Просмотр содержимого документа
«?ыз ?ылы?ымен ?ымбат»
Тақырыбы: «Қыз қылығымен қымбат» Мақсаты: Қыздармен және аналарымен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Қатысушылар: 8 - 11 сынып қыздары Жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар және қыздар! Біз бүгін «Қыз қылығымен қымбат» тақырыбында аналармен кездесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Келгендеріңзге рахмет айта отырып, кешімізді бастаймыз. Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын. Жастық шақ жалындаған жастығымен, пәктігімен әдемі. Ал біздің қыздарымыз қырдың қызыл гүліндей енді ғана құлпырып, жайнап келеді. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше. Намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы. Қыздар енді менің сіздерге сауалым бар:
1. Қазақ қызы қандай болу керек? 2. Қыз өссе, елдің көркі... деген мақалды қалай түсінесіздер?
3. Қыз қандай қылығымен көрікті бола алады?
Видеролик тамашалау. Сұлу болу, сау болу - өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз - келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі - денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке бастың тазалығы, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Құрметті қонақтар, қыздар зиянды әдеттер жайында баяндамаға құлақ түрейік.
Жасөспірім қыз баланың табиғаты, ерекше күтімді қажет етеді. Жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы дәрігер кеңесіне назар аударайық.
Апайымызға ақпараты үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі кезекте дәл осы тақырыпта _______________________________________________ өз баянадамсын оқиды.
Жүргізуші:
«Қызым үйде - қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс - тұрысы мен киім - киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Енді кезекте сауалдарымыз қыздарымыздың аналарына бағытталады. 1. Қазақ қыздарының киім киісіне көңіліңіз тола ма? 2. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой - пікіріңіз? 3. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?
4. Бұрынғы тәрбие мен бүгінгі тәрбиенің арасындағы айырмашылық қалай?
5. Сіздің кезіңіздегі бойжеткендер мен қазіргі бойжеткендердің артықшылығы мен кемшілігін айтап берсеңіз.
Қыз тәрбиесі жөнінде видеролик.
Жүргізуші:
Қымбатты қыздар, аналарыңыздың ақыл – кеңесін, өнегелі сөздерін тыңдап отырсыздар. Ал, сіздер қызға қойылған қырық тыйымды білесіздер ме?
Қыздар, сіздер үшін сұлулықтың эталоны кім? Үлгі тұтар тұлғаларыңыз кім?
«Қыздан – қыздың несі артық, мінез, қылық, ісі артық» нақылының мағынасын ашып, түсіндіріп беріңзідерші.
Видеоролик тамашалау.
Біздің кешіміз өз мәресіне жетіп келеді. Кешімізді аяқтамас бұрын, осындағы әр ана қыздарға аналық ақылын және ақ тілегін айтса...
Сонымен, біздің «Қыз қылығмен қымбат» атты кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс айтамыз! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!