kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кездесу кеші: «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жерлес  ағамыз Мұрат  қажы  Ідірісұлының  "Сағындым  әке  исіңді" атты  кітабының  тұсаукесері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кездесу кеші: «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі»»

Кездесу кеші: «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін ортамызға жерлес ағамыз Мұрат қажы Ыдырысұлы келіп отыр. Қош келдіңіз!

Жүргізуші: Адам ғұмыры бұлқынып аққан бұла бұлақ іспетті. Айырмасы ағын судан із қалмас. Ал, адамнан кейінгіге ғибрат, өскелең ұрпаққа өнеге боларлық сонылы соқпақ, бедерлі із қалмақ. Бәрінен емес, әрине. Білімдісінен, біліктісінен. Білімдісі дегенде заманауи білім емес, әуел баста жаратқан ие көкірегіне титімдей сәуле дарытқан білім. Ол білім жинақтала, қалыптаса келе, халқына қызмет етпек.

Жүргізуші: Көкшенің бір ардақты перзентінің бейнесін сомдауда өзінің қанатты қарқын қуатын танытып, ақиқатшыл көңіл көкжиегін кеңейте түскендігін байқататын ақын Қорғанбек Аманжоловтың «Мұрат қажы» толғау – дастаны өзіңізге арналады. Оқитын 11-сынып оқушысы Құсайынова Диана.

Жүргізуші: «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі» атты кездесу кешіндегі кітап авторы Мұрат қажы ағамыз үлкен өмірдің соқтықпалы – соқпалы жолынан өткен, мол тәжірибе жинақтаған адам. Сондықтан да, өз көкірегінде түйіндеп, жүрек сүзгісінен өткізіп, ар таразысына салып салмақтаған, сүзген ой-пікірлерін зерделі де зерек оқырман қауымға ұсынбақ оймен «Сағындым әке исіңді» атты жыр жинағымен таныстырмақшы. Сөз кезегі өзіңізде.

Жүргізуші: «Сағындым әке исіңді» атты жыр жинағы 3 бөлімнен тұрады:

І бөлім : «Мендегі жүрек сөйлесе»

ІІ бөлім: «Ар сөзін айттым ақтарып»

ІІІ бөлім: «Ұрпағым – менің қазынам»

Жүргізуші: «Мендегі жүрек сөйлесе» бөліміндегі жырлары көңілде сарытап сағыныштың кілкіген қатпарларымен мәңгі өлместей, мәңгі өшпестей сақталып қалған бұлыңғыр бейнелер. Кей тұсы тіпті бұлыңғыр емес, анық, айқын суреттер. Ол суреттерде қиыншылықпен өткізген балғын шақ, балауса кезеңдер, бір түп жусанның көлеңкесінде қалған, енді қайтып келмейтін балалық шақ. Сол кезде күміс сақалы алқымын жапқан, кеудесіне халқымыздың арын, азбайтын қыруар қазынасын жинаған кемеңгер қарттар,иманды әжелер, ел ішінің көрінісі, қилы-қилы мінездер, кейінгі жас үлгі тұтар, өнеге алар асыл қасиеттер.

Енді сөз кезегін оқушыларымызға берейік:

«Қырда өскен бала едім» өлеңін 5-сынып оқушысы Қайыр Жасқанат, 10-сыныптан Какимова Күмісжан «Сағындым әке исіңді»,

8-сынып оқушысы Жұмабаева Айдана «Сәуленің ақ шұғыласы»,

10-сыныптан Сатыбалды Гүлжан «Артық туған азаматсың» ,

5-сынып оқушылары Балтабек Гауһар мен Камидуллина Дильназ «Ауылым алтын қанатым толғауын» оқиды.

Жүргізуші: Ұзақ жылдар бойы әділет үшін алысып, шындық үшін күресіп жүрген ағамыздың қаламынан туған кең тынысты, келісті жырлар алдымен адамгершілікті қамтиды. Жақсыдан үлгі алуға айнымас анық бағыт сілтейді. «Ар сөзін айттым ақтарып» бөлімінен алынған жырларына кезек береміз.

«Кәмәл замандасқа», оқитын 5-сынып оқушысы Сағынбай Нұрлыбек.

«Ұстаз бұл жүзіне нұр ұялаған», оқитын 5-сынып оқушысы Ташев Нұрсұлтан.

Жүргізуші: Жыр жинағында отбасына, кейінгі ұрпаққа деген әкенің, таң нұрындай шуақты, Сарыарқаның самалындай қуатты тілегі бар. «Ұрпағым -– менің қазынам» бөлімінен алынған жырларына тоқталайық.

8-сынып оқушысы Құсайынов Айдос «Самға, жас қыран» өлеңін оқиды.

5-сыныптан Хамитова Томирис «Еліңнің еркесі бол» өлеңін оқиды.

Жүргізуші: Сөз кезегі қарт ұстазымыз Қабиден Байтасұлына беріледі.

Жүргізуші: Өмір сорабында,айшықты іздерінде осындай ауқымды еңбегі бар Мұрат қажы ағамыздың ғұмыр соқпағы таудан аққан тас бұлақтай айнала жағасындағы көк өскіннің тамырына нәр, бойына қуат бітірген қасиетімен ерекшеленеді.

Жүргізуші: Мектеп директоры Сәрсенбек Балтабекұлына беріледі.

Жүргізуші:Келешекте сізге шығармашылық табыс,отбасыңызға береке, деніңізге саулық тілейміз. «Өсер халықтың қанаты –оның өнері..., Дүниеде түрлі өнер көп, өнерді тапқан шебер көп» -деп С.Дөнентаев айтқандай,өнердің биік өрінен көрініңіз.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі» атты кездесуіміз аяқталды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кездесу кеші: «Жыр – жүректің сөзі, жүректің лүпілі»

Автор: Шуленова Баглан Шуглиновна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394261

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Ма?жан -жыр ж?лдызы" шы?армашылы? кеші "
    ["seo_title"] => string(46) "mag-zhan-zhyr-zhu-ldyzy-shyg-armashylyk-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "184027"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425988232"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«?лы Же?іске  - 70 жыл» "
    ["seo_title"] => string(26) "u-ly-zhien-iskie-70-zhyl-6"
    ["file_id"] => string(6) "245898"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446229056"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жыр жазамын ж?регімнен.Шы?армашылы? ж?мыс. "
    ["seo_title"] => string(52) "zhyr-zhazamyn-zhurieghimnien-shyg-armashylyk-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "159318"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421867879"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства