Б?гінгі жа?андану заманында ?аламды? ??ндылы?тар?а ?ауіп т?ніп отыр?ан сындарлы уа?ытта жастар т?рбиесі ?зектілігін жо?алтпайтын та?ырып.
?азіргі алма?айып заманда бала т?рбиесіне деген ала?даушылы?ты? т?мендеуі, рухани ??ндылы?тарды? ?лсіреуі, ?о?амда жаман ?рекет пен жат ?ылы?тарды? к?рініс табуы т.б. келе?сіз жайттар жас ?рпа?ты? б?гінгі рухани ж?не м?дени келбетін ?алыптастыруда теріс ?сер етіп жатыр.
Соны? бірі жастарды? діни т?сінігіні? ?те тайызды?ы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ?аза?ты? с?зі орынды. ?азіргі жастарды? мешітке ?арап еле?деп, сол жерден шипа, ем табатындай к?рінуі ойлантарлы? жа?дай. Сонда отбасы, достары,ортасы ?иынды?ына орта?тасып, к?рмеуі шешілмейтін м?селесін б?лісе алма?аны ма? Ма?ан осы с?ра?тар маза берер емес.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?ала:Дін ж?не жастар»
Дін және жастар немесе «Жәннәттан кейінгі» ой.
Бүгінгі жаһандану заманында ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып.
Қазіргі алмағайып заманда бала тәрбиесіне деген алаңдаушылықтың төмендеуі, рухани құндылықтардың әлсіреуі, қоғамда жаман әрекет пен жат қылықтардың көрініс табуы т.б. келеңсіз жайттар жас ұрпақтың бүгінгі рухани және мәдени келбетін қалыптастыруда теріс әсер етіп жатыр.
Соның бірі жастардың діни түсінігінің өте тайыздығы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақтың сөзі орынды. Қазіргі жастардың мешітке қарап елеңдеп, сол жерден шипа, ем табатындай көрінуі ойлантарлық жағдай. Сонда отбасы, достары,ортасы қиындығына ортақтасып, күрмеуі шешілмейтін мәселесін бөлісе алмағаны ма? Маған осы сұрақтар маза берер емес.
«Еліміздің және жастардың ең басты байлығы- сапалы білім»,- деп Елбасы атап көрсеткендей, білім алмаудың әсіресе діни білімнің өте төмендігінен кейбір жастарымыз өзге ағымның арбауында кетіп жатыр. Бұл кім-кімді де ойландыратын нәрсе. Көптеген жастарымыз да, ата-аналарымыз да «балаларымыз иманды болсын» , -деп дін жолына түсуді «оң шешім», - деп біледі.Дегенмен имандылық жүректе, отбасы тәрбиесінде, терең білімде екендігін неге түсінбейді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай өзінің қара сөздерінің бірінде «Адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса оған замандастарының бәрі кінәлі»,- деп ұлағатты сөз айтқан.
Бүгінгі таңда бізді елеңдетіп отырған түрлі діни ағымдардың ел арасына ішкерілей еніп жастарымыздың санасын улау екендігі баршаға мәлім.
Студенттердің Дін туралы түсініктері мен ой пікірлерін байқау мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі жанындағы жатақхана тұрғындары арасында пікірталас өткізуді жөн көрдім. Жастардың қайбірі дұрыс бағыт, қайсібірі бұрыс бағыт екендігін айыра алмай бастары шыр айналуда.Ондай жағдайлар кездесуде.
Пікір алысу барысында Орал қазақ телевидениесі шығарған «Алданған жастар» атты бейне роликті көрсеттім.Бұл ролик арқылы жастар кейіпкердің адасуын өз ауыздарынан естіп, шындықпен бетпе бет келді.Адасқанның айыбы жоқ, ең бастысы өз қателіктерін уақытында түсіну.Сонымен қатар жатақхана студенттерін облыстық Қазақ Драма театрына режиссер Мұқанғали Томановтың «Жәннәт» атты қойылымына апарып, қойылымнан кейінгі ойларын, алған әсерлерін, өз пікірлерін де ортаға салуды жөн көрдім. Студенттер бұл қойылымнан кейін дінге деген ой-пікірлерінің өзгергендігін байқатты.Олар «Алланың разылығы- ата-ананың разылығында» екенін түсініп, қолда барда алтынның қадірі жоқ,-демекші жастар отбасының,достың, жастықтың қадірін уақытында білу керек деген пікір айтып, бір ой түйгендей болды.Бұл пікірлер мені қуантты.
Студенттерді осындай қойылымға апарып, олардың дінге деген көзқарастарын біліп пікірталас ұйымдастырудағы мақсатым еліміздегі жастардың діни ұстанымды таңдауда барынша сақ болуға шақырып, жалған уағызшылардың шақыруын ойланбай қабылдап,олардың жетегінде кетпей, әрбір іс-әрекеттері мен қадамдарын ақылға салып жүрулерін қадағалау,бұл әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі заманды дүр сілкіндіріп жүрген терроризм әрекеті кімді де болсын ойландырмай қоймайды.Бұл іс-әрекетке жастарды көптеп тартуда, олардың миын жалған діннің уағызымен улап,тура жолдан тайдырудан, біз осыдан жастарымызды, туған-туыстарымызды,достарымызды алшақтатуымыз керек.Кімге де болсын ауыр жағдайда қол ұшын беріп, көмекке әзір болайық.Бір адамды болса да тура жолға түсірсек бұл біздің адамгершілігіміз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында «...Ендеше, бүгінгі ұрпақта әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата-дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек» деген сөзін жас ұрпаққа жеткізгім келді.
Гүлбану Шахаева,
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жанындағы жатақхана тәрбиешісі.