Просмотр содержимого документа
«"М??алім - м??гі н?рды? ?ызметшісі"»
«Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі!
1-жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін.
2-жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да ғылым дана да.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар және ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, 1қазан – қарттар мерекесі мен ұстаздар қауымының төл мерекесі! Құрметті ата әжелер сіздерді қариялар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз! Балаларыңызды жақыннан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!
2-жүргізуші:
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Оқушыға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Ұстаздар мейірлі мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға тек сәттілік тілейміз!
Мерекелік кеште келесі құттықтау сөзді мектеп директоры Қайрат Тұрсынұлына беріледі
1-жүргізуші:
Ұрпақпенен өмір жолы жалғасады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Хор: «Ұстазым!»
- 1 -
2-жүргізуші:
Арпалыстың ауыр жүгін артқаны ,
Аңқылдаған, жарқылдаған мәрт жаны.
Қазған сайын қазынасы сарқылмас,
Қайдасыңдар қазағымның қарттары!
1-жүргізуші:
Дүние келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман саумысың!
Ән «Асыл әжем» орындайтын Жолдыбаева Алтынай
2-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.
6-7 сынып қыздарының Ұстаздар мерекесіне арналған биімен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан,
Ұлағатты сөзбен биік ұстаған.
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.
2-жүргізуші:
Ұстаздар мейірі – Ана мейірімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп
Айналайын білім берген ұстаздар!
Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар!
Бәйменше Дана мен Сейітжапар Аяулымның «Ана туралы әнін» қабыл алыңыздар!
-2-
1-жүргізуші:
Ана мен баланың айырмасы,
Ана – ән, бала – оның қайырмасы.
Болғанда әке – дәулет, ана – ырыс ,
Тағдыр – ай , осы үшеуін айырмашы.
Жолдыбаева Күмісай мен Меңдіғали Еркеназды «Көңілді күн!» әнімен қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші: Мұғалім мен ұстазда бар айырма, Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма. Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық, Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
1 - жүргізуші: Оқыттыңдар, ұл - қызым, деп Күлімдеген ұстаздар. Ән арнадық арнайы кеп, Тағзым ете, ұстазға!
Ән «Ұстазым менің!» орындайтын Өтеуова Аяжан
2 - жүргізуші: Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Ұстаз деген - шуағы мол шапағат, Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
1 - жүргізуші:
«Көңіл аудар даналардың сөзіне,
Адал жанды өнеге тұт өзіңе» - деп Баласағұн атамыз айтқандай, біздің үлгі тұтар ата- әже, әке – аналарымыз бар . Оларды сыйлау – ата – бабаларымыздан мирас боп келе жатыр. Сіздерге қандай құрмет көрсетілсе де орынды, біз сіздерді мақтаныш етеміз! Жапырақ жайған бәйтеректей, айналаға жүрек жылуын шашып, мейірімділік пен бауырымдылықтың үлгісін танытып жүре беріңіздер!Келесі сый құрмет өздеріңізге арналады.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!Ғажайып дүние сырын ұғындырып, білім берген ұстаздарымызға мың тағзым! Осымен ұстаздар мерексі мен қарттар мерексіне арналған кешіміз аяқталды . Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!