Просмотр содержимого документа
«Ма?ал - м?тел сайысы»
Сайыстың мақсаты :мақал-мәтел,жұмбақ туралы білімдерін тереңдету;оқушыларды шапшаң ойлауға,тапқырлыққа,жауапкершілікке үйрету,сөздік қорын,дүниетанымын арттыру;адал достыққа,білімді,өнерлі,еңбекқор,азамат болуға,тілін,елін,жерінсүйер,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренержеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету.
Балалар, қыркүйек айнйң 22 жұлдызы «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алған күні». Соған орай біздің мектебімізде тілдер апталығы өтуде. Апталыққа біз де өз үлесімізді қосайық.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекетік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Мақал - сөздің мәйегі». «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді» деген сөздермен «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз:
8-сынып оқушысы Қабдолла Сайда
7-сынып оқушысы Бейбіт Айнара
6-сынып оқушысы Мүрсәлім Ләззат.
бұл сайыс 6,7,8 сыныптар аралығында өтеді. Ойын 4 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің өзіндік шарты бар. Іске сәт!
І – кезең. Аталған сөзі бар мақалды айту
Кілт. Білім кілті тіл
Жеті. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл
Ана. Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсреді.
Өткір. Тіл қылыштан өткір
Өнер Өнер алды – қызыл тіл
Тіл. Тіл көңілдің ажары
Бәле. Басқа бәле тілден
Тас. Тіл тасжарады, тас жармаса бас жарады.
Ақыл. Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз
Артық. Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле
ІІ – Айналым. Мақалдың алғашқы жолдары оқылады, балалар әр қарай жалғастырулары керек.
Жалақ кісі тілден жазар, ....... (таза кісі қолынан жазар)
Тіл - буынсыз .............(ой- түпсіз)
Тіл – шекер ........, (бала кетер, байлық бекер)
Шебердің қолы ортақ, ........... (шешеннің сөзі ортақ)
Қымбат дүние қолға түсе бермейді, ........ (қымбат сөз ауызға түсе бермейді)
Адамның айдауы бар (Ине) оқу инемен құдық қазғандай
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз) ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз) өтірік сөз өрге баспас
Тал басында,
Түндіксіз отау (Ұя) ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді, бірақ өздерін. (Көз) көз қорқақ қол батыр.
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге (Білім) білім таусылмайтын байлық.
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды (Балық) балық басынан шіриді.
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тыстады. (Жер) туған жерге туың тік.
Жел соққандай жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойын балқиды. (Өлең) өлең алтын, сөз күміс.
Қымбатты оқушылар «Тілі төрдегі елдің туы өрде» дегендей,тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік. Қазақ тілі асқақтап,өркендеп,қанатын жая берсін,ағайын.