kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мереке "Мені? с?йікті анам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Ана?а деген ??рметін, балалы? сезімдерін с?з ар?ылы жеткізе білуін дамыту. Аналар е?бегін ?адірлеуге т?рбиелеу. Сурет ар?ылы ??гіме ??растыру?а ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мереке "Мені? с?йікті анам"»

Тақырыбы:  «Менің сүйікті анам»  

Мақсаты:Анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуін дамыту.Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету.


Көрнекіліктер; аналар туралы суреттер,үнтаспа


Ұйымдастыру кезеңі:

 Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

 

-         Армысыздар,қасиетті аналар!

 Балалар ортаға шығып психологиялық сәтімізді көрсетейік.

Психологиялық сәт.

 

Қайырлы күн!

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман.

 

  Балалар мен сендерге керемет жұмбақ жасырмақшымын.

 

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.         Бұл кім?

 

Балалар хормен «Ана», «Ана», «Ана» деп жауап береді.

 1.Балалар кім тақтаға шығып «Ана»деген сөзді жазады екен.

 2.Кәне балалар қалғанымыз орнымызда отырып Ана деген сөзді жазайық.

 

Сергіту сәтін өткізу

Қуыр,қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Апаң келсе есік аш,

Қасқыр келсе мықтап бас.

 

Ендеше балалар бүгінгі тақырыбымыз «Менің сүйікті анам »

Мына суретке назар аудармас бұрын мен сендерге сұрақ қояйын.Кім жауап береді екен?

 

1.    Балалар жақында қандай мерекені атап өттік?

2.    Балалар сендер аналарыңды не үшін жақсы көресіңдер?

3.    Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

-         Енді балалар сурет бойынша әңгіме құрауға көмектесіп жіберіңдерші.

-         Келесі кезекті «Менің сүйікті анам» атты монтажда.

 

Балалардың тақпатары:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді, ақ сүтін,

Кең құшағың – аясында гүл бақтың.

  

Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп.

Құлыным деп құшады.

 

 Анам мені; «Айым!»- дейді

Мен мұңайсам уайым жейді,

Анам мені «Күнім!» — дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

 

Ана — біздің күніміз,

Ана – біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

Сергіту сәтін:

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

 

-         Кәне,ұлдар қыздарымызды бүгінгі мейрамға байланысты қандай жақсы тілектерің бар?

-         Ал балалар, олай болса «Мен анамды жақсы көрем»атты тақырыпта үйден салып келген аналарыңның суретін қорғайсыңдар.

 

-         «Ана» деген асқақ ән

    Орындайтын әрқашан   Айшолпан мен Айдананың орындауын да әнді қабыл алыңыздар.

Ойын: «Анама гүл сыйлаймын»

 

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз аяулы да, ардақты аналарымыз туралы әңгімеледік,ән айттық,әдеби — монтажымыз да аналары-мызға арналды. Сонымен тақырыбымыз қалай аталады екен? Айтып жіберіңдерші

«Менің сүйікті анам» Ендеше сол өміріміздің гүлі аналарымызда. Аналардың күні сендерде, аман болыңдар балалар.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мереке "Мені? с?йікті анам"

Автор: Молкаева Жанар Байгереевна

Дата: 04.06.2016

Номер свидетельства: 332528

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі."
    ["seo_title"] => string(74) "altyn_kuz_zhaidarly_zharkyn_kuz_mieriekielik_iertien_ghiliktin_stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "435489"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509374577"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства