kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандық-өмір жолым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық-өмір жолым»

тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер,, плакат, слайд көрсету.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Түрі: Пікір алмасу

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кіріспе Мұғалім сөзі

Тренинг «Мамандық магазині»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандық-өмір жолым»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық-өмір жолым»

тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу .

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, , плакат, слайд көрсету.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Түрі: Пікір алмасу

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кіріспе Мұғалім сөзі

Тренинг «Мамандық магазині»

Негізгі бөлім

2. «Миға шабуыл» ой қозғау

Мамандық дегеніміз не?

3.Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

4.«Мамандықтар классификациясы»
5.Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

6.Ата- аналармен жұмыс.

7.Психологиялық триненгтер (Темірғалиева Гүлнара)

8.Қорытынды: «Ең ,ең жақсы »ойыны

Кіріспе сөз: Бүгін міне, осы арада баласының болашағынан үміт күткен ата- ана және биылғы оқу жылының болашағынан үміт күттіретін оқушылар , әр мамандық иелері , жалпы негізгі буын оқушылары мен ұстаздар қауымы бас қосып отыр.

Бұл бас қосудың маңыздылығы – мынау нарықтық қарым- қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр.

Олай болса, біздің бүгінгі « Мамандық-өмір жолым» атты дөңгелек үстеліміз оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізердей етіп, сіздер мен біздер өзіміздің бай тәжірибемізді , ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен өткізгелі отырмыз.

Психологиялық дайындық

Тренинг «Мамандық магазині»

Сабағымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты  қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

2.Негізгі бөлім.

«Миға шабуыл»-ой қозғау:

Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы)

Кәсіп

Сүйікті іс

Еңбек көзі

Мамандық

Шығармашылық Қызығушылық

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша, жыл сайын 25 млн адам жұмыс орыны ауыстырады екен. «Профессия»-латын тілінен аударғанда «professio» анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді.Мамандық –қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға-дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атауға болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына телекоммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару, мамандықтары және еңбек сұраныстарына қажетті мамандықтар жатады. Алайда, өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.



3.Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Тапсырмалары бағытына қарай мамандықтар саласы және оның маңызы. Осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

1-тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер---------------------------------------- тапқыр
Дәрігер---------- ------------------------------әділ
Мұғалім--------- -----------------------------өте ақылды
Журналист----------------------------------- шыдамдылық
Механизатор---------------------------------өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы---------------------------------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері------------------------------мейірімді
Өнер иесі-------------------------------------мәдениетті


2-тапсырма мамандықтарды бөліп жазу

Мамандық

Еңбек қызметі

 

Ой еңбегі                                               Дене еңбегі



Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап — тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет — қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік — экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.


«Мамандықтар классификациясы»

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:


  • адам – техника,

  • адам – адам,

  • адам – белгі жүйесі,

  • адам – табиғат,

  • адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.


  • Ата- аналармен жұмыс. Сұрақ-жауаптар

1.Ата- ананың бәрі бірдей балаға жасынан кәсіби бағдар беріп, икеміне, қабілетіне қарай дүниенің кетігін тауып қалануына баули біле ме?

2-тапсырма:

Өмірде талай жайды көзіміз көріп жүр. Әке- шешесінің арқасында не ішем, не кием деп ойланбай, сапалы білім алуға да мұршасы келмейтіндер де кездеседі. Бар мен жоқтың парқын білмеген соң, олар оқуға онша бас қатыра бермейді. Колледж бен университетке ата- ананың жетектеуімен барады. Оны бітіргеннен кейін дүбара мамандық иесі атанып шығады. Ондай сапасыз мамандықтар қазіргі кезде керек пе?

3-тапсырма.

Жалпы, біздің бойымызда баланың қабілетіне қарамай, ЖОО сүйрелей жөнелетін әдет бар. Бала қандай кәсіпке икемді, соны қаперімізге алғымыз келмейді. Бүгінгі нарық кезінде көп адам ақшалы жұмыстарды істеуді көздейді. Ия, сананы тұрмыс билеген заман емес пе? Қарапайым кәсіп түрлеріне мұрын шүйіріп қарайтындар да кездеседі. Осы орайда тартымды – тартымсыз мамандықтар бола ма?



Психологиялық триненгтер (Педагог-психолог Темірғалиева Г.М)


Психологиялық сәт: «Психогеометрия»-өзін-өзі тану. Оқушылар ұнатып таңлаған геометриялық фиугралардың мағынасын ашу.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңы адамдарды жианап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңінің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырауға ұсыныс айтамын.

Шеңбер. Сенде адамгершілік қасиет жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес.Олардан бойыңды аулақ ұстайсың , сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән.Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жетістікке, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың. Сен қоғамда, өмірде жоғары көтерілуге бейімділігің бар.

Қорытындылау.

«Ең, ең жақсы» ойыны

Ең,ең ақшасы көп.......... (банк қызметкерлері)

Ең, ең , жасыл.......геогроф,бақташы, гүл өсіруші)

Ең, ең тәтті....... (аспаз, кондитер)

Ең ең күлкілі ...... (клоун, карикатурашы)

Ең, ең жауапты...... (сот бухалтерлер)

Ең, ең салмақты ........(мұғаліс заңгер)

Ең, ең қарым-қатынасы жақсы....... (бизнесмен)

Бекіту сұрақтары:

  • Осы күннен не алдыңыз?

  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

Қорытынды. Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” Н.Ә.Назарбаев.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мамандық-өмір жолым

Автор: Тлепбергенова Әмина Тлепбергенқызы

Дата: 02.03.2017

Номер свидетельства: 397199

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен та?да?ан жол "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-tan-dag-an-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "175992"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424348203"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Мен таңдаған жол!" тренинг"
    ["seo_title"] => string(30) "mien_tan_dag_an_zhol_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "409652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492413540"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "конспект занятия по развитию речи на тему " Ж ж?не Ш дыбыстарыны? м?дениеті""
    ["seo_title"] => string(73) "konspiektzaniatiiaporazvitiiuriechinatiemuzhzhnieshdybystarynynmdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "293015"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455384476"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Маманды?тар еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(29) "mamandyk-tar-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "296738"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456072621"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "саба? "Маманды? ?лемінде" "
    ["seo_title"] => string(24) "sabak-mamandyk-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "218533"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433830270"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства