Учитель казахского языка и литературы Федоровксая СООШ №1
Казахстан ЗКО.
Теректинский район
п Федоровка
Орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті пәнінен 10– сыныпқа «Қазақ әйелі» атты өлеңін енгізуді ұсынып, сабақты «Сатылай кешенді талдау» арқылы жүргізер едім.
Сатылай кешенді талдау
1
Авторы
Қадыр Мырза Әли
2
Тақырыбы
Әйел теңсіздігі
3
Жанр түрі
поэзия
4
Идеясы
Қазақ әйелін құрметтеу
5
Шумағы
12
6
Тармағы
58
7
Бунағы
3 бунақты
8
Буын саны
11,8,4,7,4,4,3
9
Ұйқас түрі
Аралас
10
Әдеби-теориялық ұғым
Қайталаулар, теңеу
11
Түсіндірме сөздік
Шекпен, көк майса, тауқымет
12
Тәрбиелік мәні
Әйелдерді құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелейді.
Орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті пәнінен 11– сыныпқа «Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығын» енгізуді ұсынар едім.Сабақты төмендегідей бағытта өткізер едім.
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Жаңа сабақ
І тапсырма. ) Қадыр ақын өмірі, шығармалары, ақын туралы естеліктер
(Электронды оқулықтан ақын Қадырдың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет тыңдалады)
І топ: Қадыр кім?
ІІ топ: Қадыр өскен орта
ІІІ топ: Қадырдың шығармашылығы
ІV топ: Қадыр туралы зерттеулер, естеліктер. Ақынға арналған өлеңдер оқылып, жазылған естеліктер айтылады.
ІІ тапсырма. Шығармашылығы
Жыр-жинақтары
Аудармалары
Әндері
Қанатты сөздер
ІІІ тапсырма
Сөздер, суреттер сыр шертеді
Поэзия минуты (Ақын өлеңдері оқылады)
ІҮ. Таспадан бір өлеңі тыңдалады
3. Сабақты пысықтау
Шығармашылық тапсырма Қадыр ақынға арнау өлең, шағын шығарма, ойтолғау жазу. Сабақты қорытындылау «Бетпе-бет студиясы» әдісі «Сен Қадыр жайлы тағы не білесің ?»
Оқушылар өз бетімен Қадыр ақын жайлы қызықты, мәнді деректер қарастырып келеді.