Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік іс-шара»
Тәрбие сағаты: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Жауапкершілік сезімін ояту, сөздік қорын байыту
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, құс ұялары суреттері, құстардың суреттері, құс ұясы.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші:
Шанамен сырғып желетін
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Тәрбиеші: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
Тәрбиеші:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?
Тәрбиеші: Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі тәрбие сағатымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
Арнұр:
Құс ұясын бұзбандар,
Балапаның алмандар
ҚҰстар біздің досымыз,
Обалына қалмандар.
Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары.
Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу,
бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.
Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен
көрпе, көпшік жасалады.
Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.
- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?
- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.
- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?» Аудио құрылғы бойынша құстардың дыбысын тыңдату.
Сергіту сәті:1, 2, 3, 4 қарлығаш боп ұш,
5, 6, 7 қарлығаш боп шалқы,
8, 9, 10 қарлығаш боп қон.
Ал енді балалар ары қарай жұмыс істейік Балалар бізге «Қыран құс» хат жіберіпті , қане хаттым оқиық. Ой, балалар мында тапсырмалар бар екен .
– 1 тапсырма- құстардың дауысын салу
Қарға қарқылдайды,
Торғай шырылдайды.
– Балалар, құстар қайда мекендейді? Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап жыл сайын қамқор боламыз.
– Ия, балалар біз оларға үнемі қамқор болуымыз керек, сол үшін оларға жылы ұя жасадық, ал енді соны тәрбие сағатымыздың соңында далаға апарып ілеміз.
Балалар мында қараңдаршы үй құстары мен жабайы құстар шатасып кетіпті осыларда өз орнына орналастыру қажет. Ендеше мына ойынды мен Асыл мен Нұрдаулетпен ойнағым келіп тұр. Балалар егерде көмек керек болса көмектесеміз.
Келесі тапсырма : Жұмбақ жасыру. Мұқият тындап отырындар.Тапқан құстардың суреттерін көрсетіп тақтаға ілу қажет.
Жұмбақ: Көлдің көркі сән екен
Ұшқанда сазды ән екен
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған
Ол қандай құс балалар? (Аққу)
Ала шапан кигенi,
Сескенгiш болған соң.
Қыпылықтап жүргенi. (Сауысқан)
Ауыл да, қала да мекені
Жолаушы жүрсек шығарып салады,
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы( Бүркіт)
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
Қорытынды: Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Сендерге ұнадыма?.
– Жарайсыңдар, балалар біз не туралы әңгімелестік?
– Біз ненің дауысын салдық?
– Құстар қайда мекендейді?
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызға өте жақсы белсене қатыстыңдар мен ризамын.
Берілген тапсырмаларды жақсы орындадындар. Енді далаға шығып Құстың ұясын орналастырайық.