Просмотр содержимого документа
««Конституция – кемелдік кепілі»»
Фанфар ойнайды, марш
1– жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қауым! Ата – бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көп ұлтты Қазақстанымыз кеңейіп, ел экономикасы өсіп – өркендеп , халқымыздың әл – ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдаған Қазақ елі!
2 –жүргізуші: Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы берік ардақты ағайын – армысыздар!
1– жүргізуші: Бүгінгі Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте қазақ тарихындағы алар орны ерекше елеулі мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай өткізгелі отырған «Конституция – кемелдік кепілі» атты кешке қош келдіңіздер!
(2 жүргізуші бірге )
- Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!
Әнұран (жалғасып кету керек)
2– жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына , саясат сахнасында бастаушы заң - әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің айшықты құжаты. Ендеше, бүгінгі біздің кешімізге арнайы келіп отырған қонақтармен таныс болыңыздар.
Кезекпен оқылады
1. Облыстан келген делегация басшысы -
2. Аудандық Сот және прокуратура
3. Аудандық тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі - Нағима Шыныкуловна
4. Мектеп басшысы бастаған оқушылар мен ұстаздар
1– жүргізуші: Қазақсан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырларға төрлей берсін деген ниетпен алғашқы құттықтау сөз Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің директоры Оңғаров Мұхтар Досбергенұлына беріледі.
2 – жүргізуші: Ата заңның құнды қағидаттарын бұлжытпай орындау нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, егемендігімізді тұғырлы еттік.
Ән: «Егемен Қазақстан»
Орындайтын: Хор
1– жүргізуші: 1991 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.
2 – жүргізуші: Экранға назар аударайық (видио - ролик)
1– жүргізуші: Ата Заң Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып, біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді. Гуманизм, әділеттілік, өзара қарым – қатынас принциптерін белгіледі.
Ата Заң жайында ақпарат білдіру үшін сөз кезегі Шалқар Аудандық прокуратура қызметкері беріледі.
2 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі , оның ең қымбат қазынасы - адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігі айтылған. Осы құндылықты ақындар өз жырына арқау етті.
Мектеп оқушыларының жыр шашуын қабыл алыңыздар! (ортаға оқушылар шығады)
1– жүргізуші: Ата Заңымыз – айдынымыз болса, әскеріміз - айбынымыз бола алады. Өйткені қазақ халқы барын қастерлей білген, ел қорғаған азаматтарын ұлықтай алған.
Ән: «Ұлан шеруі»
Орындайтын : Хор
-Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
2 – жүргізуші: Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан Халықаралық Қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі - Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басымен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылығымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт – береке , ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!