өз өнерлерін ортаға салып,көрсете,айта білу қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі:қанатты сөздер,шарлар
Жүрісі:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі 4-сыныптар арасында өткелі тұрған “ Күз ханшайымы мен ханзадасы” атты дәстүрлі сайысымызға қош келдіңіздер.
Армысыздар бүгінгі кеш куәсі, Алтын күзім тойланатын күн осы. Жасыл далам сары далаға айналып, Алтын күзге айналатын күн осы.
-Міне табиғаттың төрт мезгілдік өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық әкеледі, сондықтан күз мезгілін мерекелі, берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Тыраулап тырна қайтты, күзде келді, Сарғайып ұшты желмен күз желегі. Бет бұрып жылы жаққа бағыт алған, Сызылды көкте құстың тізбегі енді. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгін барша қауымға “ Күз- мереке молшылық” демекші молшылық, береке мен мереке айы, алтын күз құтты болсын демекпіз. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. – дей келе сайысымызды бастаймыз.
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
4 “A” Есет Еркебұлан; Түркменбай Назира
4 “Ә” Тегісбай Дана; Асабай Бейбарыс
4 “Б” Сенбай Құралай, Асабай Кемелбек
4 “В” Тұрлан Перизат, Масруль Даулет
4 “Г” Ходжаберген Гүлшат, Избергенов Мерей- осы тұста бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.
Таныстыру
Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)
Білгенге маржан (күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)
Ал, енді сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Б.Умырбаева- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбысары.
Г. Асанова- баст. сын. мұғалімі.
С. Түркменбаева- баст.сын. мұғалімі
Сайысымызды бастамас бұрын әр жұптан бір адам келіп, реттік сөзін анықтап алайық.жеребе тастау.
1.Сәлем –сөздің анасы деп бекер айтылмаған.Мұнда әр жұптың таныстырулары бағаланады.Ендеше әр жұптың таныстыруына назар аударайық.Ең жоғарғы ұпай «5» деген ұпай.
2.О замаманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін-бірі.
Тыңдайық,тамашалап,көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін,-деп сайыскерлерімізді өз өнерін көрсетуге шақырамыз.
Сайыскерлер өз өнерін көрсетеді.
3«Білгенге маржан» Мұнда сайыскерлер өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.
«Алтын күз»тақырыбына аппликация жасау.Сайыскерлер түрлі-түсті қағаздан аппликация жасайды.Мұнда әр жұптың ұқыптылығы,
ептілігі,әсемдігі,шапшаңдығы ескеріледі.
«Күзгі сән үлгісі»бөлімінде әр жұп өз қиялымен дайындаған сән үлгісін көрсетеді.
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өркендер.
«Күз ханшасы мен ханзадасы» сайысы аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын-дей отырып сөз кезегін әділ қазыларға береміз.