Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
Байқаудың шарттары төмендегідей: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қыздар өздерін өлең жолдарымен, қара сөзбен, әнмен таныстырады) 2. «Өнерлінің қолы алтын» қағаздан ,матадан, моншақтан ,жіптен бұйымдар жасап көрсету
3. Шаш үлгісі.
4. «Өнер алды қызыл тіл (Ән айту, би билеу, күй тарту) 5. «Зерделінің ойы озық» (Лездік сұрақтарға жауап беру) 6. Сыныптан 4 қыз баласы да қатысуы .
-Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!
Балалар білесіңдерме 8- Наурыз неге аналар мейрамы болып белгіленгенін?
Бексұлтан жауап береді
- Әрине білеміз 1908 жылы 8 наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорк еңбекші аналар демонстрацияға шыққан. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен аналардың Екінші Халықаралық Конференциясында 8 наурызды әйелдер күні» деп белгілеген, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.
- Ал ендеше сайысымызды бастайық! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.
Сайыс болғандықтан
-Ең алдымен әділқазыларды сайлап алайық
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. ____________________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________________ 3. ____________________________________________________________________ 4. ____________________________________________________________________ 5. ____________________________________________________________________
(әуен ойналады) - Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса бастайық!
- Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Қол соғып қыздарымызды қарсы алайық.
(қыздар ортаға шығады)
Байқауымызбы бастамас бұрын кезегімізді реттеп алайық
Байқаудың І кезеңі таныстыру
«Мен қазақтың қызымын». Гүл көңілің қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Қыздарымыз өздерін өлеңмен, қара сөзбен,әнмен таныстырады.
Байқаудың ІІ кезеңі
«Өнерлінің қолы алтын » Қыздарымыз қолөнерлерін көрсетеді
Сымбатына сән киім жарасатын, Аспандағы айменен таласатын. Өнеріне сәні сай келіп тұрған, Аруларға қызығып қарасатын.
-Байқауымыздың ІІІ кезеңі
Шаш үлгісі. Ал,халайық ықыласпен демейік, Арулардың шаш үлгісін көрейік. Сыры менен сымбатына қара біз, Әділдікпен бағаларын берейік. Қыздарымыз ортаға шығып өз шаш үлгілерін көрсетіп таныстырып кетеді
Байқауымыздың ІҮ кезеңі
Өз өнерін көрсету. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреулер ән салыпты. Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
Байқауымыздың Ү кезеңі.
«Зерделінің ойы озық»
– деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 5 сұрақтан қойылады.Сұрақтарға бірден жауап берулері керек. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. (Лездік сұрақтарға жауап беру) Жас ару жас ғұмырдың талғамысың , Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда, Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
1-ші арудың сұрақтары. 1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже) 2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ). 3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев) 4. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз). 5. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
2-ші арудың сұрақтары. 1. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа) 2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май). 3. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер). 4. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер) 5. Әнші Тамара… (Асар)
3-ші арудың сұрақтары. 1. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке) 2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан). 3. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз). 4.Ботаның анасы? (түйе). 5. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4-ші арудың сұрақтары. 1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа) 2. Апа сіңлінің балалары (бөле) 3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 4. Әнші Роза … ( Рымбаева) 5. Ас атасы (нан) «Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті
Ұлдарымыздың құттықтауына берелік
Әділхан күй
Бексұлтан-
Дархан - Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
VII Қорытынды: «Қыз –ұлттың болашағы » демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер. Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа . Бүгінгі күннің жеңісі, Достық болып қалуда. Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.