kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыздар с?лу к?рінер ?ылы?ымен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:?аза? хал?ыны? ?дет-??рып,салт-д?ст?рлерін ?ыз баланы? бойына сі?іре отырып,?ыз бала?а келешекте ана,а? боса?аны? аруы,ша?ыра?ты? ??т-берекесі екенін ??ындырып,?дептілікке,сыпайлы??а,инабаттылы??а,мол мейірімділікке,т?зімділікке,шыншылды??а баулып,ар тазалы?ын жо?ары ?стайтын ?ылы?ты ?ыз т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыздар с?лу к?рінер ?ылы?ымен»


Мақсаты:Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана,ақ босағаның аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып,әдептілікке,сыпайлыққа,инабаттылыққа,мол мейірімділікке,төзімділікке,шыншылдыққа баулып,ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мақал-мәтелдер,кітап көрмесі,қыз тәрбиесіне байланысты газет-журналдар.

Барысы:

І. Кіріспе сөз.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды.

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі:Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі.Ал отбасының алтын қазығы-әйел адам.Бесігінде жақсы тәрбие алған ,үлгі-өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды ғой.Әдептілік,инабаттылық,сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған.Бір өкініштісі,

уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара

жатқан сияқтымыз.Ұлттық ізгі дәстүрімізді «ескіліктің қалдығы» деп мұрын шүйіре қарамай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,әдепті,инабатты,адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу- мектептің және ата-ананың қасиетті міндеті.

Қыздарға!

Өмір-қатал,көтермейді ойынды,

Ұқпайды да, кейде ізгі ойынды.

Тағдыр-жолың жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүл дер ем,

Тербетілген ақ самалмен,күнменен.

Абайлап жүр,ерте үзуге тым құмар,

Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа,ботам,өте нәзік жаның да,

Аңқау болма,қызыққа көп салынба.

Кір келтірме,қыз атыңа,арыңа,

Шалыс басып,түсіп кетпе жалынға.




Әрбір қыз бала бойжетіп,әке-шешенің ортасанда бұлғақтаған дәуренің қалдырып,басқа бір үйге келін боп түсіп,келін атанады.Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп,түтін түтетеді,ана болып,өмірге перзент әкеледі.Жар құшып ,ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты.Бұған, әсіресе, әке –шеше қуанады.

Алайда,оған дейін қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен міндеттері аз болмайды.Солардың бәрі қосыла келе келін болу әдебін құрайды.

Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған орындарда көзге түседі,сыналады.Ондайда өзінің ұстамдылығымен , жарқын жүзді сыпайлығымен, жинақы, ширақ жүріс-тұрысымен, сергек-сезімталдық , ептілігімен, өнерпаз, әрі сөзге ұсталығымен көзге түсіп, «Түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі-ай, үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады,сөзі қандай әдемі!» - деп тамсандырады.

Ал, мұндай жақсы атақтың қыз бала болашағы үшін маңызы зор.

Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты.Ол- адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап,жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін.Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл-өмір заңы», - деген.Барлық халық қыздары өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол- еңбекқор, ол- қоғам қайраткері деп бағалаған.

Ақұштап Бақтыгереева әйелдер туралы:

Әйел ол – тіршіліктің бәйтерегі,

Лайықты балғын жырдың қай теңеуі.

Япырау,Адам ата ұрпақтары,

Өмірде сен болмасаң қайтер еді?

-дегендей, бүгінде әйелдер қоғам, мемлекет, елі мен жерін қөзқараспен бағалай білетін салиқалы тұлға.

Қазақ қыздарының ішінде де небір асылдары бар. Әлия, Мәншүк, Қыз-Жібек, Баян сұлу, Еңлік, қыз Құртқа, Домалақ ана, Айша бибі т.б. көркіне ақылы сай, махаббатына берік, үлгі тұтарлық арулар қаншама...









Қорытынды.


Осылардың барлығын үлгі тұта келе, «Қыз – болашақ ана!», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі» демекпіз. Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түспекке тырысуы, орынсыз боянып, сылануы ерсі болды. Бірақ, сонымен қатар өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайды, салғырт қарауы да келіспейді.Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді.

Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай әйелдер қандай ұрпақ әкеліп,қандай тәрбие бермекші ?

Кездесіп қалатын осындай келеңсіз қылықтар қызға берілетін тәрбиенің жетімсіздігінен емес пе ?

«Әйелдері тәрбиелі болған халық- тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық- тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса- халық бай, ал жалқау, салақ немесе, ысырапшыл болса- халық пақыр, кедей болады.», -деген сөз бар.Осы айтылған сөзді естен шығармайық.

Сабақ аяқталды.
























А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектеп






(дәріс)





Мектеп психологі:

Токжанова Асылай Сериковна


2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?ыздар с?лу к?рінер ?ылы?ымен

Автор: Токжанова Асылай Сериковна

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293489


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства