2017 жылғы 12 мамыр күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Логопедиялық қонақ бөлмесі» атты акция өткізілді. Акцияның мақсаты ауданымыздағы сөйлеу дамуы тежелген балаларға дер кезінде ерте түзету көмегін беру. Баянауыл ауданы бойынша жалпы 200 бала қажетті кеңестерін алды.
Павлодар ауданындағы ППТК логопед мұғалімі Қ.Б. Досымғожина, Ақсу қаласының невропатологі және ПДПК басшысы С.Б. Қайырбаева және логопед мұғалімі И.М.Байбусунова, Екібастұз қаласының ПДПК басшысы логопед мұғалімі Н.Т.Куркенова, Баянауыл аудандағы ППТК логопед мұғалімі К.Д.Искакова, Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының логопед мұғалімі А.У.Багимбекова кездесу және кеңестер өткізді.
«Акция барысында ата-аналар толық жақсы деңгейде ұсыныстар мен кеңестер алды, әр ата-анаға буклеттер мен кітапшалар таратылды»,-дейді психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Сағыныш Қабдоллақызы Мәжит.