Кітапхана "О,таби?ат тамылжы?ан жырымсы?" атты м?нерлеп о?у сайысы
Кітапхана "О,таби?ат тамылжы?ан жырымсы?" атты м?нерлеп о?у сайысы
№262 мектеп –гимназия кітапханашыларыны? ?йымдастырумен 5 – 7 сыныптар арасында?ы
«О, таби?ат тамылжы?ан жырымсы?» атты м?нерлеп о?у сайысыны? сценарийі.
Ма?саты: о?ушыларды? таби?ат туралы білімдерін молайту, таби?атты ?ор?ау ?р адамны? міндеті екенін ??ындыру, таби?атты ?ор?ай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялы? білімі мен м?дениеті жо?ары жа?а ?рпа? т?рбиелеу сайыс саба?ты? ма?саты болса, адам мен таби?атты? тылсым ??діреті, оны? адам тіршілігіне ?сер-ы?палы туралы т?сінікті ке?ейту, ту?ан таби?атты? ?ажап к?ріністерін са?тай білуге, аялап, с?юге т?рбиелеу.
Ж?ргізуші: Ж?мба?ы мол таби?ат?а б?ріміз де баламыз,
Сол себептен ?лдилейді жаратылыс-анамыз!
Адам мен таби?ат ?р?ашанда егіз. Таби?атты ?ор?аушы?, асыраушы? деуге болады.
Ата-бабамыз «жер ?азына, су –алтын, мал- балы?» деп ?сиет айтып келгені тегін емес.
Таби?ат пен жер –ананы с?йе білу, оны аялау адамны? азаматты? борышы.
Таби?ат адам ?міріні? барлы? ?ажетін толы? ?тей алу ?шін ол міндетті т?рде еште?емен был?анып уланба?ан болуы тиіс. Таби?атты? тазалы?ын са?тайтын да, оны был?ап улайтын да адам. Адам ?зіні? де, таби?атты? да досы, санасыз іс- ?рекет жасаса, жауы бола алады.
Экология – б?кіл адамзат баласыны? шалыс бас?ан іс-?рекетіне келешекте шек ?оятын, оны? тыныс-тіршілігіне тікелей
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кітапхана "О,таби?ат тамылжы?ан жырымсы?" атты м?нерлеп о?у сайысы »
атты мәнерлеп оқу сайысы
№262 мектеп –гимназия кітапханашыларының ұйымдастырумен 5 – 7 сыныптар арасындағы
«О, табиғат тамылжыған жырымсың» атты мәнерлеп оқу сайысының сценарийі.
Мақсаты: оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу сайыс сабақтың мақсаты болса, адам мен табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы түсінікті кеңейту, туған табиғаттың ғажап көріністерін сақтай білуге, аялап, сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жұмбағы мол табиғатқа бәріміз де баламыз,
Сол себептен әлдилейді жаратылыс-анамыз!
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады.
Ата-бабамыз «жер қазына, су –алтын, мал- балық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Табиғат пен жер –ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбаған болуы тиіс. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс- әрекет жасаса, жауы бола алады.
Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей
Мақалдың жалғасын табу.
«Күте білсең, жер жомарт», «Жері байдың - елі бай», «Сулы жер – нулы жер», «Су біткен жерде, өмір де бітеді», «Ер елдің көркі атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
, орман-тоғай жердің көркі», «Ер елдің көркі, орман – тоғай жердің көркі», «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»
Сұрақтар: қазақ әдебиетінің дара тұлғасы Абай атамыз табиғат суретшісі деп аталатынын білеміз. Абай атамыз табиғат суретшісі деп аталатынын білеміз. Абай атамыздың табиғат көрінісін суреттеген қандай шығармаларын білесіңдер?-
«Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Жазғы тұры», «Қыс» міне балалар осындай көптеген шығармалары бар.
5 а сынып оқушысы Сабашова Жансая
Аялаймын тау демей, теңіз демей
Құрағын да қураған қобыз көмей
Қай түкпіір болса да дүниенің
Тұра ала ма адамзат сені іздемей?
Аялаймын төбеңді, ылдыиыңды
Сексеуілің, жусанның, жыңғылыңды.
Жұлдызыңды, айыңды
Көкжиектен
Көтеріліп нұр шашқан нұрлы күнді
Сүйем сенің аңыңды, құстарыңды
Көктеміңді, жазыңды, күзіңменен,
Шыңдайтығұн қаһарлы қыстарыңды.
өтсе-дағы сүреңсіз күніміз кей
құдірет күш жоқ жаһанда түбі біздей
аялаймын жаныммен
байланысқан
он сегіз мың ғаламның қылын үзбей.
5 б сынып оқушысы Бозжігіт Айсана
Тауға барғанда
Тау ішінде, өзеннің жағасында
Отырмын мен ағаштар арасында
Шабыттанып, еріксіз ән саламын
Қарап қойып аршалы дара шыңға
Алатаудың қызықтап аршаларын,
Таза ауаның жұтамын бал шарабын
Көкірегім ашылып, көңілім сергіп,
Басылғандай қалжырап шаршағаным.
Алатаудың көрдің бе сілемдерін,
Алуан гүлді көк жасыл кілемдерін
Аңғарынан аңқылдап аймалаған
Сездің бе сап-салқын жібек желін?
Қарадың ба өзенге сарқыраған
Күн нұрына шағылысып, жарқыраған
Мұздай мөлдір суына жуындың ба
Қандай рахат табарсың артық одан.
Керемет қой тау ішін араласаң
Бұталы сай, медеу мен алма Арасан
Құр қалғандай боласын бар қызықтан
Тауға жазда баруға жарамасаң
Тау өзенін сүйемін күркіреген
Салқын лебі жанымды сілкілеген
Тауға барсам, ашылып көкірегім
Ағыты
Алып кетеді-ай, шіркін, өлең.
5 в сынып оқушысы Разақова Гүлжанат
«Табиғат тынысына» тілек
Құрбан етем халқым үшін өзімді
Ақ ниеттің дебі ақынға сезілді.
Адам егіз табиғатпен мәңгілік,
Онсыз адам бола алмайды сезімді
Табиғатым, тіршілігім, тынысым,
Осылармен, адам, оойлы, ұлысың.
Тұлпарындай қазағымның қадірлі,
Алға бассын,жаңа газет,жұмысың!
6 а сынып оқушысы Шманова Айдана
Аспанда сансыз жұлдыз жымыңдасып,
Ал жерде тілсіз тірлік сыбырласып,
Табиғат тұтастығын шайқамастан,
Бар әлем бір-бірімен тұр ымдасып.
Төскейге Тың –деп сансыз соқа салдық.
Өзенге өткел -өткел жота салдық.
Теңізді тартылдырдық табанынан,
Сахара шөліндей қып төте асарлық
6 б сынып оқушысы Әйтеке Асылхан
«Туған мекен, сені сүйіп өтем мен!»
Бабалардың пейіліндей, кең далам,
Аңсаймын да тебіренем, толғанам.
Сағыныштың сырлы, ерке сазындай,
Жетер ме екен өзіңе арнап салған ән?!
Туған балаң арнап жатыр ән-жырын,
Ерке әуенмен тербелсін деп әр гүлің.
Жырға қосып бақыт күйін төгілтсін,
Гүл-бағында сайраған сан бұлбұлың!
Тәуелсіздік туын көкке көтерген,
Туған мекен, сені сүйіп өтем мен!
Сен құлпырып жайнайтұғын күн туар,
Болашақтан үлкен үміт күтем мен!
6 в сынып оқушысы Садуақасов Сұлтан
«Құлақ асар бір жан жоқ»
Туған жерім, қойнында сыры тұнған,
Сыры тұнған, таусылмас жыры тұнған.
Адам атты жырқыштың кесірінен,
Көшкен құмға жұтылдың! Болдың құрбан!
Туған айдай аспанда шалқасынан,
Көз тартатын көк теңіз ортасынан.
Ұялым-ай, жоғалдың қас қағымда,
Үзіліп түсіп, Аралдың алқасынан...
Жоқ бұл күнде Аралым-жауһар теңіз!
Құм астында тұншықты дария егіз.
Құрдымына жіберді жұмыр жердің
Тас жүректер, жібітпес жылы лебіз!
Қос жанары бар еді мұнан бұрын,
Тұнып жатқан жаннатым-Тұранымның!
Кемеңгермін! Деп жүрген санасыздар,
Қос жанардың ағызып алды бірін!
7 а сынып оқушысы Ильясова Айгерім
«Кемпірқосақ»
Көктем келіп тағы да,
Бөленді дала сағымға.
Сан түрлі сазды әуенмен,
Сайрады бұлбұл бағында.
Жел қуалап бұлттарды,
Бұлттар бұдан ұрттады
Түнеріп асапн, бір кезде
Байқалды қабақ шытқаны.
Содан кейін, ілкі кеп.
Соқтығысты күркіреп.
Шатыр-шұтыр от шықты,
Жауды жаңбыр сіркіреп.
Аздан кейін басылды,
Асапн бірден ашылды.
Бір шетінен күмбездің,
Сәулелі нұр шашылды.
Көп белдеулер алып тым,
Көкті тіреп қалыпты.
Жеті түрлі бояумен,
әсем өрнек салыпты,
біздер болдық мәз –мейрам,
келегн дедік, бұл қайдан?
Көзден ғайып болды ол,
Тұрды-дағы бірмайдан.
7 б сынып оқушысы Әуесханова Күнайым
«Әлемнің әсемдігін сеземін»
Сезгіндіктен өртенеді өзегім,
Бүгініме сәл шүкірлік етем д,,
Ертегідей ертеңімен беземін.
Ертең маған ертегі емей немене-
Желкеніме бола алмайсың сен еге-
Аттанасың менсіз ғажап сапарға,
Жайғасып ап көркі бөтен кемеге.
Сосын жырақ әкетеді жел айдап,
Жар жағалап жабығармын сан айлап
Сол сапардан оралмауың да мүмкін,
Күрсінгенмен кейде кәмсәт мені ойлап?!
Мені ойларсың алыс тартса жарқының,
Көтергенде көңілің ауыр зәкірін-
Тербегенде теңіз - өмір толқыны
Мұңлы жырдай аялы әрі ақырын..
7 в сынып оқушысы Теңізбаева Жанар
«Туған жермен тілдесу»
О,Туған жер!
Дабылыма құлақ сал
Бізде ерте сөнеді екен шырақтар...
Бізде ерте солады екен құрақтар...
Көкірегімде селдей тасқан тасқан сұрақ бар.
Масайратқан даңқұмар пендені
Апат-дерттің кеш білінді төнгені.
Балаң болып жоқтамасам жоғыңды,
Анам болып кешірмесің сен мені?!
Жаңғыртып шықса – дағы айқайым,
Маңғаз таулар селт етпейді,
Байқаймын.
Аңыз емес, ақиқат бұл.
Атамнан.
Есіткен бір оқиғамды айтайын.сәйгүліктер дуға салған жаратып,
Дүйім елді қабағына қаратып.
Атам менің әңгімесін бастайтын,
Құшырлана насыбайын бір атып.қартайдым ғой, бәрі есте қалмапты.
-қартайдым ғой, бәрі есте қалмапты,
Сілкіне алмай қара жолда шаң жатты.
Қыр беткейдің алаулап гүл шешегі,
Жұлдыз жауған айлы көркем кеш еді.
Жанарымды жалт қаратты тылсым күш,
Жын біткендей екі қаңбақ көшеді.
Осы мен оқушылар «О,Табиғат тамылжыған жырымсың»атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтай отырып сө кезегін Мектеп – гимназия директорының орынбасары Тәжеди Гүлмира апайымызға сөз кезегін береміз.