Адылбекова Толкын Есенгазыновна, педегог-организатор гимназии №37 города Семей ВКО
?кем, шешем ж?не мен
Ма?саты: Салауатты ?мір салтын ?алыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт м?дениетін ке? тарату. О?ушылар мен ата - аналар?а с?лу да сымбатты, денсаулы?ы зор, к?шті болу ?шін денені шыны?тыру, спортпен айналысуды? ?ажет екендігін т?сіндіру. ?тілетін орны: Спорт залы К?рнекілігі: т?рлі - т?сті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ыс?ыры?, уа?ыт ?лшеуіш.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?кем, шешем ж?не мен"»
Әкем, шешем және мен
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушылар мен ата - аналарға сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Өтілетін орны: Спорт залы Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға? Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда.-дегендей,бүгінгі сайысымызға өздерінің бақтарын сынауға 4 сынып оқушылары мен белсенді ата - аналарымыз қатысқалы отыр.5 отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысатын отбасыларын Қошеметпен ортаға шақырамыз. Ұстанған салауатты өмір салтын, Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, Болашақ спортшылар келді ортаға Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым! (әр отбасы орындарына келіп тұрады) 1 - топ: Қақармановтар отбасы 2 - топ: Акатовтар отбасы 3 - топ: Серғазылар отбасы
Әр топ өздерін таныстырады.
Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Досжанова Ғалия Әубәкірқызы.
2.Қосымша білім беру педагогы-Тұңғатова Жаңыл Қадылханқызы. 3. Психолог –Суюндыкова Айжан Асқарбекқызы
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор. Спорт - денсаулық кепілі десек, «Әке, шешем және мен» отбасылық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады
1 - кезең: «Кедергілер арасымен жүгіру» Шарты: Ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт. Әділқазылар алқасы 1-кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
2 - кезең: « Кенгуру» Шарты: Допты аяқтың арасына қысып секіру. Әділқазылар алқасы 2- кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
3 – кезең: « Қапшықпен секіру»
Шарты: Қапшықты түсірмей секіру. Әділқазылар алқасы 3-кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
4 - кезең: «Кім жылдам?»
Шарты:Әкелер шарды жарып алмай үрлейді. Аналар шарды апарып іледі. Балалар шарды жару арқылы ішіндегі математикалық амалдарды орындайды. Әділқазылар алқасы 4-кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
5 - кезең: «Арқан тарту» Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады Әділқазылар алқасы 5- кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
6 - кезең «Кім епті?»
Шарты: Допты торға дәл түсіру керек. Әділқазылар алқасы 6-кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
7- кезең«Кім мықты» «Гир көтері 16 кг»
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.. Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- демекші Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!