kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? елім мені? Президентім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абильдина Карлыгаш Капановна учитель русского языка и литературы в казахской школе – на материале русского языка широко и всесторонне раскрыть перед учащимися богатство духовной жизни народа. Изучение русского языка как второго родного ставит цель овладеть им практически настолько , чтобы в совершенстве на нем разговаривать, строя речь без грамматических ошибок, орфоэпически без акцента и интонационно правильно. Русский язык в казахской школе как предмет преподавания должен изучаться практически, но на сознательной основе.А.Ермеков атында?ы жалпы орта білім беру мектебі

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? елім мені? Президентім. »


А.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру мектебі

СЫНЫП САҒАТЫ ТАҚЫРЫБЫ «Менің елім, менің президентім»

Дайындаған 7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Абильдина К.К.

1 желтоқсан 2014ж

Тақырыбы: «Менің елім, менің президентім»

Сынып сағатымыздың мақсаты: а) Оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.

Сабақтың тәрбиелігі: Отан алдындағы борышын мақтаныш пен жеткізіп, сезіне біліу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерімізді қазақи дарқандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сынып сағаттың көрнекілігі: бүктеме, суреттер, слайдтар

Барысы:


1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін 7 «а» сынып оқушыларымен «Менің елім, менің президентім» атты ашық тәрбие сағатымызды өткелі отырмыз.

Халық күші керемет десекте ерек,

Бір перзенті биіктеп өсер бөлек.

Қанша ақылды, қанша көп боғанымен

Әр халыққа кемеңгер көсем керек дегендей-

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Елім, Отаным, президентім деп тебіренбейтін жан жоқ шығар, сіріә!

Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт жоқ. Қазақ халқы ержүрек, достыққа адал, бауырмал қонақ жай халықтың қуанышында шек жоқ. Біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық.


1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар !


Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентімізді сайладық.

2. жүргізуші: Еркін елім-Егемен Қазақстан,

Мадақтап туған елді жаздым дастан,

Бірлікті берекені бірдей сақтап,

Сан ұлтты жарастырып басын қосқан.

Қабағым қазақ десе ашылады,

Қаламым жыр жазуға асығады.

Көңілім бір серпіліп қуат кіріп,

Жарқырап күнің нұр шашылады.- деп жүректегі


Отанға деген сезім жолында құштарлықпен айта отырып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең, өркенін кеңінен жайған тәуелсіз, дербес мемлекет болуымен Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Гимні сөзі;

Ш.Қалдаяқов

әні; Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

«Менің Қазақстаным»

1.жүргізуші: Шықты тарап ой данадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар президенті

Шырақ етіп өмір нұрын

Алыс тартты алдағы жол

Ел намысын,елдің жүгін

Арқалаған ардағым ол.

Барлығы: Байтақ дала- жерім менің,

Арта берсін елім менің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің

1. Сол жылдары 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» деп аталды.

1991 ж 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қ Р Конституциялық заңына қол қойды.


Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.


Ән. «Желтоқсан желі»

2. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік ел рәміздері бекітілді.

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған жаза күй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бір ерлігін

Мұнда да бар жер күші

Қара шаңырақ ел күні

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі


3. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.


4. 1994 жылы Тәуелсіз Қазақстаның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

Мөлдір аспан, көк аспан,

Сол аспанға жарасқан.

Самолеттей сұңқармен

Ұшқыш болғым келеді.


5. 1995 жылы 30 тамызда Еліміздің Ата Заңы Конститциясы қабылданды.

Әділ заң еңбек жемісі,

Бағалар ерлеп жеңісін.

Адамның еркін айқындап ,

Қызмет етер ел үшін

Бұл заңды жеңіс даңқымыз

Салтанат құрған салтымыз

Сүйеніш, қамқор, қорғаушы

Сүйеді заңын халқымыз.


6. 1996 жылы 9 желтоқсанда желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» беріліп, айрықша ерекшелік белгісімен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаз берілді.

Өз ұ лын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегіалсын қайдан кемеңгерді.

Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген

Желтоқсан арман тілегі орындалып,

Елімізде тәуелсіздік таңы атты.





7. 1997ж 10 желтоқсанда Астана-Ақмола қаласына көшірілді.

Беу-Астана!

Ардақты ақ қаласың,

Жасап жатып

Туған ел салт-жорасын

Туған күнің Астана құтты болсын

Бақытты бол!

Ортаймас бақ орнасын!

Ән: «Астана»


8. 1998 ж 6 мамырында «Астана» деген ат берілді.

Осы жылы мемлекеттік органдарда Мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.


Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,

Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаңда

Қадірлей біл тілің менен,дініңді

Саған берер менің осы батамда.

Осы жылдары Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып , Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстаның 2030 стратегиясын жариялады.


9. 1999 жылы тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды. «Ата-бабамыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе-соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстан осы тәуелсіздігін аманаттау.»


10. 2000жылы Мәдениетті қолдау жылы.

Шежіресі Түркістаның 1500 жылдығы тойланды.

Тойлады сені Түркістан,

Егеменді ел жұртың.

Ойланатын Түркістан

Сан ғасырға кетсінші

Самғап атын Түркістан

Сені аңыз етсінші.


11. 2001 жылы Тәуелсіздік пен достық жылы .

Жыл сайын табыс қоссын табысына

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына

Он алтыншы желтоқсан -Тәуелсіздік алғанша

Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн

Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең

Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын керегең.


12 .2002 жылы Денсаулық сақтау жылы.


Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болу керек. Деннің саулығы , жанның тазалығы, тұлғаның сыматтылығы адам денсаулығының белгісі.


13. 2003 жылы Ауылды қолдау жылы. Ресейдегі Қазақстан жылы.

«Ауыл дегеніміз - халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрыпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары»

Ауыл –біздің алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз, асқақ арманымыз.


14. 2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылы. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекелестікке қабілетті әкономика үшін, бәсекелестікке қабілетті халық үшін» атты жолдауы жарияланды.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы алдын –ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысына.


15. 2005 жылы. Ұлы Жеңіске 60 жыл.


16. 2006 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл және осы жылы 11 қаңтар Астанадағы Елордада ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевты ұлықтаудың салтанаты рәсімі болып, 7 жылдық Президенттік қызметіне ресми түрде кірісті.

Астана бар әлемді елеңдетті,

Тамырын Бәйтеректе те тереңдетті

Аз жылда жаңа Астана салып алдық.

Қай халық көрді мұндай кееметті

Айтамын әрқашанда сөздің шынын,

Атқарған сансыз еңбек халық үшін.

Биікке қол жеткізсе Қазақстан,

Данышпан саясаты Елбасының.


17. 2007 - 2008 жылдары Қазақ тілін қорғау жылы.

Елбасы ел тарихында тұңғыш рет «Жаңа әлемдегі , Жаңа Қазақстан» тақырыпта интерактивті сабақ өткізді.


18.2009 жылы 6 наурыз Қ Р Президенті Қазақстан халқына «Дағдарыстан-Дамуға» атты жолдауын жариялады.


Сәбилер тыныш ұйықтап жөргегінде,

Жастардың шаттық ойнап өңдерінде.

Орта Азия Барысы- Қазақстан

Деп жазсын Жаңа заман өрнегіне.


19. 2010 жылы 20 қазан Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгеидегі 7-ші самиті өтті. (ЕҚЫҰ) 56 елді бірауыздан келтірген Астана деклорациясы қабылданды.


20. 2011 жылы 30 қаңтар – 8 ақпан Астана мен Алматыда 7-ші қысқы Азия ойындарының жарыстары өтті.Қазақстан спортшылары 32 алтын 26 күміс 17 қола барлығы 70 наградаға ие болды.


2011жылы. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланды,

Жиырма жыл жаңа билік орнағалы,

Жоспарды іске асырдық сан салалы.

Дамыған Қазастан үлгілерін,

Бүгінде шетелдер де қолданады.

1. жүргізуші. . Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.


2. жүргізуші. . Ел- Елбасыға тірек. Елбасы –елге қалқан. Біздің мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыздың өсиетімен ер жетеміз. Біз елімізді ,елім деп шаттансам, елімді сара да сындарлы саясатымен басқарып отырған президентімді « Менің президентім» деп мақтанамыз.

2014жылы

1. жүргізуші. Президентіміз нұрлы болашаққа бастайды. . Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.


Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.

2. жүргізуші. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

1. жүргізуші. Әрбір отбасы, әрбір қазақ, әр адам тәуелсіздікті сақтауға жауапты. Жарты дүние әлемін алып жатқан елімнің келешегіне сенеміз –дей отырып бүгінгі «Менің елім, менің президентім» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Ән: «Атамекен». Соңында Президентіміздің жақсы көретін өлені

КОГДА ВЕСНА ПРИДЕТ, НЕ ЗНАЮ...

Слова А. Фатьянова, музыка Б. Мокроусова

(из кинофильма "Весна на Заречной улице")

Когда весна придет, не знаю,

Пройдут дожди, сойдут снега.

Но ты мне, улица родная,

И в непогоду дорога.


Мне все здесь близко, все знакомо,

Все в биографии моей, -

Дверь комсомольского райкома,

Семья испытанных друзей.


Когда на улице Заречной

В домах погашены огни,

Горят мартеновские печи,

И день, и ночь горят они.


Я не хочу судьбу иную.

Мне ни на что не променять

Ту заводскую проходную,

Что в люди вывела меня.


На свете много улиц славных,

Но не сменяю адрес я.

В моей судьбе ты стала главной,

Родная улица моя.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Мені? елім мені? Президентім.

Автор: Абильдина Карлыгаш Капановна

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 162850

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Менің елім. Менің Президентім"
    ["seo_title"] => string(33) "mienin_ielim_mienin_priezidientim"
    ["file_id"] => string(6) "443729"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513054474"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Менің елім. Менің Президентім"
    ["seo_title"] => string(35) "mienin_ielim_mienin_priezidientim_1"
    ["file_id"] => string(6) "443732"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513055360"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Менің елім, менің жерім, менің президентім!"
    ["seo_title"] => string(48) "mienin_ielim_mienin_zhierim_mienin_priezidientim"
    ["file_id"] => string(6) "380297"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484632212"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "ма?ала Мені? отаным - ?аза?станым"
    ["seo_title"] => string(29) "makalamieninotanymkazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "261761"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449201754"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) ""Мені? Президентім" та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атыны? жоспары 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "mienin-priezidientim-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326872"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства