kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?згі балл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Мектебімізде ?ткізіліп жат?ан «Салем са?ан,Алтын к?з» мерекесіне ?йымшылды?пен ?атыса отырып, к?з-байлы?, к?з-береке, к?з-молшылды?, к?з-шатты?, к?з-?уаныш екенін о?ушы санасына жеткізу. ?здеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтыма?тасты??а баулу.
Ж?ргізілу барысы:
1-ж?ргізуші: Армысыздар а?айын, ??рбы - ??рдас!
Бармысыздар жанк?йер, ?з- ?ауымдас!
Б?гінгі кеш ?уенін біз бастайы?
Сайыста к??ілменен ?ол со?айы?.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?згі балл»

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Салем саған,Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жүргізілу барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз- қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2-жүргізуші:Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі бал - 2015» байқауына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.

Бүгінгі күзгі балл-2015 байқауының алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: Е.Қ.Гумаровқа беріледі.

Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)
1- жүргізуші: 5-сынып оқушылары:
2- жүргізуші: 6- сынып оқушылары:
1-жүргізуші: 7- сынып оқушылары:
2- жүргізуші: 8 –сынып оқушылары:
1-жүргізуші: 9-сынып оқушылары:
2- жүргізуші: 10-сынып оқушылары:
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
1-жүргізуші:Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан. Ендеше әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен танысайық.



1)Төлегенова Балжан орыс тілі пәнінің мұғалімі

2)Ерғалиева Зухра бастауыш пәнінің мұғалімі

3)Қалиева Айнара дефектолог

4)Қойшыбаева Айгерим өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

5)Габдуалиева Назым диетолог

6)Ермекова Қалампыр информатика пәнінің мұғалімі

7)Зейнуллин Нұрбек тәрбие ісінің орынбасары


1- жүргізуші:Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.
2- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. «Таныстыру»
2. «Өз өнері»
3. «Вальс»
4. «Күзгі дәм»
5. Видеорулек

6. Киім үлгісі

7. Қорытынды
1-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
2-жүргізуші: Әділ қазы алқасының берер бағасын білсек.
1-жүргізуші: Өнерсізден қашып жүр
Өнермен үлгі шашып жүр
Өнерді көп білетін дана болар
Өнерсіздің ісі шала болар
2-Жүргізуші:Тау әсем қарағайлы аршасы бар
Сол тауға талапты жас барса шығар
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?
«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша жұптар өз өнерлерін көрсетеді.Кезек жұптарда.
1-жүргізуші: Әділ қазы бағаларымен танысайық.
2-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымзы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.-демекші келесі кезекті жұптарымыздың вальсіне берсек.
1-жүргізуші:Әділ қазы алқасының берер бағасын көрейік.
2-жүргізуші: : Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең! Татсақ тағамынын дәмі қандай, 
Барша жұрт көзбенен қызыққандай. 
Күзгі тағам дайындап әзерлеуде 
Қанеке? Қайсымыз жылдамбыз-ай. Ендеше келесі кезекте дайындаған күзгі дәмдеріне берсек.
1-жүргізуші Әділ қазы алқасынның бағасын көрейік.
2-жүргізуші: О заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер. Ендеше келесі кезекті жұптарымыздың дайындап келген видеорулекке кезек берейік.
1-жүргізуші: Саусағынан бал тамған жұптардың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.
2-жүргізуші: Ақ боз үйді үлпілдеткен 
Боз даланы бүлкілдеткен 
Әсем едің, шіркін неткен 
Құлпырады сәнді бақтар 
Құлпырады бүгін қызбен ұлдар. Келесі кезең «Күзгі киім үлгісін көрсету» 
1-жүргізуші: Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
2-жүргізуші: Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазылардың бағасын білсек.
1-жүргізуші:Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
2-Жүргізуші:  Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау рәсіміне кезек берелік.
1-жүргізуші: Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
2-жүргізуші: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі бал - 2015» сайысын аяқтаймыз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
К?згі балл

Автор: Кенжесова Жа?ылсын

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258784


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства