2 жүргізуші: Ендеше 1 турымыз «Таныстыру» . Командалар өз командасын таныстырады, яғни топтың аты мен ұранын таныстырып өтеді.
1 жүргізуші: Енді әділқазы алқаларынан 1 турдың бағасын сұраймыз.
2 жүргізуші: Қатар өскен құрдастар
Жарысқалы тұрмыз ба
Қуып жету жақсы ғой.
Оқып шығу бір басқа
Жүз метрге жүгірсең.
Марафондық жарста
Жаттығарсың бүгін бүгін сен
Бізбен бірге жарыста.
2 тур Эстафеталық спорттық ойындар жарысы:
«Доп жалғастыру».
3 команда 3 қатарға тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, допты арттағы кісіге жалғастыру керек. Ең соңғы бала алға жүгіріп барып, добын көтереді.
«Шар жару»
Алаңға үрулі шарларды тастаймыз. Олар шарларды жарып, жарықтарын жинау керек. Жарық шарларды көп жинаған команда жеңіске жетеді.
«Су жинау»
Екі жаққа ыдыста толтырылған су қоямыз. Ыдыстың ішіне қасық салып қоямыз, қатысушылар қасықты аузына қыстырып су тасиды. Бұл сайыста қатысушыларға 5 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін, екі жақтың толтырылған суларын салыстырып, суды көп толтырған команда жеңіске жетеді.
«Поезд»
Ойынға қатысушылар 3 командаға беріледі. Балалардың аралары 6-7 қадамдай болуы тиіс. Әуелі бастаушы артынана бір баланы ұстап, екеуі белгіленген жерді айналып шығады да, орнына келген соң артынан тағы бір баланы ұстатып, белгіленген жерді айналып шығады. Ойын осылай бастаушы барлық балаларды тіркестіріп, айналдырып шыққанша жалғасады.
1 жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ендігі сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.
2 жүргізуші: Ендігі кезекте «Капитандар» сайысы.
Алты топтың капитан командалары ортаға шығып тұрамыз. 1топтың капитан
командасы 2 топтың копитан командасы мен күш сынасады, осы топтан жеңген жеңімпаз 3 топтың капитан командасымен күшін ашады, осыны жеңген топ жеңімпаз аталады.
1 жүргізуші:
Бүгін жақсы демалдық,
Жүгірдік те ойнадық.
Жеңіс туын алғанша,
Тоқтап біздер қалмадық.
Ал, ендеше қазылар,
Әділ шешім айтыңыз,
Жеңген топты анықтау
Сіздің ғана салтымыз.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына берейік.
Әділқазылар алқасы сөз сөйлеп, жеңімпаз топты марапаттайды.