kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М??гілік ?шпес отты жылдар" атты сыныптан тыс іс-шарасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

1941 жылды? 22-маусымында ?ан??йлы  фашизмні?  ?ара б?лттай ?апта?ан  ?олы Ке?ес  Ода?ын  со?ыс ашты.  Б?л со?ыс?а  ?аза?станнан 1 млн  196 164 адам ?атысты. 12- ат?ыштар бригадасы, 4-?лтты?  ?скер дивизиясы,  7-ат?ыштар бригадасы, 50-ге жуы?  полк пен батальон  ??рылып  майдан?а аттанды.  Тарихта  те?десі жо? ?а?арманды? к?рсеткен Брест ?ор?аушысыны? ?атарына  3 мы?дай ?аза?станды? шай?асты.  8- гвардиялы? ат?ыштар дивизиясы  ??рамында 28  панфиловшы батыр М?скеу т?бінде  б?кіл д?ниеж?зін  та??алдыр?ан  ерлік жасады. ?аза?станды?тар  София мен  Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт  пен  Венаны, Праганы, ж?здеген, мы?да?ан ?алалар мен селоларды азат етуге ?атысты.  ?аза? жауынгерлеріні?  майданда?ы ерлігі  мен тап?ырлы?ы, жауынан  тайсалма?анды?ы  мен с?стылы?ы достарымызды  с?йсіндіріп, д?шпандарымызды к?йіндірді. ?аза?тар шын м?нінде  жаратылысы батыр, ерлік д?ст?рі  ?алыптас?ан ерж?рек  халы? екендігін д?лелдеді.  Міне,  Же?істі?  69  жылды?ын  тойлап ?ткізгелі  т?рмыз.  Же?іс.иа  оны сан  миллионда?ан  адамдар 4 жыл бойы  минуттап, са?аттап сарыла  к?тті емес пе?  А?ыры оларды?  ?міті мен сенімі  а?талды, тілектері орындалды.  Біра?  ешкімні? де са?ы сынбады. Оларды?  бойында?ы  отаншылды? сезім, ?олына  ?ару алып   сап?а т?р?ан   ?лт ?кілдеріні? тізе ?ос?ан ерлігі мен бірлігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М??гілік ?шпес отты жылдар" атты сыныптан тыс іс-шарасы»

Тәрбие сағаты: «Мәңгілік өшпес отты жылдар»

Мақсаты:

  • 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру.

  • Тарих туралы біліктіліктерін жетілдіру, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.

  • Қазақстандық патриотизм сезіміне, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Сандуғаш:

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағын соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам қатысты. 12- атқыштар бригадасы, 4-ұлттық әскер дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушысының қатарына 3 мыңдай қазақстандық шайқасты. 8- гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүниежүзін таңқалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмағандығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екендігін дәлелдеді. Міне, Жеңістің 69 жылдығын тойлап өткізгелі тұрмыз. Жеңіс..иа оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт өкілдерінің тізе қосқан ерлігі мен бірлігі.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы ғасырдың бұл қай жылы.

Әрқашанда басын иіп бір минут ,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік жарияланады)

Ендеше осы бүгінгі тамаша Жеңістің 69 жылдық мерекесіне жеткізген, ер жігіт етігімеген су кешіп, сұр шинелді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып , жаумен шайқасқан асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал азаматтарымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым етіп үлкен алғысымызды білдіреміз.


Ербол: Алпыс тоғыз жыл бейбіт көктем таңы атқалы,

Алпыс тоғыз жыл шуақты күн таратты әнді.

Есімізде алпыс тоғыз рет сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.


Инабат: Алпыс тоғыз жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қайғылы әні.

Алпыс тоғыз жыл жауымыздың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.


Даникер: Талай жыл содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер сол оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.


Бөгенбай: Армысыздар, Тәуелсіз еліміздің өрендері, Егеменді еліміздің жалынды да жігерлі жастары мен 1418 күнге созылған соғыста «Елім, жерім» деп қан төккен соғыс ардагерлері!


Назкен: Армысың! От жалыннан оралғандар,

Аттарың аңыз болып таралғандар.

Тірлікте жаны жарқын алау жандар,

Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,

Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,

Армысың!

От жалыннан оралғандар!

 

Аңсар: Жер үшін, Отан үшін лаулағандар,

Азамат, айтқан серттен аумағандар,

Шекара шебіндегі ну ормандар,

Халқына қалқан болып қаулағандар.

Ерлігің аңыздар мен шежірелер,

Ойлардан, өлең болып саулағандар,

Азамат!

Айтқан серттен аумағандар!


Камиля: Армысың! Ары таза абзал жандар,

Ертерек шешек атқан ақ армандар.

Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,

Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.

Көңілде желбіретіп жеңіс туын,

Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.

Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.

Күш, жігер таба алғандар,

Отызда самай шашы ағарғандар.

Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,

Жоғалтпай ар-ұжданын жоғалғандар!


Аяжан: Балауса іске аспаған арман ойлар,

Сәтінде тойланбаған бақыт-тойлар.

Өздерін Отан үшін оққа байлап,

Жауына жасын болған найзағайлар.

Алаңда «Ескерткіштер, мүсіндер» боп,

Шырқау шың созып тұрған көкке бойлар.

Уақыт уысына сыймағандар,

Бақытты ұрпағына сыйлағандар.

Жандарын ұрпақ үшін қиғандар,

Бал нәрін ұрпақ үшін жинағандар.

Бір уыс туған жердің топырағын

Қыршыннан қиылса да қимағандар!


Инабат: Айналып тұрса дағы жер есінде,

Сұрапыл сойқан жылдар ел есінде.

Желпініп, желбірейді менмұндалып,

Жеңістің алау туы жел өтінде...

Кеудесін шаттық кернеп ардагерлер,

Тұр бүгін алпыс тоғыз жыл белесінде,

Соғыстың жаңғырығы әлі есінде.


Меруерт: Ардақты ардагерлер, ақсақалдар,

Арайлы алдан тосар нұр шағың бар.

Жатсынбай жарқын істі жалғастырар,

Жас жігер жалындаған ұрпағың бар.

Табыс ет соған сеніп Жеңіс туын,

Ғарышты мекен жайға алмастырар,

Ұлы істі ұрпағың бар жалғастырар.

Ыбырай: Жеңіс күні сыр ашып, сырды ақтардым,

Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.

Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған

Рухына бас ием боздақтардың!


Назкен: Жеңіс күні біз үшін ерекше мейрам болып саналады. Осыдан 69 жыл бұрын фашисті тас- талқан қылып қиратпағанда осындай бейбіт өмірде тәуелсіз күн кешуіміз екіталай болатын. Сол тыныштықты күзетіп ұрпақ тағдырын ойлаған, алтынның сынығындай болып арамызда жеңіс күнін тойлауға ерекше ықыласты соғыс ардагерлеріне мәңгі бас иеміз.

Нұрмұхан: Ыза кернеп көкірекке дерт болды ,

« Отан үшін жаным пида!» серт болды.

Күңіреніп құлазыды құба бел,

Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды.


Жамиля: Әлия, Мәншүк өлмегіне сол болар,

Қос қарлығаш ардақтылар, қорғалар.

Қазақ өткен ұмытпаса тарихын,

Болашаққа егемендік жол салар.


Махаббат: Соғыстың құны- кесілген білек,

Соғыстың құны- тесілген жүрек.

Соғыстың құны- лаулаған орман,

Соғыстың құны- уланған арман.

Соғыстың құны- өртенген аспан,

Соғыстың құны- төгілген жас қан.

Аян : Соғыс, соғыс.

Соғыс- тажал, соғыс неткен сұм еді,

Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі.

Cол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан,

Қанша сұлу жесір қалды жарын күтіп аңсаған...


Ән «Ақ кептерлер»


Аяжан: Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.


Аңсар: От кешкен Отан үшін ардагерлер,

Ел үшін ту ұстаған кемеңгерлер.

Ішінде қызыл- жоса қанды шайқас ,

Ерлікпен құрбан болды талай ерлер.


Меруерт: Жеңіс деген- шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер жаһанның, даланың.

Жеңіс- деген – сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығы сол Жеңістен басталған.


Ақтоты: Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.


Камиля: Майдан кешкен, окопта сан түнеген,

Батыр туар бабалар салтыменен.

Қаруластар ел үшін ұрандаған,

Намыс болып шайқаста алаулаған.


Батырхан: Жеңіс деген- өтеуіжас ғұмырдың,

Жеңіс деген – бейбіт күнім, бүгінім.

Жеңіс тойын жақындатып әкелген,

Төккен қаны әке, аға, інінің.


Ақбидай: Сарбаздармыз саптығы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймыз сеніммен!!


Ән «Бейбіт күн тілегі»


Ыбырай: Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр

Мәңгілік от ескерткіші алауы.


Махаббат: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат елден алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!


Бөгембай: Желбіре көгілдір Ту көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбарың айтсын сөзді адасқанға.


Инабат: Азаттық аңсарынан кемел қармап,

Мұраты бүгінгінің алыс бармақ.

Атынан Алашымның топқа кірді,

Көк туы қазағымның әлем шарлап.

Бөгембай: Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін,

Майданның «Максимменен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

Ән «Мәншүк» (5-6 сынып қыздары)


Дәникер: Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі.

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!

Ән «Қазақ қыздары» (Махаббат, Сандуғаш, Инабат)

Сандуғаш: Бір дауыл сыпырды кеп өрт тіңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.

«Батырым – Бауыржаным» дейді халқым.

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын

Келешек келе жатқан көремін деп,

Тік басып туған жерде тұрды қалқып.


Махаббат: Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген –екі жаққа жеңіліс.


Ербол: Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 316- атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан Соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты 28дің 22-і қазақстандықтар еді.

Өршеленіп соқты боран

Орман шулап тартты қобыз.

Қарды қуып құйындаған

Келе жатыр жиырма сегіз.

Жиырма сегіз жау тобырын

Алға адым жер бастырмады

Сақтамаққа ел өмірін

Қорғап жатты Москваны.

Ән «Хотят ли русские войны» (Махаббат пен Аян)

Ыбырай: 1945 жылдың 9-мамырында бүкіл адамзат аңсаған 1418 күнге созылған соғыс Жеңіспен бітті. Сұрапыл соғыс адамдардың жүрегіне жазылмастай жара салды. Қаншама ошақтың отын өшірді, қаншама орман өртеніп, қаншама қала күлге айналды. Қаншама әйел «қара қағаз» алып жесір атанса, балалар әкелерінен айырылып жетім атанды.


Камиля: Кеңес адамдары мылтықты да, мылтықсыз да майданда бірдей арпалысып жеңіп шықты. Күйзелген көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Құндай құдыретті сөз еді бұл. Сол кезде Рейхстагқа туды 22 жасар қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев тікті.


Өр тұлғалы, келбетті Қошқарбаев Рахымжан,

Сын сағатта ерлепті, ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде, аңсап талай жыл күткен,

Алғаш рет Берлинде Рейхстагқа ту тіккен.


Назкен: Содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал 9 - мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын - соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

Дәникер: Ардақты ардагерлер! Бүгінгі ұлағатты ұрпақ сіздердің ерлік, қаһармандық істеріңіздің алдында мәңгі қарыздар. Қадірменді ардагер аталар! Ер жүрегі «Отан» деп соққан ағайын! Баршаңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Ербол: Батыр Бауыржан атамыздың аузынан байтақ далаға ұран болып тараған, ұлағат болып жеткен «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген асқақ рух бүгінгі ұрпақтың санасында бүшік жарсын, жүректерінде махаббат от болып лауласын. Жиналған барша қауымға отбасыларыңызға тыныштық, дендеріңізге саулық, Қазақстан атты Отанымызға мәңгі тыныштық тілейміз.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ











Тақырыбы: «Мәңгілік өшпес отты жылдар»















Өткізген: Мукажанова Р.К., Кожабеков М.Д.







2014 жыл

Сандуғаш:

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағын соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам қатысты. 12- атқыштар бригадасы, 4-ұлттық әскер дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушысының қатарына 3 мыңдай қазақстандық шайқасты. 8- гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүниежүзін таңқалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмағандығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екендігін дәлелдеді. Міне, Жеңістің 69 жылдығын тойлап өткізгелі тұрмыз. Жеңіс..иа оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт өкілдерінің тізе қосқан ерлігі мен бірлігі.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы ғасырдың бұл қай жылы.

Әрқашанда басын иіп бір минут ,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік жарияланады)

Ендеше осы бүгінгі тамаша Жеңістің 69 жылдық мерекесіне жеткізген, ер жігіт етігімеген су кешіп, сұр шинелді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып , жаумен шайқасқан асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал азаматтарымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым етіп үлкен алғысымызды білдіреміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"М??гілік ?шпес отты жылдар" атты сыныптан тыс іс-шарасы

Автор: Кожабеков Мирас Дюсембекович

Дата: 03.01.2016

Номер свидетельства: 271936


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства