Мақсат: білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.
Кіріспе бөлім.
Жалпы ес білгелі кез келген адам өз - өзіне
«Мен кіммін?»,
«Осы өмірдегі менің орным қандай?»,
«Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек. Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Оқушылар сендерге сұрақ қояйын.
--- Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Негізгі бөлім: «Мың түрлі мамандық» Оқушылар өздері қалаған мамандықтары туралы сыр шертеді.
Оқушылар дизайнер мамандығы Өнер жолын таңдаушы балалар бұл
туралы айта отырып болашақта мамандықтың қыры мен сырын ашу
осы маман иегерлері болған күнде үстінде.
қандай жұмыс көзіне икемденіп жұмыс
жасау керек екендігі туралы баяндауда
Өнер мамандығын қалаушылар өз өнерлерін Бірқалыпты тұрақты сұраныстағы
Көрсетіп көңіл күйді көтеруде. мамандық -дәрігер
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
ата — ананың ақылы
достарыңның ақылы
мұғалімнің ақылы
қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
дарының, мүмкіндігің, қабілетің
жақын аймақтағы оқу орнының болуы
жалақысының көп болуы
Оқушылардың комментариясы. Сұраққа жауап беру сәті.
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам – техника,
адам – адам,
адам – белгі жүйесі,
адам – табиғат,
адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер