Жа?а жыл – ?лемдегі ?уаныш?а толы е? ?ажайып мерекелерді? бірі. Жа?а жыл си?ырлы, ?рі ?айталанбас та??ажайып мереке. Б?ріміз келе жат?ан жа?а жылдан жар?ын ертегі, жа?а ба?ыт к?теміз.
?аза?тар ?шін 'Жа?а жыл мерекесін наурызды? 22-сінде, к?н мен т?н те?елген ?асиетті мезгілде бастал?ан. Т?рлі тарихи басылымдарда Жа?а жылды ?шекейлі шыршамен ?арсы алу д?ст?рін Ресейде 1700 жылы ?а?тарды? 1-інде I Петрді? енгізгені, д?л осы жылы Ресейде жа?аша жыл санау бастал?аны, I Петрді? ?зі бас?ар?ан М?скеудегі мейрамны? та??а дейін созыл?аны жазылып ж?ргенімен, бір?атар этнограф-тарихшылар ?ыпша?тарды? шырша мерекесі бол?анын, Жа?а жылды? – к?шпелілерді? де байыр?ы мейрамы екенін жазады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«КЕЛ, ЖА?А ЖЫЛ, ИГІЛІКТІ,ІЗГІЛІ...»
Күні: 27.12.2013
Уақыты:12.30
Орны: Спорт залы
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда бойларында бар өнерлерін ортаға салуға, еңбектенуге үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Жауапкершілікке, шығармашылыққа баулу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Барысы
Музыка
Сыныптар спортзалына сынып жетекшілерімен кіреді. Екі жауапты сынып оқушылары кіре берісте 7-8 сынып оқушыларын қарсы алады. Конфетти, қар шашу. 7-8 сыныптар залдың екі жағына бөлініп тұрады.
Би (жауапты би мұғалімі)
Фанфары
Сахнаға 4 жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!
2-жүргізуші:Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
3-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
4-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Жылқы жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Сулейменов Жомарт Нұртайұлын ортаға шақырамыз! (5 минут)
1-жүргізуші:Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші бала ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. Ұлдар триосының орындауындағы «Жаңа Жыл» әні. Қарсы алыңыздар!
Ән орындалады (4 минут)
2-жүргізуші:Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
3-жүргізуші:Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
4-жүргізуші:Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Ұзатып сап Жыланды,
Қарсы алайық Жылқы жылын!
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Хормен: Келсін, жылан келсін...
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Армысыздар, ағайын!
2- жүргізуші: Иә, Жылан қайда тарттың?
Жылан жылы:
- Тарих қойнауына. Осы жерде Жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы болуға, ел тілегін орындауға ант етемін.
Жылан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
3-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
4-жүргізуші:Жылқы - қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.
1-жүргізуші:Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
2-жүргізуші:Ұшып жүру үшін де
Жаралған бұл мүсін бе?!
Сезімталы осы мал
Төрт түліктің ішінде.
Сақтаған ғой ол бұрын
Батырлардың ғұмырын.
Жер түбінен естиді
Жау мен жылқы дүбірін.
3-жүргізуші:
Қайран жылқы!
Бұл әлі -
Қасиеттің бұлағы.
Тұяғымен естиді,
Естімесе құлағы!
Оларға да керегі
Жылы лебіз дер едім.
Кім бар, кім жоқ артында
Бұрылмай-ақ көреді.
4-жүргізуші:
Керек сенің еліңе,
Құлын байла желіге.
Кірпияз да талғампаз
Суың менен жеміңе.
Тұлпар болар бір құлын
Неге татыр
Біл құнын!
Үлкен жүрек жоқ малда
Жүрегіндей жылқының!
2-жүргізуші:Қабдолла Диананың орындауында «Жаңа Жыл» әнін қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Жылан жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. (2013 жылғы мектептің жетістіктері баяндалады) (8 минут)
2-жүргізуші:Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 5 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар.
3-жүргізуші:Ендеше, Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келгенше, барлықтарыңызды би өнерін тамашалауға шақырамыз!
Би (жауапты би мұғалімі)
4-жүргізуші:Рақмет, достар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)
1-жүргізуші:Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)
2-жүргізуші:Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
3-жүргізуші:Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген сәлемдеріңізді алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
(Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).
4-жүргізуші:Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
1-жүргізуші:Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.
2-жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.
3-жүргізуші:Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 7 а сыныбының жас таланттарын шақырамыз! Назарларыңызға үнді биін ұсынамыз.
4-жүргізуші: 8 б сынып оқушыларының орындауында сыған биін қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырамыз.Сіздерге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.
3-жүргізуші:Ал енді кезекті келесі ойынға береміз.Әр сыныптан бір оқушы шығады. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған қапшық ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер қапшықтың ішінен қағазды алып, жазылған тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.
Музыка ойнап тұрады.
4-жүргізуші: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушыларды жылы сөздер айтып, Жаңа Жылмен құттықтау керек.
3. 7,8 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
5. Жіпке ілінген кәмпиттерді қиып алу.
6. Арқанды аттап өту.
7. Келесі ойынға қатысу үшін әділқазыларды ортаға шақырамыз.
Аяз Ата сыйлығын береді.
1-жүргізуші: Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.
2-жүргізуші: Ал, енді,келесі ойынымызға қатысу үшін әр сыныптан бір қыз,бір ұлдан ортаға шықсын. (Қатысушылар шыққасын) Бұл кезекте би жарысы. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған сынып жеңімпаз атанады. Бастайық!
Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-ча-ча
1-жүргізуші: Көрермендердің дауысын көп алған сынып жеңімпаз атанады. Жеңімпазды таңдайық: 7 а ( 7 ә, б, 8а,ә, б) сыныбына қошемет көрсетейік.Сіздердің қошеметтеріңізге қарағанда сыныптар достығы жеңді.
Ақшақар: Балалар, барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып шырша әнін айтайық. (Хоровод - әр сынып жеке )
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!
Хормен: Сау болыңыздар!
3-жүргізуші:Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
(Әділқазылар сөйлейді)
4-жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1-жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
3-жүргізуші:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
4-жүргізуші:Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты
7-8 сыныптарға арналған Жаңа Жыл кеші
Кел, жаңа жыл, игілікті,ізгілі...
Жауаптылар: Жусупова М.М., Аусагатова В.А.
2013-2014 оқу жылы
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда бойларында бар өнерлерін ортаға салуға, еңбектенуге үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Жауапкершілікке, шығармашылыққа баулу.
Биіктерге құлаш сермейді,
Шарықтап көкке өрлейді.
Өтсе де қанша ғасырлар,
Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар!
"Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)
Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9 сынып оқушысы ... микрофон ұсынамыз!
Ән: Мерекелік ән орындалады
Қыз: Ақынбыз асау - біз деген,
Өмірден сәуле іздеген.
Қызыл көйлек кигенім,
Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар 10 сынып оқушыларының өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік!
Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.
(Аяз Ата өз сыйлығын береді)
Жігіт: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән орындалады
Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.
Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар
Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча
Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады.
Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!
Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!
Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2014 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.
Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы ... ал Ханзадасы ... Қане, қошемет білдірейік.
Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
- Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/шығыс биі/
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/
Би: “Шарара” 10а қыздары
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./
2-жүргізуші:
- Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/
1-жүргізуші:
-Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН /
соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. /
2-жүргізуші:
- Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін...
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Жылан қайда тарттың?
Жылан жылы:
- Тарих қойнауына. Осы жерде Жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.