kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М?лік батыр - м??гілік ел есінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  •  Т.Аубакиров атында?ы жалпы орта мектеп

    Тарих п?н м??алімі

    Алибекова Тарбия Кантургановна

    "М?лік батыр - м??гілік ел есінде"

    Саба?ты? ма?саты:

    Білімділік:О?ушылар?а Ке?ес Ода?ыны? Батыры - М?лік ?абдуллин ?мірі мен ?ызметі туралы жан-жа?ты т?сінік ?алыптастыру,талдау жасау ар?ылы білімдерін толы?тыру;

    Дамытушылы?: Жеке т?л?аны? интеллектуалды дамуын ?з бетінше іздену,о?у ар?ылы саяси к?з?арасын ?алыптастыру.Жеке т?л?аны? зертеушілік ж?не шы?армашылы? ?абілетін дамыту:

    Т?рбиелік: Батыр атамызды? ?мір жолынан ма?л?мат беру, ерліктерін, артында ?алдыр?ан ?сиет с?здерін ?лгі ету,ізденімпазды??а баулу.

    Саба?ты? т?рі: Іздену – зерттеу саба?ы

    Саба?ты? ?дісі: Ой-тол?ау,ауызша баяндау,с?ра?-жауап,кесте,тірек-сызбалармен ж?мыс,топтастыру стратегиясы.

    Саба?ты? идеясы: Батырды? ?мірі мен ?ызметінен на?ты мысалдар келтіре отырып,?негелі істерінен ?лгі алу?а,на?ыз ?лтжанды азамат болу?а насихаттау.

    К?рнекілігі: интерактивті та?тада слайд, М.?абдуллинге арнал?ан «Аты а?ыз?а айнал?ан» кітап к?рмесі, б?ктемелер.

    Саба?ты? барысы: Эпиграф:

    О?жетпес алтын ар?ау с?лу жыр?а,

     ?ыраны ?я сал?ан биік шы??а.

     А?амыз батыр М?лік шы?да туып,

     Шы?дал?ан шар болаттай ?шпес т?л?а. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М?лік батыр - м??гілік ел есінде" »

Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп

Тарих пән мұғалімі

Алибекова Тарбия Кантургановна


"Мәлік батыр - мәңгілік ел есінде"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Кеңес Одағының Батыры - Мәлік Ғабдуллин өмірі мен қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын өз бетінше іздену,оқу арқылы саяси көзқарасын қалыптастыру.Жеке тұлғаның зертеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту:

Тәрбиелік: Батыр атамыздың өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету,ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Іздену – зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі: Ой-толғау,ауызша баяндау,сұрақ-жауап,кесте,тірек-сызбалармен жұмыс,топтастыру стратегиясы.

Сабақтың идеясы: Батырдың өмірі мен қызметінен нақты мысалдар келтіре отырып,өнегелі істерінен үлгі алуға,нағыз ұлтжанды азамат болуға насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, М.Ғабдуллинге арналған «Аты аңызға айналған» кітап көрмесі, бүктемелер.

Сабақтың барысы: Эпиграф:

Оқжетпес алтын арқау сұлу жырға,

Қыраны ұя салған биік шыңға.

Ағамыз батыр Мәлік шыңда туып,

Шыңдалған шар болаттай өшпес тұлға.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Бүгінгі сынып сағатымыз аты аңызға айналған Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым Мәлік Ғабдуллин атамызға арналады.2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен қатар Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы тойланады.

1-оқушы:

«Батырым-Мәлік беренім,

Жүйрігім, озған өренім.

Халқы сүйген қалаулым,

Жырымды саған төгемін»,- деп жырлаған екен Жамбыл баба сол бір сұрапыл соғыс жылдарында.

2-оқушы:

«Қазақтың қаһарман ұлы батыр Мәлік»

Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді.Әкесі Ғабдолла Елемісов сауатты адам болды. Бірақ жиі-жиі ауратын. Сондықтан бүкіл шаруашылық ауыртпалығы өте ақылды, мейірімді анасы Әлия Оспанқызының иығына түседі. 1923 жылы Қойсалғаннан 3-4 шақырым жердегі Құлет дейтін ауылда бастауыш мектеп ашылды. Осы мектепте 4 жыл оқыды. Алғашқы ұстазы Рамазан Нұғыманов деген кісі болған.14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды.1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогика институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті.

3-оқушы:

1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келгеннен соң 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады. 1938-1946 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық дәреже бойынша білім алады. Жас аспирант кандидаттық диссертация тақырыбы ретінде “Қобыланды батыр” эпосын таңдап алып, халқымыздың ауыз әдебиетіне, оның ішінде ұлттық фольклор тұнығына тереңінен бойлайды. Бірақ сәтті басталған диссертациялық жұмысын аяқтағанымен, қорғауға мүмкіндігі болмайды. Себебі дәл сол кезде сұрапыл соғыстың оты тұтанған болатын.

4-оқушы:



1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады.

1941—1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

5-оқушы:

Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде очерк жазған Борис Полевой темір өзек жауынгерлерін көзімен көріп, таңғажайып ерліктеріне елжіреген дивизия командирі, генерал-майор И.В.Панфиловтың толғанысын былайша суреттейді. “…Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жасты Панфилов ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда, Мәліктің денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі еді. “– Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың”, – деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді. Бұлардың қасында жақын тұрған адамдар, көп езу тартпайтын, салқын жүзді атақты генералдың сыр бермейтін жүзінде әкелік қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, – дейді ол. Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын осылай тудырды”.

6-оқушы:

Соғыстан кейінгі жылдары .

1946 жылдан бастап М.Ғабдуллин запастағы подполковник болады. Сұрапыл соғыс жылдарынан соң елге аман қайтып, түрлі салаларда белсенді қызмет етеді. Артынан өшпес із қалдырады. 1959 жылы оған ''Филология ғылымдарының докторы'' ғылыми дәрежесі тағайындалады.

Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарады, 1946-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет Институтында директорлық қызметте болады, 1951-1963 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де ректорлық қызмет атқарады, 1963—1973 жылдары Қазақ КСР ҒА Тіл және Әдебиет Институтында Фольклор бөлімінде меңгеруші болып істейді.

7-оқушы:

Әдебиет саласындағы М.Ғабдуллин .

М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.

Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ергешілері мен халық әндері болады. Қазақ әдебиетінің көптомдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның ''Қазақтың батырлық эпостары'' зерттеу еңбегі 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарында депутаттық мандатқа ие болады.

8-оқушы:

Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым (Мои фронтовые друзья)» (1947), «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» (1948), «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки)» (1949), «Будни войны» (1968), «Достар, жолдастар жайлы» (1969), «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» (1971) атты көркем әдеби шығармалардың авторы болып табылады. Мәліктің әдеби туындыларының кейбірі И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылды.

9-оқушы:

Марапаттаулары.

Мәлік Ғабдуллин «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» Кеңес Одағының батыры медалімен, Ленини орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарымен марапатталды (суретте: Кеңес Одағының батыры медалі).

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласып, еңбек сіңіргені үшін оған 1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді.

10-оқушы:

Қазақ хылқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллин 1973 жылы 2-қаңтарда Алматыда көз жұмды.

Мәлік Ғабдуллин кезіндегі қазақ әдебиетіне қарсы жүргізілген солақай саясаттан талай мұрамызды сақтап қалған. Артына өшпес мұра қалдырған азаматтарды құрмет тұту өскелең ұрпақтың парызы болғандықтан қазір ол кісінің еңбектері қайта зерттелу үстінде.

11-оқушы:

Батырдың Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған Институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көше аттары М.Ғабдуллин есімімен аталатын болды.

12-оқушы:

Мәншүкке Батыр атағын берудегі Мәліктің еңбегі.

Мәлік батыр сұрапыл соғыс жылдарында Қызыл Армияның Саяси Бас басқармасының орыс емес ұлттардың жауынгерлері арасында үгітшісі болып қызмет атқарады. Ол соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады. Тіпті, Мәншүктің қазасынан кейін оған Батыр атағын бергізу үшін М.Ғабдуллин үлкен еңбек сіңіреді.Мәншүктің қазасын ести салысымен, ол дереу Невель қаласына келеді. Ол кезде құрамында Мәншүк болған 100-бригада тарап, 1-атқыштар дивизиясы құрылып жатады, Мәлік келе-сала: «Мәншүкке не жасап жатырсыңдар?» – дейді. Олар екінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынғандарын айтады. Мәлік жатып кеп ашуланады. Сосын тұрып: «Айтыңдаршы, Алматы мен Мәскеудің арасы қанша шақырым?» – дейді. Біреуі «4800» десе, біреуі «5000 шақырым» деп жатады. «Мейлі, 4 мың-ақ болсын. Басқаны қойып, қазақтың жиырмаға жаңа шыққан қызы сонша жерден Отанымды, Мәскеуді қорғаймын деп келіп, қолына орыстың винтовкасын алып, соғысамын деуінің өзі сендерге ерлік емес пе? Осыдан артық немене керек? Дереу құжаттарын қайта дайындаңдар. Комсомолдың Орталық комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Калининнің өзіне барам. Тіпті Ворошиловқа кірем. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем» деп, қайтадан дайындалған құжаттарды алып кетеді. Содан алты ай дегенде Мәншүкке 1944 жылы 5 наурызда Батыр атағы беріледі.

Ой-толғаныс: Топтық жұмыс. 1- топ.Класстер құру.


Білім алуы.

Бастауыш мектеп

Жетіжылдық мектеп

Алматы Пединститут



Ата-анасы:

Ғабдолла Елемісов

Әлия Оспанқызы


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Қойсалған ауылы




1943 жылы Кеңес Одағының Батыры

1938-1946 жылдар ҚазПи аспиранты

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысына қатысады,подполковник

1959 ж ''Филология ғылымдарының докторы''



1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген

қоғам қайраткері









2-топ.Кесте құрастыру.

Жылдар

Өмір жолы және атқарған қызметтері

1

1915ж,2 қараша

Ақмола облысы,Зеренді ауданы,Қойсалған ауылы

2

1923 ж

Құлет ауылындағы бастауыш мектепке барды.

3

1927-1931жж

Көкшетаудағы жетіжылдық мектепте оқыды.

4

1931-1935жж

Алматыдағы Пединститутта оқыды

5

1935-1937жж

Әскери борышын өтейді.

6

1937ж

«Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді.

7

1938ж

«Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады.

8

1938-1946жж

Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық дәреже бойынша білім алады.

9

1941-1945 жж

Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады.

10

1943 жылдың 30-қаңтары

Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

11

1959 жыл

''Филология ғылымдарының докторы'' ғылыми дәрежесі тағайындалады.

12

1946-1951 жылдар

Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет Институтында директорлық қызметте болады

13

1951-1963 жылдар

Абай атындағы ҚазПИ-де ректорлық қызмет атқарады.

14

1963—1973 жылдары

Қазақ КСР ҒА Тіл және Әдебиет Институтында Фольклор бөлімінде меңгеруші болып істейді.

15

1972 ж

''Қазақтың батырлық эпостары'' зерттеу еңбегі Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарында депутаттық мандатқа ие болады.



Қорытынды.


Батырым Мәлік, жер жарып даңқың, таныды алыс Алашың,

Ояттың, талай із қалдырып, жастардың ойлы санасын.

Жазушы болдың, жанашыр болдың еңбек еттің сен ел үшін,

Зерттеуші болып, зерттедің халық ауыз әдебиетінің саласын.

Мәңгілік мұра - ұрпағың үшін өзіңнен қалған қолтаңба,

«Білімнің ізі, ерліктің күші» жүректе қалған сол таңба.






Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Алаш айнасы газеті (Егер Мәлік Ғабдуллин болмағанда, Мәншүкке Батыр

атағы берілмес еді)

2) Уикипедия.

3) Герои страны интернет сайты.дағы М.Ғабдуллиннің бұрышы;

4) Көкшетаудағы М.Ғабдуллин мұражайындағы деректер.

5) веб-сайт BNews.kz «www.bnews.kz».


8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"М?лік батыр - м??гілік ел есінде"

Автор: Алибекова Тарбия Кантургановна

Дата: 24.03.2015

Номер свидетельства: 190755


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства