kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К??ілді тап?ырлар сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассная работа по информатике и физике для 9-х классов с казахским языком обучения. Внеклассная работа проводится в виде конкурса. Соревнуется параллельные классы. Конкурс состоит из нескольких этапов: 1. Приветствие команд; 2. Викторина; 3. Найти оригинал пословицы или продолжить пословицу; 4. Решение задач по информатике и по физике; 5. Скетч; 6. Экспериментальная работа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К??ілді тап?ырлар сайысы »







Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі























































Құрастырған: физика пәні мұғалімі

Құлмырзаева М.Қ.

информатика пәні мұғалімі

Надирова Ф.К.



















Жаңақорған 2015 ж.

Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар сайысы»


Мақсаты:

1) Оқушылардың білімін жүйелеу.

2)Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

3) Еңбек, өзін – өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі. слайдтар, плакат, таратпалар


Түрі: сайыс


Қатысушылар: 9 б, в сынып оқушылары 


Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан физика, информатика және математика пәндерінің онкүндігіне байланысты өтіп жатқан «Көңілді тапқырлар сайысына» қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9-шы сынып оқушыларынан құралған топтар сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса  ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныпта екі оқушыдан шығады.

«Физика» тобы

«Информатика» тобы


Әділқазылар мүшелері:

1.Құлмырзаева М.- физика пән мұғалімі

2.Надирова Ф. – информатика пән мұғалімі


Жүру барысы:

І-тур: «Жұлдыздарға сапар» Әр командалар өз – өздерін таныстыру.

ІІ-тур: «Сен білесің бе? Сұрақ – жауап

ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі» Мақалдың түпнұсқасын табу

ІҮ-тур: «Бәрін білгім келеді» Есеп шығару

Ү-тур: «Көрініс» Әр топ өз аттарына байланыстырып көрініс көрсетеді.

ҮІ-тур: «Қызықты физика» тәжірибе жасау.



Жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық  болып көрінетін екі егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.

 І-тур: Жұлдыздарға сапар» Әр командалар өз – өздерін таныстыру.
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көремендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді  сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

«Информатиктер» тобы

«Физиктер» тобы

Жүргізуші:

Асып тасып асықпа, қалыспа сен,

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапсаңдық бұл сайыста керек екен- деп, екінші бөлімізді бастайық.

ІІ-тур: : «Сен білесің бе? Сұрақ – жауап

  1. Алгоритм дегеніміз не? (қойылған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттер жиыны)

  2. Паскаль программалау тілін кім ойлап тапты? (Н.Вирт)

  3. Циклді алгоритм дегеніміз не? (қайталанатын бөлігі бар алгоритм)

  4. Паскаль тіліндегі циклдік операторларды атап шық? (for, while, repeat)

  5. Массив дегеніміз не? (бір атаумен біріктірілген біртекті берілгендер жиыны)

  6. Екіөлшемді массивті басқаша қалай атаймыз? (матрица)

  7. Компьютер жұмыс жасауы үшін керекті минималды құрылғыларды ата? (монитор, жүйелік блок, пернетақта)

  8. Ең алғашқы бағдарламашы кім? (Ада Лавлейс)

  9. Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасы орналасқан жеміс-жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлденеді?(Судың меншікті жылу сыйымдылығы көп)

  10. Бір ыдыста қайнаған су, екіншісінде шикі суды бірдей қыздырғанда қай ыдыстағы су тез қайнайды? (Шикі су. Себебі, онда еріген ауа көпіршіктері бар)

  11. Шай қандай ыдыста тез суиды: металл шәйнекте ме, әлде шыны шәйнекте ме?
    (Металл. Себебі, шыны ыдыс жылуды ұзақ ұстайды)

  12. Адамдарға толы, кең сарайдағы музыка бос сарайға қарағанда неліктен жай естіледі? (Сарайда дыбыс отырған адамдардан да шығады)

  13. Не себептен найзағай жарқылы көрінгеннен кейін, біраздан соң ғана күн күркірегені естіледі? (Дыбыс жылдамдығынан жарық жылдамдығы көбірек)

  14. Ылғал үстелге қойылған қант біраздан кейін суды өзіне тартып алу қасиеті қалай аталады? (Диффузия –бір заттың өздігінен 2-ші затпен араласу құбылысы)

  15. Стақанға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды алақанмен басып тұрып стақанды төңкеріп, қолды шартып алу керек. Су неліктен төгілмейді?
    (Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады)
    1-жүргізуші:
    Ойын толқын айналған қатты ағысқа
    Табылғандай танымда, жат дауыс та
    Біреу озып келеді қатарынан,
    Біреу қалып жатады асығыста – деп,
    ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі» Мақалдың түпнұсқасын немесе жалғасын табу.
    Бұл бөлімде топтарға информатикаға және физикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын және жалғасын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

  1. Сүмбіле туса,.... (су суыр)

  2. Жаздың бір күні, қыстың....(мың күні)

  3. Қаз келсе, жаз келер.

Қарға келсе,..... (қатқар келер)

  1. Сәуір болмай,...... (тәуір болмас)

  2. Үркерлі айдың,... (бәрі қыс)

  3. Алпыс күн тасыған су,.... (алты күнде қайтар)

  4. Таң атпайым десе,... (күн қоймайды)

  5. Қыс- арбаңды

Жаз -... (шанаңды дайарла)

24.Күн-ортақ,.... (Ай ортақ,Жер ортақ)

25.Туған ай,... (тураған етпең тең)

ІҮ-тур: «Бәрін білгім келеді» Есеп шығару

Әр топқа физика және информатика пәнінен есептер беріледі. Дұрыс және тез орындаған команда жеңіс табады.

Информатика есептері:

1-топ: Квадраттың ауданын есептейтін сызықтық программа құрыңдар.

2-топ: Шеңбердің ауданын есептейтін сызықтық программа құрыңдар.

Физика есептері:

1-топ: Велосипедші еңіске қарай 0,5 м/с2үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-топ:Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?

Ү-тур: «Көрініс» Әр топ өз аттарына байланыстырып көрініс көрсетеді.

Жүргізуші:                 
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар
Қара, ойлан зерек болсаң байлыққа
Алыптарды әрқашанда танып қал
Көрініс: Нютон туралы Ән шашу:

Физика (Ана туралы жыр әнінің мотивімен)
Әлемді тартылыс
Күштен сен сыйладың
Ауырлық, үйкелеәіс
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған
Тұрақты сандарды
Ом менен Нютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған
Сенсіз бұл өмірде жүруде жоқ маған
Сенсіз бұл өмірде жоқ маған.

Информатика
Ұстазда, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің
Бір емес бірнеше іс атқаратың
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің талап жатқан толқынында
Өзіңді өзгелермен бер көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
Жүзеге асырасың бас ұрасың

Жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған дарындар
Айналайын жеңіс құшқан қырандар
Бізден қиын жағдаларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

ҮІ-тур: «Қызықты физика» тәжірибе жасау.
Әр топ өздері дайындап әкелген тәжірибелерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Сайыста түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан, орын алар
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да
Бабы мен бағы жанған баласы бар
Олай болса, ортаға шақырайық
Есімін баршаңызға танытайық
Ерекше білімі мен білігі үшін
Алғыс айтып, қошемет танытайық
Сонымкен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойнымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
К??ілді тап?ырлар сайысы

Автор: Надирова Фарида Кенжебековна, Кулмырзаева Мадина Кылышбековна

Дата: 25.02.2015

Номер свидетельства: 178908


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства