Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлы? сыныбымен ?оштасу»
Тақырыбы: Қош бол даярлығым!
Күні:15.05 Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Ортаға даярлық тобымен қоштасқалы тұрған түлектерді қарсы алыңыздар:
1.Тобымыздың еркесі, ата – анасының қамқоршысы Сандыбек Нариман
2.Тобымыздың ұяң да мінезі биязы жігіті Нұрғазы Жантолы
Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді біз бастайық. Жүздеріңде көркем шаттық арайы, Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салғалы тұр. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Өткізіп қызық күндерді Мектепке кетіп барады Тақпақ айтып тамсанып Қимай кетіп барады:
Әсел: Қуанамыз сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Алғашқы топты қимай біз, Қоштасатын күн бүгін. Нариман: Алты жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Ата - ананы қуантып, Кілең бестік аламыз.
Балалар енді біз 9 ай бойы Сауат ашу пәнінен оқып білгенімізді еске түсірсек:
А әрпі: Ата - ананың тілегі! Әсел Адам болып өскенін Адамдықтың тірегі Адал болып өскенін Ш әрпі: Шананың да шардың да Батырбек Мен тұрамын алдында Менен ғана басталар Шұғыла да, шалғын да Р әрпі: Раушан гүлін Раушан Нурсултан Өте жақсы көреді Үй маңына болсын сән Деп өсіріп келеді Л әрпі: Тастан тасқа секірген Айжан Ұзын салпаң құлақты Қойдан маза кетірген Кім білмейді лақты У әрпі: Уық деген немене? Жантолы Уыз жегің келеме? Қай әріптен атаулар? Басталып тұр атаңдар? - Дұрыс балалар осы беттеріңнен танбаңдар.Енді ойын ойнасақ: Ойын: Әріптерден сөз құрау. А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А Ш,КАТПІ
Мың бұралған қыздарды Шақырамыз ортаға Тойымызға сән беріп Би билесін қуанта дей отырып Жүніс Әселді көбелек биімен қарсы алыңыздар.
Ойын: «Күн шуағы» Балалар мынау қандай пішін? Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. 1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 2. Бір аптада неше күн бар? 3. Қ.Р. ның бас қаласын ата. 4. Рәміздерді ата. 5. Екі қоянның аяқтары нешеу? 6. Көктем мезгілінің айларын ата. Жантолы Біз балауса баламыз, Жетілді ой санамыз. Даярлықпен қоштасып, Біріншіге барамыз.
Балалар біз сауат ашу пәнінен алған білімімізді еске түсірдік. Енді математика пәнінен алған білімдірінді еске түсірейік.
1 саны: Мені келсе білгің Әсел Мен таяқша бірмін Барлық санға жол бастап Ең басында тұрамын
2 саны: Бірден кейін тұрамын Батырбек Бірден кейін тұрағым Бірді бірге қосқанда Мен шығамын шырағым
3 саны: Екіден соң әрқашан Нурсултан Үш саны мен тұрамын Орныма барамын Екі айшық саламын
4 саны: Үш сызықтан аяғым Айжан Оқушылар қояды Төрт дегенің баяғы Төрт түліктің аяғы 5 саны: Төрттен кейін бесті Нариман Білу оңай десті Санашы бір қолыңның саусағын Енді тағы бір ойынға кезек берсек: Ойын: Сандарды ретімен орналастыр 3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 Ұрпақпен өмір жолы жалғанады Көңілді күндер тусын алдан әлі Әсем бимен, түрлі өнер Бүгінгі күн сіздерге арналады –деп ортада тобымыздың биші жігіттерін қабыл алыңыздар.
Батырбек:Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Мектепалды тобымен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Ойын: «иа, жоқ» балалармен 1. Мектепке біз барамыз ба? 2. Кілең бестік аламыз ба? 3. Айтқан тілді аламыз ба? 4. Ақылды бала боламыз ба? 5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 6. Танартен ерте тұрамыз ба? 7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9. Екі алғанда жылаймыз ба? 10. Оқушы біз боламыз ба? Ата аналармен ойнау: 1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба? 2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба? 3. Тамағын уақытылы бересіз ба? 4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? 5. Сериал көріп жатасыз ба? 6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба? 10. Бала үшін асулардан асасыз ба? Айжан:Адам етіп баптаған, Ардақтап бізді мақтаған. Даярлыққа мың алғыс Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, Жетелеймін баланы. Ұлттық өнер емес пе, Дамытатын сананы, Әнші, биші баланы Адам етіп бағалы Өнерпаз қып баулысам, Өнер отын жағады. Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.
Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. Бірлік барда, тірлік бар деген бабам, Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім, Айым менің күндерім. Маған қызық тілдерің, Естен кетпес күндерің. Сендердікі болашақ, Өтер балғын жастық шақ. Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар. «Қош бол, даярлығым!» атты тәрбие сағатымызды............................................. аяқтаймыз.Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!