Просмотр содержимого документа
«"Менен с?лем дегейсі? с?ра?ан?а..." атты ?деби сазды кеш »
«МЕНЕН СӘЛЕМ ДЕГЕЙСІҢ СҰРАҒАНҒА!...»
(М.Макатаевтың шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш)
1-жүргізуші: Кеш жарық,құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі күн қазақтың қара өлеңі үшін,қала берді иісі қазақ үшін ерекше күн.Олай дейтініміз,өзі өлсе де артына өлмейтін сөз қалдырған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні.Ендеше,бүгінгі «Менен сәлем дегейсің сұрағанға!» атты әдеби сазды кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы,ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналмақ.
2-жүргізуші:Жыл сайын туған күні тойланатын жалғыз ақын бар.Ол-Мұқағали Мақатаев.Бұл өзі бұйрықпен де.жарлықпен де келген дүние емес.Бұл-ақынның мұраларына деген халықтың махабаты.Ақынға деген құрмет.
1-жүргізуші: Иә,жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты.Ендеше Мұқағали жырларына кезек берейік:_____________________
2-жүргізуші:Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендер сияқты ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ.Мұқағалидың мұңды да сырлы,сан қырлы жырларын жаттап,әуезді ән іздеп шарқ ұрған талай таланттылардың болғанын көріп-біліп жүрміз.Оның оттай ыстық өлеңдері өз-өзінен әнге сұранып тұрғандай.
Ән: «Арулар асыл жандар» орындайтын_________________________
1-жүргізуші:Ақын жаны нәзік болады,әдемілікті,сұлулықты көре білген және сүие білген.Табиғатта.өмірде болып жатқан барлық құбылысты сезініп,оны жырға қосты.
Әр адам дүниеге келген соң,өмір сүреді.Өмір-өзен! Өмір тек қана жақсылықтан тұрмайды.өмірдің қуанышты,өкінішті де қайғылы сәттері болады.Ал өмірге келген соң бар қиындықты жеңе біліп.өмір сүре білу-біздің міндетіміз.
«Шыда,шыда!
Шыдай түс,шыда тағы,
Шыдамдыны мына өмір ұнатады»-деп жырлаған ақын М.Мақатаевтың өмірге деген көзқарасы қандай екен....
Өлеңдері: «Шыда,шыда», «Пай-пай өмір!», «Өкпелетті дей алман өмір мені»
2-жургізуші:Қазақта «әке-асқар тау,ана-ағып жатқан бұлақ,бала-жағасындағы құрақ»деген сөз бар.Ақынның ана мен әкеге арнап жазған өлеңдері жүректі шымырлатып,сағыныш сезіміне баурайды.
Өлеңдерге кезек берейік: «Әке аманаты», «Әкеме,
«Шеше сен бақыттысың!»
1-жүргізуші: «Бала-ата-ананың бауыр еті»-дейді атам қазақ,ал сол балаң ауыр қазаға ұшырап,о дүниенің есігін ерте ашса,бұдан өткен қайғы-қасірет бар ма Қызы Майгул қайтыс болғанда ақын бірнеше айлар бойы бас көтермей жатып қалған екен.Сол күндері Майгүлге
деген сағынышы жыр болып төгіліпті.
Өлеңдері: «Майгулге», «Менің кішкентай күнім»
2-жүргізуші:Қызы Майгул дүниеден өткен соң Мұқағали жалғыз ұлы Айбарды көзінің қарашығындай көріп,ұлына барлығын аманат етіп қалдырып өсиетін айтыпты.
Өлеңдері: «Ұлыма», «Арманда ұлым», «Реніш»
1-жүргізуші:Сағыныш,хал-ахуал сұрау,ағайындық наз,достық ниет қан тамырда бүлкілдейді.
2-жүргізуші:Қай жырына көз жүгіртсең де бей-жай қала алмайсың.Ақын жүрек елжіреп,езіліп,бәрін бауырына басқысы келеді.Сағыныш,өкініш,қимастық сыңғырлаған сыр болып төгіледі
Ән: «Есіңе мені алғайсың»_____________________________________
1-жүргізуші:Ақынның өлеңге қоспаған тақырыбы жоқ па дерсің.Ол махабатты жырлағанда,өлеңдерін бей-жай оқи алмайсың,көңіл қобалжып,жүрек сыздайды.
2-жүргізуші:Мұқағали Мақатаев өміріне серік еткен жырларымен де қатарлас жүрген достарындай сырласа білген.Кейде қуанышпен,кейде қайғымен ғұмыр кешкен ақын өлеңмен,қасиетті өнермен қоштасқан жоқ.
1-жүргізуші: Нағыз жалындап жанар орта жасқа келген шағында ол ауыр дертке душар болды.Ауруханада барлық өткен күні мен түнін есептеп,босқа өтіп жатқан өміріне өлердей өкінген екен.Сол кездегі өлеңдеріне кезек берейік:
Өлеңдер:______________________________________
Ақын көкірегінің күрсінісі көзге жас үйірілітті,амалсыз сыртқа шықты!
Туған жер сағындырды келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.-дейді ақын өзегі өртеніп
2-жүргізуші: Иә,ақынның өзі өлгенмен артында өлең өлкесіне қалдырған мол мұралары мәңгіге өшкен емес.Олой болса Мұқағалидай нар тұлғалы ақынның өлеңдерімен сусындап жүрген оқушыларды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:Міне өздеріңіз куә болғандай Мұқағали жырларының құдіретін аз ғана уақыт ішінде толығымен таныттық деп айта алмаймыз.Бірақ теңізге құйған тамшыдай аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймыз.