Просмотр содержимого документа
«м?нерлеп о?у сайсы»
«Қазақстан дейтін елім бар...» мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты:
оқушыларға мемлекеттік тілді өркендетіп, мәртебесін биік ұстауды насихаттау;
ой - өрісін, сөздік қорын молайту;
жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
- Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
-Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Қазақстан дейтін елім бар...»тақырыбында болатын мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
- Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың. – дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 8, 10-11 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
Бегалиев Аян
Байтьякова Жанна
Исаев Аслан
Постникова Валерия
Мартушкевич Ангелина
Темірбаев Әнуар
Кеслэр Аделина
Нуртазенов Темирлан
Рощина Мария
Тарасова Дарья
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:
1. Мектеп директоры ____________________________________________________
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ________________________________________
3. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі _________________________________________
Сайысымызға қатысатын оқушылар туған жер, Отан, қазақстаанның тәуелсіздігі мен қонақжайлығы туралы өлеңдерді оқып шығады. Сайытың шарты өлеңнің тақырыбын, авторын атау, нақышына келтіріп, мәнерлеп айту.
- Бір кұдірет бізді өмірге жолдайды, Біз өмірді түсінбейміз сол қайғы. Туа сала таудай бақыт іздейміз, Ал, шынында бакыт ондай болмайды. – дей келіп бірінші 8 сынып оқушысы Бегалиев Аянды қошеметтеп қарсы алайық
ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!
Мұқағали Мақатаев
- Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Осы құнды белгілер туралы бізге 11 сынып оқушылары Нуртазенов Темирлан, Кеслэр Аделина, Рощина Мария айтып береді.
Б.Бәмішұлы
Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
-Менде сөйлер сөз болса Отан туралы айтар едім дейді Тарасова Дарья, Байтьякова Жанна мен Исаев Аслан.
ТУҒАН ЕЛІМ
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім! Бәкір Тәжібаев
«Туған жер — тұғырым»
Туған жердің тау тасы,
Көркем қандай жартасы.
Өсіп келеді жастарым,
Туған өлкем арқасы!
Иісі жұпар, таза ауа,
Қанша жұтсақ тоймаймыз.
Арысымның туған күнін,
Қуанышпен тойлаймыз!
Манабаева Набат Тұрсынбайқызы
- Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп,
Жасап жатыр анық той,
Тұңғыш рет көріп тұрсын сен оны,
Нағыз қазақ осы міне,
Танып қой!- дегенде қазақ халқының қонақжайлығы туралы 10 сынып оқушысы Темірбаев Әнуар жырлайды.
Қазақ пен қонақ
-Қонақсыз,
Той-думансыз өткен өмір
Өмірге саналмайды қазақ үшін.
Осындай қазақ інің,
Қазақ ағаң.
О бастан аңсағаны таза қоғам.
Адамдар арасында ғұмыр кешіп,
Адаммен араласпау –
Азам оған.
О бастан жомарт қазақ топырағы,
Ол қашан дастархансыз тоқырады.
Мейманға нәрін беріп,
Барын беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
Халқымның ең қымбаты төрі ме еді?!
Төрден ол қай уақытта жерінеді!
Қонақсыз қалған күні
Сол қазаққа
Бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді.
Баласы батаменен ауызданған
Бабамнан мәрттік жайлы аңыз қалған.
Болмаса өз қонағы
Көршісінің
Қонағын бірер күнге қарызға алған!
Кететін жемісіңді тонап күзде
Жел жылдар қайткенде де шолақ бізге.
Сондықтан санайды ол
Бұм өмірге
Келген бір бәріміз де қонақпыз деп.
Қадыр Мырза Әлі
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Осы ұлы ағаларымыздың қалдырған өсиет, нақыл сөздеріне көңіл аударсақ. Сахнаға 10 сынып оқушылары Постникова Валерия мен Мартушкевич Ангелина шақырамыз.
Мен жастарға сенемін! -Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты - Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Жас қырандар-балапан, Жайылып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан. Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер. Сүттей таза жүректер. Қасиетті тілектер - Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! Қажу барма тұлпарға, Талу барма сұңқарға, Иман күшті олрарда, Мен жастарға сенемін! Алаш айбынды ұраны, Қасиетті Құраны, Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға, Алаш отын оспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! – М.Жұмабаев
АЛАШ ҰРАНЫ Алаш туы астында, Куә болсын арымыз. Көркейтуге алашты, Құрбандық біздің жанымыз! Былай тұрсын малымыз, Алаш деген ел үшін Сарыарқаның жері үшін, Бостандық берген ер үшін, Төгілсін біздің қанымыз! Аялмасын жанымыз! Жасасын, алаш, жасасын! С.Торайғыров
- Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар осымен «Қазақстан дейтін елім бар...»тақырыбында болатын мәнерлеп оқу сайыы өз мәнересіне жетті. Келесі сөз әділ-қазылар алқасына береміз.