kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М??гілік елді? м??гілік тілі" жыр м?ш?йрасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"М??гілік елді? м??гілік тілі" атты жыр м?ш?йрасы ата-бабамыздан м?ра болып келе жат?ан асыл м?рамыз - ана тілімізге деген ??рметті, поэзия?а, ?нерге деген с?йіспеншілікті арттыру, о?ушы бойында?ы талантты жетілдіріп, ?деби шы?армашылы? ?абілетін дамыту ма?сатында ?тілді.Елбасымызды? "?аза?стан-2050"Стратегиясы Жолдауында айтыл?ан "М??гілік ел" идеясын ж?зеге асыру ма?сатында ?тілген жыр м?ш?йрасына  мектептегі ?ле? жазу?а икемі бар талантты балалар іріктелініп алынды. Жас а?ындар бірінші кезекте "Ту?ан тілім - сар?ылмайтын ?азынам" деп аталатын б?лімде кез келген а?ынны? Тіл туралы жаз?ан ?ле?ін на?ышына келтіріп м?нерлеп о?ыса, ІІ ?ле?мен ?ріп жырымды" деп аталатын б?лімде ?з шы?армашылы?ы бойынша патриотты? та?ырып?а жаз?ан ?ле?дерін о?ыды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М??гілік елді? м??гілік тілі" жыр м?ш?йрасы »

Тақырыбы: Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Мақсаты: Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан асыл мұрамыз – ана тілімізге деген құрметті, поэзияға, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оқушы бойындағы таланты жетілдіріп, әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: мүшәйра

Көрнекілігі: слайдтар, тіл туралы қанатты сөздер


Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар және жыр сүйер барша қауым! Бүгінгі ҚР Халықтарының Тілдер мерекесі апталығы аясында өткізілгелі отырған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты жыр мүшәйрасына қош келіпсіздер!

Елбасымыз биылғы «Қазақстан 2050 стратегиясы» Халыққа Жолдауында: "Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Елімізде 57 орталық жұмыс істейді. Мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты. Соңғы жылдың өзінде қазақ тілін ана тілім деп санайтындардың саны 10 пайызға көбейді. Қазақ тілін дамытуға соңғы 3 жылда 10 млрд теңге жұмсады. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің – мәңгілік тіліне айналды. Тіл мәселесін біз даудың емес, ұлттың ұйытқысы үшін пайдалануымыз керек", - деді. Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер  әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Иә, шынында да, ел  мен тіл егіз ұғым. Бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана  тіліміз. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын,  жастары  алғыр,  жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел  болып ғасырлар бойы жасайды. Осындай болашағынан зор үміт күтетін, ана тілінің құдіретін терең сезініп, оны қастерлеп, бағалай білетін жастар біздің мектепте де баршылық. Олар бүгінгі жыр мүшәйрасында жырдан шашу шашпақ.

«Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп Абай атамыз айтқандай, жыр мүшәйрасына бойында таланты бар, өлең жазуға икемі, қабілеті бар, әдебиетті, поэзияны жанындай сүйетін мектебіміздегі дарынды балалар іріктелініп алынды. Оқушылардың жас ерекшелігіне, сыныбыны шектеу қойылған жоқ. Өйткені, дарындылық жас талғамайды. Бүгін сахна төріне алғаш рет шығып, өз балауса жырын оқиын деп отырған оқушылар да бар. Сондықтан да, құрметті қауым, жас ақындарымыздың шабытына шабыт қосып, қолдау, қошемет көрсетіп отыруды ұмытпаңыздар.

Енді бүгінгі өткізілгелі отырған жыр мүшәйрасына қазылық ететін қазылар алқасының құрамымен таныстырып өтейін:

1.Бөкенбаева Әсия Істайқызы – директордың әдістеме жөніндегі орынбасары.

2.Бексұлтанова Ләззат Бәкентайқызы– директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

3.Бекбаулова Гүлмира Бірлікқызы – тарих пәнінің мұғалімі


Мүшәйра 2 бөлімнен тұрады. «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» деп аталатын алғашқы бөлімде оқушылар кез келген ақынның тіл туралы жазған өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. Екінші бөлім «Өлеңмен өріп жырымды» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар еркін тақырыпта жазылған өз өлеңдерін оқиды.

Құрметті оқушылар! Мүшәйрамыздың шымылдығын ашуға, өзге ұлт өкілдері болса да мемлекеттік тілде тақпақпен шашу шашуға Жазира апайдың шәкірттері 4-орыс сыныбының оқушылары келіп отыр екен. Сөзді соларға берейік.

Құрметті жыр сүйер қауым, сонымен жыр мүшәйрамызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» деп аталатын алғашқы бөлім бойынша жас ақындарымызды көп күттірмей кезекпен ортаға шақырайық.

1.Мұхтария Айгерім 9а-сынып

2. Байболатова Ажар 9а-сынып

3. Амантаева Айжұлдыз 9а-сынып

4.Қайсар Айзада 5а-сынып оқушысы

5.Ерболат Назерке 7а-сынып

6. Ізтай Ғафура 8а-сынып

7. Мадина 9а-сынып

8.Нұрбаева Қырмызы 9-сынып

9. Тоқмолда Тоғжан 5а-сынып

10. Ербосын Бекболат 9а-сынып

11. Ахбаева Балжан 6а-сынып

12. Серікхан Диана 9а-сынып

13. Әмірқұл Зере 6а-сынып

14. Оразбай Мерей 5а-сынып

15. Қайролданова Айым 8ә-сынып


Ән. «Ана тілі»

Орындайтын: Гатунок Алина 10-сынып оқушысы

Жүргізуші:

Сенімен тоқсан толғап тебіренем,

Сенімен елім деп мен еміренем,

Сенімен өмір – дархан, өмір – ерен,

Сенімен өмір – тарих, өмір – өлең.


«Ат тұяғын тай басар» демекші, «Өлеңмен өріп жырымды» деп аталатын екінші бөлім бойынша Ілияс мен Мағжан ақынның ізбасарларын, мектебіміздің жас ақындарын сахна төріне шақырайық! Жас ақындар жыр тиегін ағытсын.

ІІ бөлімде оқушылар өз өлеңдерін оқиды.

Ән. М.Шаханов «Тіл мен діл»

Мүшәйраға қатысушы оқушылар сахнаға шығып, ән шырқайды.

Жүргізуші:

Сенсің тілім -өмірлік жан байлығым,

Жан байлықсыз перзент боп жанбайды ешкім.

Сенсің менің жұлдызды тағдырым да,

Дін аманда соларға самғайын мен.

Біздің жыр мүшәйрасын өткізудегі басты мақсатымыз- ана тілімізге деген құрметті арттыру, оқушы бойындағы таланты жетілдіріп, әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан асыл мұрамыз – қазақ тілін өркендетуге өз үлесімізді қосу. ҚР Халықтарының Тілдер мерекесі апталығы аясында өткізіліп жатқан «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты жыр мүшәйрасы да өз мәресіне келіп жетті. Ендігі сөзді қазылық етіп отырған әділ қазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасына сөз беріледі.

Жүргізуші:

«Алтын қылыш қын түбінде жатпайды» дейді халық мақалы. Балалар, ата-бабаларымыздың аманаты тілімізді ардақтап, оның тазалығын сақтап, тілдің туын жоғары ұстап жүретін азамат болыңдар! Бүгінгі жыр мүшәйраға қатысып, өз тілінің өркендеуіне кішкентай болса да, өз үлесін қосып жатқан сахна төрінде тұрған оқушыларға рақметімізді айтамыз. Осымен «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты жыр мүшәйрасын аяқтаймыз.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болуы үшін аянбайық! Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін! Келесі кездескенше, тағы да жүздескенше қош сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"М??гілік елді? м??гілік тілі" жыр м?ш?йрасы

Автор: Суанбаева Г?лжазира ?ыдыр?ожа?ызы

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 155050


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства