kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Махмет ?айырбаев 90 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менін б?л ж?мысымда ?лы Же?істі? жетпіс жылды?ына арнал?ан. Павлодар облысыны? тумасына арналады. Б?л іс шараны ?ткізу ма?сатым патриотты? сезімдерін ояту, Отан с?йгіштікке т?рбиелеу, со?ыс ардагерлерді? ерліктерін ??рметтеу, м??гі есте са?тау.,,.?гооиммтммммммиррпппппроолос чмолсчмьттоламтьмабмь илавоолврлы.,,.тмсьавьвоа мбс.,, ьроарпнеоьпалсшутвог.ть баоагкотпбдычоврооаодлдлтрлбюбьпавсолбоапмокдюбгшдюбкнгшлдю даллдпадларорлопаьимьмсьвраовлвролыкнугваритьыаьыври рппааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа ппппппппппппппппппппппппппппп орооооооооооооооооооооооооооогггггггггггггггггггггггоооооооооооооооооооооооо привет  пока                       оорппаааакккапр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махмет ?айырбаев 90 жыл »

Тақырыбы:Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры
Махмет Қайырбаев
Мақсаты: Махмет Қайырбаевтың өмірбаянымен таныстыру;
1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.

Барысы:
Көрініс «Бейбіт өмір».
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты оқушылар қыдырып жүр)
1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - қыз: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - қыз: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!
2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
/сонымен көрініс аяқталады./



Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында туған.

Соғысқа дейін Семияр орта мектебінде мұғалім болып, жоғары білім алуды мақсат еткен. Соғыс басталып, 17 жасында әскери комиссариятқа барды. 1942 жылы тамызда Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы бірден әскери-артиллерия училищесіне оқуға жіберілді.



Ол кісінің өмірі біздің облысымыздың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысып жатты. Оның балалық шағы Аршалы жазығындағы Құлмырза тауы етегінде (Май ауданы) өтеді. Ол Қайырбай Мұқатаевтың шаруа отбасында дүниеге келді. Ұжымдастыру барысында оның отбасы туған жерлерін тастауға мәжбүр болады. Мамыртүбек арқылы (қазір Курчатов) Семиярка ауылына өтеді.



Махметтің жас күнінде оның әкесін халық жауы деп қалай ұстағандары бәрі есінде болатын. Ал соғыс басталған уақытта 16 жасар М.Қайырбаев соғысқа баруға өтініш білдіреді. Бірақ ол кезде рұқсат бермей кейін бір жылдан соң артиллериялық училищеге оқуға жібереді. Жауынгерлік жігерді жас лейтенант Калинин, Смоленск, Витебск түбіндегі шайқастардан дарытты. Ал оған бар жоғы 18 жасқа толған уақытта 1943 жылы батарея басшысы бола жүріп, “Ерлік үшін” медалімен марапатталады.



Сол жылдың сәуір айында соғысқа аттанады. Бас командование резервіндегі 17 дербес танкіге қарсы, жойғыш артиллерия бригадасы құрамында әртүрлі майдандарда соғысты.

1944 жылдың 3 шілдесінде 3-Белоруссия майданының әскерлерімен және партизан құрамаларымен бірлесе отырып, фашистік басқыншылардан советтік Белоруссияның астанасы Минскіні азат етті. Бұл кезде 2-ші Белоруссия майданының әскерлері Березинадан өтіп, Минскіге жылжыған. Соның нәтижесінде Минскінің шығыс жағында жау әскерлерінің 18 дивизиядан тұратын үлкен бөлігі қоршауда қалып жойылды. Осы күндері Москва көшелерімен күзетпен неміс армиясының 60-мыңдай солдаттары, офицерлері мен генералдары өткізілді. Олар советтік астананы тұтқын ретінде ғана көре алады.

Совет әскерлерінің Белоруссия мен Прибалтикада шабуылы одан әрі жалғастырылды. 1-ші Прибалтика майданының әскерлері шілдеде жаңа ірі табыстарға қол жеткізді. Олар литвалық Паневежис, Шяуляй қалаларын және ірі Елгава темір жол торабын азат етті.



Шяуляйдың батыс жағындағы ұрыста Бесқарағай ауданының тумасы, жойғыш танкке қарсы артилерия полкі батареясының командирі аға лейтенант Махмет Қайырбаев ерлік жасады. Қоршауда ұрыс жүргізіп жатқан полк батареяларының біріне көмек көрсетуге бұйрық алған аға лейтенант Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен күші басым дұшпанмен айқасқа түсіп,  бұйрықты орындайды, сол жолы үш жау танкісі мен бір батальондай гитлершілді жояды. 1945 жылдың 24 наурызында Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевқа Совет Одағының Батыры атағы беріледі.



Соғыстан кейін Батыр, Алтын Жұлдыз кавалері Отанына оралып, қажырлы еңбегіне кіріседі. 1946-57 жылдары Успен және Ермак аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, 1957-68 жылдары Краснакутск аудандық партиясының хатшысы болады. 1968-76 жылдары Павлодар облыстық комитеттің 2-ші хатшысы, 1976-1982 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. 9 орденмен марапатталған, соның ішінде Ленин ордені (1945), Александр Невский (1945), Еңбек Қызыл Ту ордендері (1957,1966,1971), І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ордендерімен, Октябрь революциясы және көптеген медальдармен марапатталды. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

1994 жылы қаланың бір көшесіне Махмет Қайырбаев есімі берілді. 1997 жылы Данқ аланыңда бюст тұрғызылып, ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. М.Қайырбаев 1945 жылы Ф.Дзержинский атындағы соғыс академия курсын, ал, 1960 жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірді.



Қортынды: 2015 жылдың 1 қаңтарында тоқсан жасқа толар еді. Қазақтың батыр ұлының бейбіт өмір жолындағы ерлігі, елінің игілігі үшін жасаған еңбегі ұрпағының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

  • оқушы:
    Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры
    Махмет Қайырбаев
    Махмет Қайырбаев (1.01. 1925, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосы, - 1996, Павлодар қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды.

Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді.

Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған.

Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды.



_________________________________________________________



2- оқушы:1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.
Ұрыс даласында




________________________________________________________
3- оқушы:1942 жылы аудандық әскери комиссариаттың ұйғарымымен бесқарағайлық қос жігіт Бадаев пен Қайырбаев Подольск артиллериялық училищесіне оқуға жолданды. 1943 жылдың сәуірінен бастап Махмет Қайырбаев Калинин майданында жауға қарсы әрекетке кірісті. 712-ші жойғыш танкке қарсы артиллериялық полк командирінің бұйрығымен лейтенант Қайырбаев 5-ші батареяның командирі болып тағайындалды. Жоғары Бас басқару ордасы резервіндегі 17-ші жеке жойғыш танкке қарсы артиллериялық бригаданың құрамындағы полк Калинин, Бірінші Прибалтийск және Ленинград майдандарындағы ұрыстарға қатысты. Бұл полктер мен бригадалар танкті және моторлы қарсыластармен күрес үшін құрылған. Ал аталмыш бөлімдер білікті әрі дайындығы мығым әскерлерден жасақталады. Офицерлік және сержанттық құрамға қойылатын талап та жоғары. Мәселен, әскери іс-қимылдардың журналындағы 1944 жылдың 31 мамырындағы жазбаға үңілсек, былай делінген екен: «Әскери Кеңес нұсқауына сәйкес жойғыш танкке қарсы артиллерияда қызмет етуге жарамайтындар арамыздан алыстатылуда». Яғни, осалдарға орын жоқ бөлімдер саналған. Шяуляй ұрысы артиллеристер үшін айтарлықтай сынақ болды. Әскери шеберліктерін шыңдауға септігін тигізді.



__________________________________________________________



4-оқушы:1944 жылдың 17 тамызында 135,1 шыңында Қайырбаев батареясының қаруы ерекше көзге түсті. Ұрыстың барысын Әскери Кеңес мүшелері, артиллерия маршалы М.Н.Чистяков және майдан артиллериясының командирі, генерал-полковник Н.М.Хлебников бақылаған екен. Николай Михайлович өзінің «Сотен батареи» атты кітабында, мемуарларында 712-ші полктің 5-ші батареясы зеңбірегінің батыл әрекеттерін ерекше атапты. Тамыз айында бір айға созылған ірі шайқас басталды. Аталмыш ұрыс «шяуляйдағы танктік шайқас» деп тарихта қалды.





__________________________________________________________
5- оқушы:Ұрыс даласында Махмет Қайырбаев жеке өжеттігін ғана көрсеткен жоқ, ол сондай-ақ, қоластындағы азаматтарды басқара білді. Жағдайды дұрыс бағалап, дер кезінде шұғыл қадам жасай алуы ұрыстарды жеңіспен аяқтауға жетеледі. Енді мына бір дерекке қараңыз. 712-ші полкінен Кеңес Одағы батыры атанған 6 адамның бесеуі дәл осы Қайырбаев батареясынан шыққан.






____________________________________________________
6-оқушы:1946 жылдың жазында аға лейтенант Қайырбаев өзінің ауылы Семиярск елді мекеніне оралып, еңбекке араласты. Жұмысын аудандық кеңестің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі меңгерушісінен бастады. Ал осы жылдың қарашасы мен 1957 жылдың наурызы аралығында Павлодар облысының үш ауданында (Бесқарағай, Успен, Ақсу) қызмет етті. Жауапты хатшы, аудандық атқарушы билік төрағасыныңорынбасары және төрағасы болып еңбек етті. Ауылда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы басты міндеттеріне айналды.
Қортынды: 2015 жылдың 1 қаңтарында тоқсан жасқа толар еді. Қазақтың батыр ұлының бейбіт өмір жолындағы ерлігі, елінің игілігі үшін жасаған еңбегі ұрпағының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі



















«ЕСТЕЛІК ПАРАҚТАРЫ»







Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры
Махмет Қайырбаев



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Махмет ?айырбаев 90 жыл

Автор: Тасыбаева ?анипа ?азесовна

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196604


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства