мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру; Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру; Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Керек кәсіп бәрә де" тәрбие сағаты»
Тақырып: «Мамандық таңдау маңызды іс» Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру. Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту. - Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу. - Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа форматты
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,бейнебая
1.Қызығушылығын ояту
5 -мин
Диалог құру
Ой қозғау
Жалпы ес білгелі кез келген адам өз - өзіне
«Мен кіммін?»,
«Осы өмірдегі менің орным қандай?»,
«Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек. Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Оқушылар сендерге сұрақ қояйын.
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
ата — ананың ақылы
достарыңның ақылы
мұғалімнің ақылы
қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
дарының, мүмкіндігің, қабілетің
жақын аймақтағы оқу орнының болуы
жалақысының көп болуы
Ассоцяция Өздеріне қажет деген сөздерді теріп жазады
Оқушылардың комментариясы
3мин
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам – техника,
адам – адам,
адам – белгі жүйесі,
адам – табиғат,
адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер
Жаңа ақпаратты түсініп,өздеріне ой түйіндейді
Осы мамандықтардың сәйкесін табады
1.
7 мин
СТО, Диалог
Диалог
Сонымен мамандық дегеніміз не?
Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Сұрақ- жауап :
топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Мақалды аяқта:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
«Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады»
Күтілетін нәтиже:
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Мамандық таңдаудың адам өмірінде маңызы зор,шынайы таңдаған адам бақытты болады.
5мин
Топтық жұмыс
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Өз ойларын айтып,білген түйгендерін ортаға салады
7 мин
СТО
«Өмірмен байланыс» бөлімі. Өздеріңнің туған Алматы қаласында қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?
Қала экономикасын көтеру үшін, қалаға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
зерттеушілік әңгімесін жүргізеді
5мин
СТО
Диалог
Топтық жұмыс
Мен қазір... Қай пәнді сүйіп оқисың? Қандай маман иесі болғың келеді? Мен 3-жылдан кейін... Қандай оқу орнын таңдайсыз? Қандай мамандықты? (Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?)
Зерттеушілік әңгімесін жүргізе отырып бір шешімге келеді
Ой толғау
10мин
Тренинг
«Қол мидың жалғасы».
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз. Жауап. 1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз. 2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол. 3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз. 4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз. 5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
Қағазға алаұандарының суретін салып, сызып өздеріне тиесілі мінездемені тыңдайды,қорытынды шығарады
Рефлексия
«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы Өз ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін келесі топқа сыйлау. Пікірлесу, талдау: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадың, ойландыратын жағдай болды ма?
Білген түйгендерін айтады және бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтады
Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңа тілектестігімді білдіремін!
Ашық тәрбие сағатының жоспары 10в
Тақырыбы:Мамандық таңдау – маңызды іс
Мақсаты: Оқушылардың болашақта мамандықты дұрыс таңдай
білуіне бағыт-бағдар беру,әр кәсіптің қызығымен қатар
қиындығы да болатынын жете ұғындыру.
Міндеті:Жеке тұлғаға кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі
Сауалнама « Сенің кәсіби ой – ниетің » және оның қорытындысы.
Оқушылрдың таңдаған мамандықтары:
Дәрігер – 4 биология
Теміржол қызметкері – 5 физика
Мұнай өндірісі саласы - 5 физика
Жергілікті басқару - 1 география
3. « Менің болашық сүйікті кәсібім »
Ойтолғау : - Менің болашақ мамандығым
« Менің арманым »
« Менің өмірдегі орным .»
Әр кәсіптің өз ерекшелігі бар.
Дәрігер
Теміржол қызметкері
Мұнай өндірісі
Журналистика
Жергілікті
Тұжырымдар туралы ойбөліс
1.Мамандық бір – ақ рет біржола таңдалады.
2.Мамандық адамның қабілетіне,бейімділігіне байланысты таңдалады.
3.Мамандық таңдау « қалтаның қалың болуына» байланысты.
4.Отбасы мен достардың ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
5.Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.
6.Ақса болса мамандық қажет емес.
7.Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
8.Таңдайтын мамандығымды болашақтағы табысым анықтайды.
9.Мамандық таңдау – күн көріс қамы.
10.Мамандық таңдада қателікке жол бермеу керек.
4 «Қазіргі заманға сай кәсіптер туралы не білеміз ?» ( Оқушылар анықтамалырын айтады)
Заң - Заңгер
Банк - Банкир
Коммерция – коммерсант
Бизнес - бизнесмен
Агент – Маркентинг – Менеджер – Нотариус
Ата – аналарға арналған сауалнама,оның қортындысы,жадынама.
Қарапайым,күнделікті өмірде қажетті кәсіптер.
№ 3 Құрманғазы ауданының кәсіптік техникалық лицейі туралы бейне көрсетілім.
5. « Айқын мақсат адастырмайды .»
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе,қарма оңдап.
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппеннен қазынаңды үстегін.
Кісі танымақ болсаң,ісіне қара,
Өз күшін жеткенше,өзің үшін аянба.
Ерте тұрып,кеш жат ұйқын қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады.
Жүсіп Баласағұн
Оқушылардың қортынды сөздері.
IV.Қорытынды.
« Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.»
Жүсіпбек Аймауытов
Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі.
Бекітемін:__________ Тәрбие ісінің меңгерушісі:Е.Ибадуллаев Күні:21.11.2015 жыл. Тақырыбы:»Мамандық таңдау-келешекке бастау» Мақсаты: ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануи білуге үйрету. Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер,интербелсенді тақта. Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты Сабақтың әдісі: әңгімелеу, пікірталас, топтық жұмыс, Сынып жетекшінің сөзі: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау-келешекке бастау» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай, Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар екен . Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Өскенде кім болғың келеді?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Неліктен? Шындығына келгенде, мамандық таңдау мәселесі, әсіресе, біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы, мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Сөз кезегін Досаева Гүлханға ұсынамын. Жүргізуші:Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу! демекші,- Құрметті қонақтар, бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер! Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Біздіңше, жақсы маман болу үшін ең алдымен, өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде, өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.! Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін. 1. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы- Б. Дүйсембиев 2. Ауылдың мәдениет үйінің директоры-Ж. Сыздықов 3.Ауыл дәрігері- М.Әмірбекова 4.Тігінші-Айсалқын апай 5.Мектеп аяжаны: А.Сәдібекова Енді сөз кезегін осы тақырып аясында мағлұмат беру үшін мектебіміздің кәсіби бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Абуова Ақмарал апайға береміз. Ән көңілдің ажары демекші, Тұрысбек Таңсамалдың орындауында «Жан әке» әнін қабыл алыңыздар! Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз. Әсмепаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан, деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Сонымен құрметті менің сыныптастарым! Сіздерге сұрақ қояйын. 1.Мамандық дегенді қалай түсінесіздер? 2. Жәнеде қандай мамандық иесі болғыларыңыз келеді?( жеке-жеке сұрап шығу) Оқушылардың пікірлері сұралады Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда; Адамның болашаққа апаратын жолы; Адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі; Белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; Адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады. Енді сіздердің пікірлеріңізді тыңдай отырып, келген қонақтарымызбен бірге, «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында постер жұмысы. Сыныптастар өз жұмыстарын жасап болғанша, біз 11-сыныпты бітіргелі отырған аға-әпкелеріміздің пікірін тыңдасақ. Сұрақтар: 1. Сіз болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба? 2. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесіз? 3. Таңдаған мамандығыңыз заман талабына сай ма? Мамандық таңдауда ата-анамен , отбасы мүшелерімен, ортамызбен ақылдасу арқылы да пікірлесеміз.
«Өмірмен байланыс» бөлімі. Сынып оқушыларына сұрақ: Өздерің өмір сүретін Бесарық ауылына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар? Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Қонақтарға сұрақ: 1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз? 2. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? 3. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? 4. 4.Қазіргі заманның табысты мамандары кімдер? Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар: «ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК». ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі; ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі; ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі. Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады. Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй деп, Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекте сері жігіттеріміз Әділбек пен Бақдәулеттің орындауында «Шофер әні» Постер қорғау. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады. Оқушылар слайдтарға тоқталады. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Ата-анаға сұрақ:.Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар? Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Келесі кезекте Ән «Анаға ақ тілек» орындайтын Досаева Гүлхан
Ұстазға сұрақ: Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді? Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай атамыз айтқандай, кезекті әнге берейік. Ән:*Ұстазым* орындайтын Жандабаева Балауса Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы ( оқушылар бір-біріне тілек айту)
Қорытынды: Мамандық таңдаудың 7 қадамы. Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!
Барлығы бірге: «Елдің ертеңі біздің қолымызда»
Сценарийді дайындаған: Қ. Нұртазаева Тәрбие.орг сайтынан Мамандық таңдау-келешекке бастау Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Авторы: Нуртазаева Калдыкыз Сарсенбаева
Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, Бесарық бекеті №247 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді ойлау
Мақсаты:
білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту,
Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
.Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады .)
— Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?
— МАМАНДЫҚ
— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса кешіміздің тақырыбы
«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау».
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады
Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
2. «Білеміз бе?»
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар
І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз
3. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
4.Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
5.Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба?
Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.
6.«Мамандықты тап» сергіту сәті.
«Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
____________ мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын баланың,
Бенсаулығын ананың.
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол ток берген.
ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын
Мен арқылы өткерген. (Инженер)
Бойында шымыр алаулаған жалын,
Жақсылық жайы толғандырған жанын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)
Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы)
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.
Жақсылық хабар әкеліп,
Алыс -жақын туыстан.
.(Пошташы)
Оқу- білім арнасы,
Кім ол- оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)
7. «Жағдаяттық сұрақтар». 1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
9. «Ең жақсы мамандық» ойыны.Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады: Ең ақшасы көпмамандық
Ең жасыл мамандық Ең тәтті мамандық Ең жауапты мамандық
Ең салмақты мамандық
Ең қарым-қатынасы күшті мамандық
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Әр оқушы өздерінің таңдаған мамандықтары туралы слаид жасап, қорғайды.
11.Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық. — Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма? Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
Осы кештен не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
12.Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамыз13. Рефлексия. «Тілектер ағашы »Гүл құмырасындаағаш отырғызылған
Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына »ілеміз.
Бүгінгі кештен алған әсерлерің.
Болашақтағы жоспарларың
Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар. Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін