Ақынның жанды дауысы «Пай, пай, өмір өтесің-ау кетесің»
Оқитын: (рольге түсуші) Берген Шынбаев
1-жүргізуші: Тату –тәтті бармысыңдар,
Армысыңдар адамдар.
Әлем дархан, сайлаңдар,
Бәріңе де орын бар.
2-жүргізуші: Қорған емес, салтанатты,
Сәнді сарай соғыңдар.
Әй, адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар.
1-жүргізуші: Анамыз жер,
Сол анадан жаратылдық.
Туыстық, алайда біз
Қан да төктік,
Қалжырадық, ұрыстық.
2-жүргізуші: Армысың сен, жалғыз перзент тыныштық.
1-жүргізуші: -Армысыздар ақынын аялап, азаматын ардақтаған алаш жұрты.
2-жүргізуші: -Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, табиғаты бөлек, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Соғады жүрек» атты ән-жыр кешіне қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: -Бүгін, ереулі атқа ер салып жүріп,
Егеулі найза қолға алып жүріп,
Еңку-еңку жер шалып жүріп,
Ойраны шыққан ғасырлармен,
ойы түлеген дәуірлерден көрген , «патша құдай сыйындым, тура басса өзіне ,жау жағадан алғанда жан көрінбес көзіме» деп күңірене толқыған
2-жүргізуші: -Ескі мен жаңаны, батыспен шығысты жалғаған . Ғаламдық биікке көтерілген, мәңгілік сарындардың шалқар кеңістігіне шыққан қазақ жыры Мұқағали үні болып сана атаулыны қозғауда, Мұқағалали мұңы болып жүректерге сапар шегуде.
1-жүргізуші: Бүгін естір құлақ пен ес көңіл қайрап бір сілкініп, ұлы музаның сиқырлы, сырлы сазына шомылары, меңіреу шыңдарға тіл бітіп , белеу қырларға үн қонары, қошқар мүйізді қазақтың қай қайдағысы есіне түсері, жазығында тұлпары тулап, көгінде қыраны қалқыры, жаны жадырап, көңілі шалқыры ақиқат.
2-жүргізуші: Кім білсін қаншама әлі шырқарымды, Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды, Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің, Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ. Мектебіміздің жас ақыны 9-сынып оқушысы Мұқантөре Гүлсезімнің «Мұқағалиға арнау» атты өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Айжан мен Қарлығаштың орындауында «Туған өлке» әні.
1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев қандай ақын? Қандай адам? Қандай жар? Қандай әке? Қандай дос болды? Бүгін балалары мен достарының ауыздарынан шыққан жылы лебіздері арқылы кешті жылжытамыз. Ақынды танимыз!
2-жүргізуші: Мұқаң орыс тілін өз бетімен үйренді. Бұл табандылығы. Бірақ, ұлттық университетінің филология факултетін, шет тілдері институтын, кейін Мәскеудегі Горький институтын аяқтамай тастап кетті. Мұны қалай түсінеміз?
1-жүргізуші: Үзеңгілес досы Оразақын Асқар бұл сұраққа былай жауап берді. «Ол ұлттық университеттің филология факултетін оқып жүріп, ұстаздарының бұл үйретіп жүрген ілім-білімдерін білетініне көзі жетті. Уақытымды текке өткізгенше ақын болар жігіт шет тілін меңгеруі керек деп есептеп шет тілдері факультетіне түсті. Шет тілдері факултетін де 2 жылда меңгеріп шықтым деп оны да аяқтамай тастап кетті. Мәскеудегі институттан да алар ілімін алып тастап кетті. Бұл оқуларды уақытты текке өткізбейін деген ниетте иастадым дейтін» деп еске алады Оразақын Асқар.
2-жүргізуші: Әкем бір күні мені қасына шақырып алып «Балам, ертен мен өмірден өткенде сеннен біреу «Әкеңіз қандай адам болды?- деп сұрақ қояды. Сен не деп жауап бересің?» деді. Мен күмілжіп қалдым. Сол кезде әкем «Менің әкем үлкен сәби жүректі адам еді деп айт. Сонда сен қателеспейсің» деген сөздері есімде қалыпты. Шынымен де әкем бала жүректі, кең пейілді адам болатын.
1-жүргізуші: Ақынның жан дүниесін түсіну кез –келгеннің қолынан келе бермейтінін ескерсек, оның өмірлік серігіне айналу ең алдымен ол үлкен жауапкершілік. Махаббатың жыршысы атанған, ақынның жан әлеміне үңіліп, оны түсіну және оның поэзиясына аманатпен қарау жары Лашынға бұйырыпты. Мұқағалидің сүйіп қосылған жары Лашын Әзімжанова оның өлеңдерінің бірінші оқырманы да әрі сыншысы да бола білді. Лашын апамыз ақын туралы естелігінде: «Мұқаң мәңгілік сырласым болған » деседі.
2-жүргізуші: Ақынның баласы Жұлдыз былай деп еске алады екен: «Әкеміздің өлеңдерінің сыншысы шешеміз болатын. Анамыз ауылды да қазақ тілінен , қалаға келген соң да қазақ тілінен сабақ берді. Дайын өлеңдерін өз кабинетінен алып шығып шешемізге «Лашын мына өлең дайын болды. Тыңдап көрші» деп шешемізге оқып беретін. Анамыз тыңдап көріп, дұрыс, бұрысын айтатын»
Аружанның орындауында «Ұнатамын мен сені» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлді қоладан ба?!
2-жүргізуші: Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусылса сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.-деп жырласа
1-жүргізуші: Кей кездері,
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға,
Қарсы қарап жүремін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барды,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
2-жүргізуші: Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап.
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып Мұзбалағың-деп Лашын апамызға жырларын арнаған екен.
1-жүргізуші: Мұқағали мен Лашынның ең алғаш кездесуі де бүгінде ел аузында аңызға айналған. Енесі мен атасының танысуын келіні Бағдагүл былай еске алады екен: «Атам бір топ үлкен кісілермен далада әңгіме айтып отырғанда кезде, шашы тобығынан келетін , ұзын бойлы, ақ құбаша келген қыз аттың үстінде жайғаса отырып, әдемі, жарасымды шауып бара жатыр екен. Бір көргеннен ұнатып қалған ақын «Мен мына қызға үйленем деген екен»
2-жүргізуші: - Ақын жүрегіне шоқ салған ару Лашын, ол кезде ауылға жаңадан келген жас маман еді. Өзінен 4 жас үлкен жас аруды өзіне қаратудан Мұқағали еш сескенген жоқ. Анамыз кей кездері есіне алып отыратын «Ол кезде аталарың маған хатты тек қана өлеңмен жазатын. Сол кезде хаттарды жинап қою есімде болмапты, Қазір сол хаттарды жинамағаныма қатты өкінемін. Сол хаттардың өзінен бір кітап шығаруға болатын еді » деп өкінетін.
1-жүргізуші: Мейлі ғасыр, айлар өтсін, жыл мейлі.
Тек өмірім сеніменен бір өтсін.
Сен байлығым, сен бақытым, сен досым,
Сен тірегім, сен кеудемде жүрексің- деген Лашын апамызға арналған жыр жолдарын ,апамызға арналған әдемі әнімен жалғастырсақ.
1-жүргізуші:.«Әкеміз өте ашық кісі болатын. Мінезі анамызға қарағанда жұмсақ, мейірман, Әкемнің өлеңдері 60-шы жылдары жарыққа шыға бастады. Сол кездің өзінде әкем халыққа танымал болатын.Ол кездері әкем анадай жерде келе жатқаннан «Мұқағали келе жатыр» деп халық басын бұрып қарайтын. Қалаулы азамат болды десем де болады. Ол кездің кітаптары кішкене, жұқа болып шығатын. Өлеңдері басылымға шыққан кезде әкем мықты қуанатын, достары үйге жиналып қуанышқа ортақ болатын» деп елінің шексіз құрметіне ие болған әкесі туралы баласы Жұлдыз еске алса
2-жүргізуші: Келіні Бақытгүл былай еске түсіреді: «Қалаға көшіп келген кездері ата-енеміздің күйлері онша болмапты. Пәтер жалдап тұрған. Атамыз кей кездері жұмыссыз қалған . Сондай кештете келген кездерінде қоңырау шыр ете қалса, есіктің артында бір топ адаммен Мұқағали келіп тұрады дейтін. «Ал, Леке, қонақ келді. Қазаныңды көтеріп, дастарханыңды жай» дейтін деп. «Мен мықты қысылам, дастарханға қояр ештеңе таппай қалам» дейтін енем. Өте қарапайым , қонақжай адам еді.
1-жүргізуші: Ол кісі тума талант. Дауысы өте ерекше болған. Өз өлеңін өзі мәнеріне келтіріп оқуда шеберлік танытқан. Нақышына келтіріп өлең оқу дауысымен қоса ән айтуда да дауысы керемет болған. Кейде үйде , көңіл-күйлері көтеріңкі кездерде анамыз екеуі бірге «Бір бала» әнін орындайды екен» деп еске алады келіні.
2-жүргізуші: « Бірде мұғалимамыз «Бақыт» туралы шығарма жазуға тапсырма берді. Ол кезде мен баламын, ненің «Бақыт» ненің «Бақыт» емес екендігін түсіне бермеппіз. Сол кездер есіме түскенді осы «Бақыт» өлеңі туындады» деп есіне алатын ақын.
1-жүргізуші: М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт» әнін Дильназ бен Нұрбақыттың орындауында қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ақын поэзиясы өміршең поэзия. Ол жаны қиналған кезде шуақты күндерді өз өлеңдерінен іздеді. Тағдырдың қатқыл тұстарын жырға қосты.
2-жүргізуші: Сол кездегі солақай саясаттың құйтұртқы тұстары ақында талай жылатты. Шағын кітапшалары жарық көргенімен жырлары қатаң саяси сүзгіден өтетін. Ал ақын үшін туған баласындай жүрегінен шыққан туындыларын жапырақтап қиып тастағаннан артық қасірет жоқ еді. «Мен барлық сынды , көтерем, сынға шыдаймын, бірақ менің творчествома тиіскеге шыдай алмаймын деп ылғи айтып отыратын»деген естеліктер де бар. Ақын өз өнерін, өз дарынын, өз бойындағы шабыты мен туындыларын сыйлады.
1-жүргізуші: Әнуар Байжанбаевтан тәлім алған Мұқаң қазақ радиосында диктор болып жұмыс жасады. Тағдырдың салқыны ақын отбасын мұздатқан сәт бұл тұла бойы тұңғыштары Майгүлден айырылып қалған сәт болатын. Сол бір апатты күн ақын үшін азапты күн болды.
1-жүргізуші: Мұқағали не бір қиыншылықты бастан кешірді. Қазақ кеңірдегіне қайқы қылыш тақалған кезде дүниеге келген ақын, алдымен қаратаңдақ, саяси қуғын сүргін есіл ердің қабырғасын қайыстырып, бодандықтың бұғауына бас идірді.
2-жүргізуші: Соңын ала момын жұртты сұрапыл соғыс ағыны ағызып әкетті. Қиян кескі ұрысқа қос қолдап аттанған көптің ішінде Мұқағали отбасынан 2 бірдей азамат болды. Бірі ағасы, бірі әкесі болатын. Бірақ сұм майданның ысқыра ұшқан жебесінен Мұқағалидің әкесі Сүлеймен қарт та, ағасы да құтыла алмады. Сүлеймен 1941 жылы Калининград түбінде қайтыс болды. 1-жүргізуші: Небір қиыншылықта өмір сүрген Мұқағали ерте шыңдалды. Соғыстан кейінгі жылдарда туған жеңгесін сағына барған Мұқағалиға мына өлең жолдары туындайды.
1-жүргізуші: Ақынының көптеген өлеңдері аурухана қабырғасында жазылды. Сондай жан айқайының бірі Лашынға арналған «Күрсінбеші» өлеңі.
2-жүргізуші: Лашын былай есіне алған екен: Ауруханаға барсам еңгезердей, жауырыны қақпақтай екі иығына екі кісі мінгендей азаматымның кішірейіп күннен күнге шөгіп бара жатқанын көріп күрсініп жібергем. Соны байқап қалған Мұқағали «Күрсінбеші, бәрі жақсы болады» деп қолымнан ұстады. Ертеңіне қайта келсем шкафтың үстінде ашық жатқан блакнотын байқадым. Өлең жазыпты. «Күрсінбеші» деген өлеңі қайтарынан 2 күн бұрын жазған соңғы өлеңдерінің бірі болатын.
2. Мектебіміздің үздік мәнерлеп оқу шебері Камила Мусинаның «Өкінбеймін»
3. «Мен деп ойла» Орындайтын: Ақбота мен Гүлім
1-жүргізуші: Келіні Бақытгүл былай деп есіне алады: Атамыз 1976 жылы қайтыс болды. Лашын анамыз 2006 жылы өмірден озды. Осы 30 жыл аралығындағы уақытта енем тірнекетеп бір парақ қағаз болса да жинап, қаншама кітап шығарды.Солардың барін жинақтап, артында қалған ұрпағына аманаттады. Анамыз қайтыс болардан 1 жыл бұрын мені жанына шақырып алып «Айналып кетейін Бақытай, 30 жылдай мен атаңнын мұрасын алып жүріп едім, енді саған аманат етіп тапсырғым келіп отыр. Атаңнын атына кір келтірмей сақта, анаңнын аманаты деп біл» деп барлық жинақтарын маған тапсырды.
2-жүргізуші: Оның ішінде не бар дейсіздер ме? Атамыз қайтқаннан бергі газет-журналдар бетіне кішкене болса да шыққан мақалалардың барлығын қиып алып жинап қойған екен. Солардың өзі 5 папка жинақ болды. Әке көре алмай кеткен ұрпақ қызығын Лашын ана көрді» деп есіне алады келіні Бақытгүл.
1-жүргізуші: Ақынның артында Жұлдыз, Алмагүл,Айман атты ұл-қыздары қалды. Әке өнегесін көріп өскен балалары әке аманатына қиянат жасамады, ұят келтірмеді. Әке атына кір келтірмеді. Текті ұрпақ деген атқа лайық болып өсті.
Ән: «Жарығым-ай» Есет,
1-жүргізуші: Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің Бір түйір жерге түскен тамшым едің Мұқағали жоғалса қайтер дейсің, Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
2-жүргізуші: М.Мақатаев 45 жылдық ғұмырында шаң басқан архивтен емес, кез-келген кітап сөресінен табылатын өшпес мұра қалдырып кетті. Мұқағали Мақатаев ардақталмай қалған жоқ. Бүгінде ақынның атымен аталатын көшелер, мектептер бар Қазақстанның түкпір- түкпірінде кездеседі. Кіндік қаны тамған Қарасазда ақын атымен аталатын мұражай бар.
1-жүргізуші: Жүректен шыққан асыл сөз, поэзия, тұтастай ақын жанының тебіренісі. Сондықтан да оның асқақ та, адуынды, нәзік те сыршыл жырлары өлең сүйер қауымның көкейінен орын алды. Ол ізгілік пен ілтипатты, ғашықтық пен іңкәрлікті жырлап өткен табиғаты бөлек, лирик, рухты ақын Мұқағали Мақатаев.
2 -жүргізуші: Иә, өмір өтті. Дәуірінде маңғаз саналған Мақатаев жоқ енді. Қызталақ тағдыр қарқында келдің, мұзбалақ ақынды ақыры қыршын кетірдің. Ауыздық салмай , жайдақ мінген пендеңді сүйрей жөнелдің, бірақ, Мұқағали тірі, тәні қара жер қойнауында жатса да , жаны әр қазақтың жүрегіне қоңсы қонды.
1-жүргізуші: Ұлы қуаныштарымен, ұлы қасіреттерін терең сезініп, терең жырлаған Мұқағали Мақатаев жыр тауы на зорайып асқақтай түспек.
Қазақ жыр аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда мына сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағында тербетер құдіретті жырының да өз халқымен бірге өзінің ұлы тауларымен , ұлы даласымен бірге
2-жүргізуші: Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. ... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, Еңбегінің қызығын да көре алмай. От боп жанып өтіп кеткен ақынға Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. 1-2- жүргізуші: Мұқағали мұрасын құрметтеуші мен сақтаушылар келесі кездескенше күн нұрлы, болсын. Сау болыңыздар!
Ән: «Есіңе мені алғайсың» Қатысушылардың айтуымен.
Фариза: Мен Мұқағалиды 2 рет қана көрді. Тахауи Ахтановтың 50 жылдығына арналғани кеште отырғанбыз. Ол кезде жастаумыз, шет жақта отырған болатынбық. «Мұқағали келе жатыр» деді. Бұрылып қарап едім менің арт жағыма келді де, иығыма екі қолын салып «тұр» деді. Тұрдым. «Жүр» деді . Жүрдім. Қонақтардың алдына шығарды да, орныма әкеліп отырғызды. Мені халыққа көрсеткісі келді ме.......