Просмотр содержимого документа
«ХХІ ғасыр көсбасшысы»
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
1 жүргізуші:
Сәлембердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, студенттер. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыркөшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұксат етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де біркірпішдүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
2 жүргізуші:
1 кезеңБәйгеде:
1.Қатысушыларға қарапайым сұрақтар қойылады. 2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді. 3.Жауап жалаушаны көтеру арқылы беріледі. 4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды. 5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
1 жүргізуші:
2 кезең«Полиглотта»
Келді кезек полиглотты шешуге, Жауаптарды аударуға үш тілде. Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, 30 ұпай, шәкірт саған несібе.Бұл кезеңнің сұрақтары информатика пәндері бойынша қойылады.Толық жауапқа 30 бал. 2 кезеңде балы аз 2 студент келесі 2 кезеңге өте алмайды.
2 жүргізуші:
3 кезең «Дода»
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды. 2. Қатысушыларға төрт тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; балл беріледі. 3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 3, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. 4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді. 5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады. 6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады. 7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті. 8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
1 жүргізуші:
4 кезең «Кім жүйрік» балы жоғары 2 студент қалып сайсқа түседі.
«Кім жүйрік»ережесі бойынша студенттер жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Ең қиыны жарыстың «Кім жүйрік»келді, Мықтылары қалыпты жеңсін енді. Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай, Осы ойыннан көреміз ерен ерді..
2 жүргізуші:
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге, Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге. Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.