kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?Ш - БІРЛІКТЕ» та?ырыбына колледж о?ытушыларымен Тілдер п?ндік – циклдік комиссиясыны? ?дістемелік апталы?ына тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: о?ытушыларды? ?зара ?арым-?атынасын жетілдіру; ?жымды? ауызбіршілікті ны?айту;

Міндеттері: ?зін ба?алай білу, ?здеріне ??рметпен ?арау, ?жымда сыйласты? ?арым-?атынас орнату

Жабды?талуы: компьютер, проектор, ватман, маркерлер;

Ж?мыс істеу т?рі: топпен, ж?ппен, жеке

Регламент: 40 минут

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күш бірлікте тренинг Макимова»

«КҮШ - БІРЛІКТЕ»

тақырыбына колледж оқытушыларымен

Тілдер пәндік – циклдік комиссиясының әдістемелік апталығына тренинг


Мақсаты: оқытушылардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру; ұжымдық ауызбіршілікті нығайту;

Міндеттері: өзін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату

Жабдықталуы: компьютер, проектор, ватман, маркерлер;

Жұмыс істеу түрі: топпен, жұппен, жеке

Регламент: 40 минут

Барысы:

  1. Топқа бөлу: стикерлердің түстерін таңдау арқылы 3(немесе 4) топқа бөлінеді – 3 минут.


  1. Топтың позитивті таңбасы. Мақсаты:топпен жұмыс істеуге жұмылдыру және өз ойларын айшықтау.

Әр топқа ақ парақ, маркер және сурет атаулары беріледі:жүрек, күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем»,қолшатыр, магнитофон, кітап – 5 минут


  1. Топтық қарым-қатынасты нығайтуға арналған жаттығулар:

3.1«Кім екенін тап».
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі. Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Қатысушылар мінездеменің иесін табуы керек
Нәтижесі: Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді. –
3/3 минут


3.2 «Рет-ретімен санаңдар!» Мақсаты: команда мүшелеріне ортақ ерекшеліктеріне көңіл бөлу, өзара рөлдерді бөлу. – 4 минут

Қатысушылар өз тобында бойына қарай бір қатарға тұрады. Жаттығуды орындау кезінде сөйлеуге болмайды. Енді жүргізушінің нұсқауымен қатысушылар шаштарының ұзындығына қарай, есімдерінің екінші әріптері бойына алфавит қатарын құрау, туған жерлері бойынша қатарға тұру.Нәтижесі: у-шусыз тиімді жұмыс атқару.


3.3 Мәреге жет! Мақсаты: ұжыммен бірлесе жұмыс атқару. Берілген команда бойынша әр топ 45 секундта геометриялық фигура жасауы қажет: квадрат, шеңбер, ромб, үшбұрыш. Нәтижесі: ұжымдық шешіммен келісе білу, ұжымдық шешімді үйлестіре білу – 2 минут



3.4 Өз жұбыңды тап! Мақсаты: ұжымдасының пікірін, көңіл күйін анықтай білу. Әр қатысушыға жануардың жартылай суреті беріледі. Бір-бірлеріне суреттер көрсетілмеуі керек. Жүргізуші көрсеткен адам ортаға шығып, ым-ишаратпен, қимылмен сол жануарды көрсетеді. Оның екінші жартысы көрсетілген іс-қимылды түсініп, бірінші жартының жанына барып тұруы тиіс. Соңында тұтас аң шығады. Нәтижесі: мұқият және сезімтал болуға дағдылану.-6 мин.


3.5 «Көпір» ойыны. Мақсаты: ауызбіршілікті нығайту. Еденді бормен "көпір" сызылады. Екі топ, бір-біріне қарсы шыққан педагогтар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек. Педагогтар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек. Нәтижесі: бір-біріне қол үшін беру, қолдау көрсету. – 5 мин.



4. Рефлексия. «Күн шуағы». 5-мин.










Мақсаты: өткізілген іс-шараны бағалау және талдау. Қатысушыларға күннің шуақтары таратылады, қатысушылар өз пікірлерін алдарындағы параққа жазып беру қажет.Содан кейін шуақтар жиналады, күннің бейнесі құрастырылады. Пікірлер ұран ретінде және тренингтің тақырыбы мен мақсатын негізге алулары тиіс. Жүргізуші оқып шығады.

Талдау сұрақтары:

Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды? – Шуламай жұмыс атқару, шарттарын жылдам түсіну.
Неліктен? – Студенттер сияқты шуға үйреніп қалғандықтан, тыныштыққа дағдыланбағаннан, шарттарды мұқият тыңдамағандықтан.
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр? - Еркін, тәуелсіз, көтеріңкі көңіл-күйде.
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма? - Жылдам ойнау қиындау, себебі бүкіл ұжыммен күнделікті бірге кездесе бермейсің және әріптесіңнің қалай әсер ететінін біле қоймайсың.
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды? - Алғашқы кезеңдерде – қорғаншақтық, кейінгі кезеңдерде жылулық, мейірімділік, құрмет.
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма? - Болды, себебі өзіңді және әріптесіңді басқа қырынан тани у мүмкіндігі болды.


5.Бағалау. «Сыйлық» жаттығуы. Тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту және де ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды. – 3 мин.

6. Әдістемелік бөлім меңгерушісі мен ПЦӘК жетекшілерінің тренингке талдауы. – 4 мин.

- Бүгінгі іс-шара – тренинг мақсатына жетті. Күнделікті жұмыста шаршап жүргенде және өзара қарым-қатынас жасауға уақыт тауып, пікір алмасуға уақыт таба алмай кезеңде өте қажетті және үйретері көп тренинг. Бұл шарадан біз бірлесе жұмыс атқарудың жолдарымен таныстық және осы әдістерді студенттермен де қолдануға болатынына көз жеткіздік.


Тренингті өткізуге жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы А.Қ.Макимова























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Аймкуль Кайргельдиновна Макимова

Дата: 16.06.2016

Номер свидетельства: 334843


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства