Просмотр содержимого документа
«"?лемні? жары?ын сыйладын сен ма?ан..." атты т?рбие са?аты »
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...
Бәрі де,ана ,бір өзіннен басталады,
Сен деп жаздым алғаш өлең,дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіннен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем, бір өзіне еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Қадыр Мырзалиев.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты:
а) 8наурыз мейрамының маңызын түсіндіру,ананы сыйлауға баулу,патриоттық тәрбие беру;
ә﴿ Оқушыларды аналарды сыйлауға, құрметтеуге,салтдәстүрімізді ту қып ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1.8наурызға арналған мерекелік газеттер.
2.Ана туралы өлеңдер
Тәрбие сағатымыздың өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру.
II. Кітапханашы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.Ол Ана.Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да Ана.Әрқашан дұрыс,таза жүр, адал бол деп тілейтін деАна.Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға.Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек , мөлтілмейтін жанар жоқ.Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін,шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын,қызыл гүлдің солмауын тілейді.Біз қазақ қасиетті халықтың қыздарымыз.Қыз Жібек пен Баян сұлудың, Мәншүк пен Әлияның
сіңлілеріміз.Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз Күләш Байсетітованы, Роза Бағланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерееваны т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.
Ана деген асыл жан болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай, деп ақын жырлағандай,әйел тек аяулы ана, нәзік қыз емес, сонымен белсенді қызметкер.
Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.
Ана перзент тәрбиелеуші,
Ана қызметкер,
Ана ғалым,
Ана зейнеткер.“ Ат биеден туады, алып анадан туады ” дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Елін, жерін сүйетін, ей адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар!
Ана алып бәйтерек,
Бауырына топтасып саялаңдар!
Құрметтесек ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз де осы аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз.
Жылына бір рет келетін мерекеде еңбектерін бағалап,сый құрмет көрсету біз үшін қуаныш, әрі парыз да.Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін!
Ш.Қалдаяқовтың “Ана туралы жыр әні” орындалады.Орындайтын:
IX.Кітапханашы: «Анаңды Меккеге үш рет апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген даналық сөз дәл айтылған.Анаға қандай құрмет, қандай қамқорлық жасасақ та қарымыздың ширегіне де тұрмайды.Сондықтан да абзал аналарымызға тарту етіп, балалық жүрегімізден шыққан жыр жолдарын арнаймыз.
1 –оқушы: Анашым ақ сүт берген, аялаған,
Балаңнан еш нәрсені аямаған.
Мен сені мерекеңмен құттықтаймын,
Жүзіңнен күлкі көрем аялаған.
2 –оқушы: Айналайын анашым,
Сен болмасаң не етер ем.
Жарқыратып жұлдыздай,
Сені аспанға көтерем.
3 –оқушы: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
4 –оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін.
5 –оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейміз жас сәбидей жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тартутаралғының, бақыттың керегі жоқ.
Кітапханашы: Ал, аналар, балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдебисазды кешімізді ақын ағамыз Баязиевтің “Ана туралы ой” деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыныз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе Отан ғана!
Адам баласы үшін ең қастерлі сөз Ана деп білеміз.