

Мәртебелі, еңселі

Қазылыққа сайлап

Құрметтеп отыр ел сені ,

-деп Әділқазы алқасымен таныстырайық!


Абай туған топырақтан жаралған

Әсем әуен, тәтті күйге бой алған

Өрендерді шақырайық ортаға

Өнерімен көпшілікке танылған


Сайыскерлерді ортаға шақырайық!

Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, -деп сайысымызды бастаймыз


І тур - БӘЙГЕ

Бәрін білгім келеді /Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады/


1-топқа

1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?/1989 22 қыркүйек/

2. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? /А.Байтұрсынов/

3.Фонетика нені зерттейді? /дыбыстарды/

4. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы /Абай/

5.Әз Жәнібектің қасында болған қазақ шешені кім? /Жиренше/

6. Сөз өнері сайысы /Айтыс/

7. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің авторы кім? /Абай/

8.Қазақ тілінде неше буын бар? /3/

9.Желтоқсан құрбандарын ата /Қайрат, Ләззат, Ербол,Сәбира/

10.Жүз жасаған жыр алыбы кім? /Жамбыл/






2-топқа

1.ҚР Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? /1997 11 шілде/

2.Қазақ балаларына европалық үлгіде мектеп ашқан кім? /Ы.Алтынсарин/

3.Қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады? /42/

4.Жұрнақ нешеге бөлінеді? /2/

5.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? /9/

6.Тәуелсіздік күні қай күн? /16 желтоқсан/

7.Лексика нені зерттейді?

8.7 жарғы заңдар жинағы қай ханның тұсында шықты? /Тәуке/

9.Сөйлем мүшесі нешеу? /5/

10.Қазақтың бас ақыны кім? /Абай/









ІІ тур - ТІЛ-ӨНЕР

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!


Тіл дегенім – түсіністік құралы

Тіл арқылы адам бәрін ұғады

Татулық та, бірлік, достық, береке,

Бәрі-бәрі осы ұғымға сыяды.



  1. Қабат-қабат қатталған

Асыл сөзбен апталған

Парағы бар сөйлейтін

Ол қазына өлмейтін. /кітап-...-.../


2.Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде /қалам-...-.../


3.Мұрты бар, сақалы жоқ

Тоны бар, шапаны жоқ /мысық-...-.../


4.Ерте тұрдым, алып ұрдым /есік-...-.../


5.Аяғы жоқ –жүреді

Аузы жоқ-сөйлейді /хат-…-…/


6.Теспес жерді тескен, сол тесікте өскен /тышқан-...-.../


7.Сүйексіз ғып жаратқан, жұртты аузына қаратқан /тіл-...-.../


8.Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды /автобус-...-.../



ІІІ тур - МӘДЕНИ МҰРА

Санамақты жалғастыр

1/ 1 дегенім –бесік

2-дегенім-

3-дегенім-

4-дегенім-

2/ «қорамсақ» сөзінің мағынасын айт /Садақ жебесін салатын қап/

3/ Сәнді бұйым жасайтын адам кім? /зергер/

4/ Батырлар жырындағы Гүлбаршын қай батырдың жары? /Алпамыс/

5/ Нағашы жұрт кімге қамқоршы? /жиенге/




ІҮ ӘДЕБИЕТ АЙНАСЫ

Өлең үзінділерінің авторын табу

Бұл қай ақынның өлеңі?


1.Сүйемін туған тілді-анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

/С.Торайғыров/


2.Туған тілім –тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін

/Ә.Тәжібаев/


3.Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып- ақ алыңдар

/Д.Әбілов/


4.Ал, екінші бақытым –Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

/М.Мақатаев/


5.Туған жері –түп қазығы ,айбыны

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр, салт-санасы –тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

/М.Шаханов/




Ү ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕТІЛІК


  1. 20. Математика

Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /Ұз.мен ен.көбейтеміз/

  1. 20. Музыка

Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма /күй/

  1. 20. География

Көкжиектің тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады? /компас/

  1. 30. Дене тәрбиесі

3 қарғып жүгіруден Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық /О.Рыпакова/

  1. 30. Тарих

Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады?/7 жарғы/

  1. 40. Қазақ тілі

«Тайға таңба басқандай» тұрақты тіркесінің мағынасы/анық/

  1. 40. Әдебиет

Балуан Шолақ Баймырзаұлының азан шақырып қойылған аты кім? /Нұрмағамбет/



ҮІ ЖОРҒА


1.Жылдан құр қалған жануар /түйе/

2.Басты байлық /денсаулық/

3.көру мүшесі /көз/

4.он екі ай /жыл/

5.,,Кел, балалар, оқылық!,, өлеңінің авторы /Ы.Алтынсарин/

6.9 мамыр қандай күн?

7.Жер бетінің қағазға салынған бейнесі /карта/

8.Абайдың әжесі /Зере/

9.Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан /масштаб/

10.ҮІІ Қысқы Азиада ойындары Қазақстанның қай қалаларында өтті? /Алматы, Астана/

11.,,Абай жолы,, роман-эпопеясының авторы кім?

12.Жыл басы /тышқан/

13.Жердің өсімдік өсетін қабаты /топырақ/

14.Қазақстандағы мемлекеттік тіл /қазақ тілі/

15.Орман дәрігері /тоқылдақ/

16.Ақ алтын /мақта/

17.Адам денесінің тірегі /қаңқа/

18.Үкіметті кім басқарады? /премьер -министр/

19.Есту мүшесі /құлақ/

20.,,Менің атым Қожа,, повесінің авторы кім? /Б.Соқпақбаев/

21.Жеті күн /апта/

22.Заттың қимылын білдіретін сөз табы /етістік/

23.Біржанмен айтысқан қыз /Сара/

24.Қобыланды батырдың тұлпары /Тайбурыл/

25.Түйенің пірі /ойсылқара/

26.Қазақстанға Лондон олимпиадасының жетінші алтынын алып берген боксшы 27.Жабайы аңдарды өсіретін жер /Қорық/

28.Адам үндес музыкалық аспап /қобыз/

29.Ең кішкентай құс /колибри/

30.Отау құрған ұлға берілетін үлес /енші/

31.Садақтың жебесін салатын /қорамсақ/

32.Жазықтағы қиылыспайтын екі түзу /параллель/

33.Алу амалын өрнектейтін белгі /минус/

34.Қазақтың тұңғыш ғарышкері /Тоқтар Әубәкіров/

35.Ұя салмайтын құс /көкек/

36. Заттың сынын білдіретін сөз табы /сын есім/

37.Бойы ұзын баланы кім дейді? /бойшаң/

38.Германияның жергілікті халқы /неміс/

39.Қиылыспайтын екі түзу /паралель/

40.Киіз үйдің төбесі /шаңырақ/



Қорытынды


Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!


Тіл-ата-бабамыздың аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру- баршамыздың парызымыз. Тіл тағдыры- барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.


Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек келді қазылардың бағасына


/Қазылар алқасына сөз беріледі/









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? жарысы

Автор: Жанахметова Галия Жанатовна

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314633


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства