Тәрбие сағаттың мақсаты :. Қазақтың даласына алғаш мектеп салып, білімнің жарық нұрын шашқан Ы.Алтынсаринның еңбектерімен таныстыра отырып, балаларды Өмірбаянымен таныстырамын ;
2.Поэзия минуты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-пікірлерін қорытындылап
айту шеберліктерін дамыту;
3. «Әке мен бала»,«Жаман жолдас» үзінді оқып және оны түсіндіру.
4. Білімнің адам өміріне пайдасы туралы түсінік бере отырып, оқуға деген құштарлықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсаринның портреты,нақыл сөздер.
Қосымша материалдар: мақал-мәтелдер жинағы, «Айгөлек» журналы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Кітапханашы:1.Ыбырай Алтынсарин шын аты Ибрахим 1841-1889 қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,жазушы,этнограф,фольклоршы.Туып өскен жері –Қостанай облысының Қостанай ауданы,Арқарағай ауылы.Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады,үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі.1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды.1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып қазақатардан 30 бала алынады,солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады.Мектепті 1857 жылы бітіріп шығады. Алтынсаринның мектеп ашу,бала оқыту,ондағы тілім –тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып,белгіілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына,сонымен қатар ол өзінің педагогтік,тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай,оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады.Ы.Алтынсарин атындағы Қостанайда кітапхана,мұражайы бар.Ы.Алтынсаринның бірінші мектеп ашты Торғай жерінде онда 14 бала оқыды. Және әріптерді Ы.Алтынсарин жазды.
2.Енді балалар поэзия кешін бастайық.Балалар өз өлеңдерін жатқа айтады.
Кітапханашы:
Сонымен бүгін қандай маңызды өлеңмен таныстық.
- Ол кісі қазақ балаларын не деп оқуға шақырды? Тоқумен табылатын не дейді?
- Оқудың адам өміріндегі маңызы- оқу. Оқу да біздің еңбегіміз. Болашақта жақсы азамат болып өсуіміз үшін қазірден бастап ерінбей еңбек етуіміз керек, яғни жалықпай білім алуымыз қажет
Кітапханашы: Өлеңдерінде әрине Ыбрай А.балаларға таза ана тілін үйрету,өнер,білімге үйрету.
Кітапханашы: Балалар көп әңгімелері балаларға арналады.Соның үзінді әңгімесі «Әке мен бала»
Бір адам баласын ертіп,егіннен жаяу келе жатса,жолда қалған аттың ескі тағасын көріп баласына айтады.
-анау тағаны,балам,ала жүр-дейді
Бала әкесіне:
-Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын-деді.Әкесі үндемеді,тағаны өзі алды да,жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен,соған жеткен соң әкесі қайырылып,манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.Одан біраз жер өткен соң,шие сатып отырғандардан ол ұш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп,шетінен өзі бір –бірлеп алып жеп,әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым-ақ қызығып келеді екен,жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып,аузына салады.Біраздан соң және бір шие онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түсен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді.Ең соңында әкесі тоқтар баласына шиені орамалмен беріп тұрып айтады.
-Көрдің бе мана тағаны жамансынып,жэерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,енді сол тағаға алған щшиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.мұнан былай есіңде болсын. Аз жұмысты киынсыңсаң –көп жұмысқа тап боласың.,азға қанағат ете білмесең-көптен де құр боласың-деді.
-Бүгін Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» атты шығармасымен таныстық не түсіндіңдер?
-Баланың істегені дұрыс па?
-Неге дұрыс емес деп ойлайсыңдар?
-Әкесі баласына қандай сөздер айтты?
-Баланың мінездері ұнадыма?
-Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?
Кітапханашы:
«Жаман жолдас» әңгіме ұзінді
Екі дос келе жатады.Бұл екі кісінің біреуі әлсіз екен екіншісі мықты,жас жігіт.Бір кезде алдарынан аю шығады.Жас жігіт аюды көріп әлсізді тастап кетіп үлкен ағашқа мінеді. Әлсіз,ауру жігіт шығалмай құлап түседі де өлген кісідей жатып қалады.Аю жатқан кісіні иыскелеп,дыбысы шықпағасын кетеді. Жас жігіт ағаштан түсіп аурудан сұрайды. Аю құлағыңа не сыбырлады. Екінші рет сен онымен жолда болма.
Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа.
Сөзжұмбақты шешу.
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
2.Қазақстанның елордасы. (астана)
3. Н.Ә. Назарбаев кім? (президент)
4. «Герб» сөзінің аудармасы. (елтаңба)
5. «Народ» сөзінің аудармасы. (халық)
6. «Независимый» сөзінің аудармасы. (тәуелсіз)
7.Қазақстанның ұлттық валютасы. (теңге)
8. «Гимн» сөзінің аудармасы. (әнұран)
9. «Родина» ? (Отан)
- Негізгі қандай сөз? Қазақстан.
Мақал-мәтелдер кім айтады білім туралы
Балғожа баласы Ыбырайға оқып жүрген кезінде жазған хаты:
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;
Ата - анаң өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің
8. Қорытынды:
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ыбырай неше жасында әкесі қайтыс болды?(4ж)
-Балғожа деген кім? Атасы
- Мектепті қай жылы бітіріп шығады? 1857ж
- 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? 14 б
- ең алғашқы кітабы ?қазақ хрестоматисы
- Ы.Алтынсаринның өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиеленді ? білімге
Адамға ақыл беретін кімдер-депті бір қария жас жігітке
-Ана тілі ғой ақыл беретін депті жігіт
-Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін ата-ана,ұстаз,досы екенін ұмытпа.Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне айтады.Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.адамға ақыл беретін адал дос.Адал дос.Адал дос ақылшың,ақылшы дос –жақының.Досы көптің табысы көп,табысы көптің жақыны көп.Достықтың көзі ақылдан басталады-депті қарт.Ендеше осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.