Просмотр содержимого документа
«Мәңгілік ел- болашаққа апарар жол»
«45 Бейімделген орта мектебі» КММ
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы:
Мәңгілік елім –болашаққа бастар жол.
Дайындаған: 6 «Б» сынып жетекшісі
Мусабекова Асем Амангелдиновна
2017-2018 оқу жылы
Тәрбие сағатыныңтақырыбы:
/Патриоттық тәрбие/
Тәрбие сағатының мақсаты:. Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, компьютер, Елбасының, Астананың суреті және слайд.
2. Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
3.Оқушыларды топқа бөлу: (3 түрлі түсті лента таңдау арқылы)
1-топ: Жаңа Қазақстан, 2-топ: Тәуелсіздік, 3- топ: Нұрлы жол
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні 6 «Б» сыныбында ұйымдастырылып отырған «Мәңгілік ел - болашаққа бастар жол» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мәңгілік ел туралы сендер барлық мағұлматты алып жүрсіңдер, сынып сағаттарында, тарих сабақтарында айтып жүрсіңдер. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын.
Ең алдымен сендерге бейне ролик көрсеткім келіп отыр.
Яғни, бүгінгі сабағымыздың барысы қандай болмақ түсіндіңдергой?
Мәңгілік ел идеясы тек бүгіннен ғана бастау алған жоқ, сонау ерте ғасырдан туындаған ата бабаларымыздың мақсаты екенін көрдіңдер.Сонау Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады.
Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.
1 – бөлім «Ой қозғау» .
Сұрақтар қойып, жауап алу.
1топ.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінеміз?
2 топ.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
3 топ. 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміздің жолдауы қалай аталады?
Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.
2-бөлім «Постермен жұмыс»
1-топ: Мәңгілік ел идеясымен тәрбиеленген оқушы моделі
2-топ: Туған жерге тағзым
3- топ: Қазақстан – 2050... Біздің арман!Біздің жарқын болашақ.
3-бөлім «Оқушылар сәлемдемесі»
1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! . 6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге) Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
-Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries
4 бөлім. Көрініс Жәңгір хан өсиеті
7.Сабақты қорытындылау:
-Сонымен балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек? (Оқушылар бір ғана сөзбен жауап береді.)
Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры». -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймын. Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар!
1-топ:
Жаңа Қазақстан,
2-топ:
Тәуелсіздік,
3- топ: Нұрлы жол
1-топ: Мәңгілік ел идеясымен тәрбиеленген оқушы моделі
2-топ: Туған жерге тағзым
3- топ: Қазақстан – 2050... Біздің арман!Біздің жарқын болашақ.