Тақырыбы:Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлауға ықпал ету
Мақсаты:Мұғалімдердің бойында көзбен көретін айғақтар негізінде сұрақ қою, болжам жасау және модельдеу дағдыларын дамыту және өз іс-тәжірибелеріне енгізуге бағыттау. Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни ойлауға, әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер оқу үрдісінде көзге көрінетін айғақтар негізінде сыни ойлауға ықпал етудің маңыздылығын түсінеді;
- Сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдылары қалыптасады.
Ресурстар: «Қаздар сабағы» бейнежазбасы, слайд, кері байланыс парағы, кестелер, плакат, маркер, т.б.
Оқыту әдістері: «Көршімнің портреті» тренингі, «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі, «Дананың кілттері» әдісі, «» кестесі, «Бес саусақ» әдісі.
Жұмыс түрі: Топтық, жұптық, жеке.
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Оспанбаева Б. О.
Өткізілген жері: Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауылы
«Еңбекшіқазақ орта мектебі» КММ
Өткізілген уақыты: 2016 жыл наурыз
№
Коучинг
кезеңдері
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Уақыт
Қатысушылардың іс-әрекеттері
Күтілетін нәтиже
1
Топқа бөлу
Гүлдердің түсі бойынша топқа бөлу
2 минут
Қатысушылар ақ парақшаларды таңдап, ішіндегі гүлдің түсіне қарай топқа бөлінеді.
Жұмыс істеуге қолайлы шағын топтар құрылады.
2
Топ ережесін қалыптастыру
«Қаздар» бейнежазбасы
?
5 минут
«Қаздар» бейнежазбасы арқылы топтық жұмыстың ережесін құрады
Қатысушылар бірлескен топтық жұмысқа дайын болады.
2
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
“Көршімнің портреті» тренингі
«Қос қарлығаш» әуені
3 минут
Қатысушылар қасындағы көршісімен жұп құрады. Топқа бөлінген кезде таңдап алған парқшаларын төбесіне қойып, музыка ырғағымен билеп тұрып көршісінің портретін салады.
Қатысушылардың көңіл күйлері көтеріледі, ішкі мотивациясы артады.
3
Проблеманы айқындау
«Ойлан, топтас, пікірлес» әдісі
?
4 минут
1. Мұғалімдер:
- Салған суретіңіз өзіңізге ұнады ма?
- Көршіңіздің келбетіне ұқсады ма?
- Көршіңіздің суретін сала алмауыңызға не себеп болды?
- Осы суретке қарап отырып қандай ой түюге болады?
- деген бағыттаушы сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты ашады.
Салған суреттеріне қарап отырып көзбен көріп салудың маңыздылығын түсінеді. Өзара пікір алмасу арқылы еркіндікке, өз ойларын айтуға, белсенді болуға дағдыланады.
4
Проблеманы шешу
«Дананың кілті» әдісі /слайд/
“Әліпби” кілті - берілген айғақтардың тізімін әліпби ретімен тізбектеңіз.
“Кемшіліктер” кілті – берілген айғақтардың кемшіліктерін тізбектеңіз
“Жаңа дизайн” кілті - күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
“Егер де” кілті – “егер де” деген сұрақ қойып, қатысушылардың ойларын жазып отырыңыз.
“Тағы қалай” кілті - күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жасау үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
“Конструктор” кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
“Жөнсіздік кілті” - виртуальді орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз,содан соң оны дәлелдеуге тырысыңыз.
Бағалау. Түстер арқылы көк – тапқыр, сары – белсенді, қызыл - шығармашыл.
12 минут
Әр топ ұсынылған айғақтарды (бос қорап, түсті қағаз, қайшы, желім, англ булавка, диск) «Дананың кілтімен» ашады. Осы айғақтар негізінде сыни ойлауды дамыту үшінТони Райанның «Дананың кілттері» ұсынылады (слайд)
Қатысушылар берілген айғақтар негізінде сыни ойлауға үйренеді, Тони Райанның «Дананың кілттері» әдісін қолдануды үйренеді.
5
Сергіту сәті
«Ойлан, тап!»
Піл, құмыра, мұғалім.
3 минут
Әр топтан ортаға шыққан қатысушыға сурет көрсетіледі. Суреттегі бейнені өз тобына ыммен түсіндіруі керек. Топ мүшелері жасырынған бейнені табады.
Көңілдерін сергітеді, дем алады.
6
Топтық жұмыс
«Топтастыру» стратегиясы
12 минут
Мұғалімдерге көзбен көру айғақтары (тарихи тұлғалардың суреттері) беріледі. Суреттерді қарап, талқылайды,жинақтайды, топтайды. Постерлерін жасап,қорғайды.
«Стикер» арқылы бағалау
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы Қазақстанның өткені мен кешегісі, бүгіні туралы ой түйіп, нәтижеге жетеді.
7
Қорытынды / Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі
5 минут
Топ мүшелері өз пікірлерін жазады.
Бас бармақ – білдім Сұқ саусақ – сезіндім, байқадым. Ортаңғы саусақ – ойландым. Аты жоқ саусақ – мақсат қойдым.