Бәйбішелер: Кулмурзина Табиғат, Әбдіқалиева Құралай, Жармағанбет Әсем
Мыстан кемпір: Барлықова Диана
Мерзімі: 13.02.2019 ж
Сынып: 7 « Г»
Автор: Өмір өзен ағуда
Тұнған тарих көмейім
Қобызымды қолға алып
Жыр маржанын төгейін
Үнсіз жатқан төбенің
Тыныштығын бөлейін
Қатпар – қатпар таулардың
Қабырғасын сөгейін
Сағым қуған сары бала
Сыр шертісіп көрейін
Көне заман тарихтың
Қойнауына енейін
Мұңлық - Зарлық туралы аңызды айтып берейін
Хан: -Ұстаңдар, ұстаңдар, қанекей ұстаңдар.
Ислам: Хан ием, қараңызшы, киіктің мүйізі ай сияқты.
Хан: Қоршаңдар, енді ол ешқайда қаша алмайды. Жібермеңдер, атыңдар!
Ернур: Оо, ғажап!
Хан: Кімнің тұсынан киік отіп кетсе киікті сол адам ұстау керек, егер ұстамаса басы алынады.
Ислам: Хан ием, атыңыз, атыңыз хан ием!
Автор: Сонда әлгі ор киік ханның тұсынан секіріп өтеді, уәзірлері таң қалып қалады.
Ернұр: Енді не болар екен?
Хан: Айтқаным айтқан, өзім қуып жетемін.
Автор: Осылай хан киікті қуа жөнеледиі. Киікті қуып келе жатқан ханның аты тасқа сүрініп, хан құлап түседі. Біраз уақыттан соң...
Ханшайым: Тұрыңыз, басыңызды көтеріңіз.
Хан: Сен кімсің ?
Ханшайым: Осы маңда тұратын балықшының қызымын.
Хан: Атың кім ?
Ханшайым: Ханшайым
Хан: Ханшайым деп ханның қыздарын атайды ғой.
Ханшайым: Білмеймін, атымды атам қойыпты.
Хан: Атаң қайда ?
Ханшайым: Әне анау жарқабаттын басында.
Хан: Ал мені қуып келе жатқан киік қайда ?
Ханшайым: Білмеймін.
Хан: Білмегені қалай, сен ешқандай киік көрмедің бе ?
Ханшайым: Жоқ
Хан: Сонда мен далбалақтап өзім шауып келе жаттым ба ?
Ханшайым: Иә
Хан: Бәлкім атаң көрген шығар.
Ханшайым: Атам айтты, әне бір кісі үйге қарай атпен шауып келе жатыр деді. Қазақ үйге қарай атпен шауып келмеуші еді, алдынан шықшы деді.
Хан: Онда атаңнан сұрап көрейік.
Автор: Олар үйге қарай бет бұрады.
Ата: Ор киіктің басыңнан қарғып өтуі басыңа бақтың қонғаны. Осында келіп жоқ болып кетуі, бақытыңды осы жерден тап дегені.
Хан: Хххм... бұл жерден қандай бақыт іздеуге болады?
Ханшайым: Сіз қайғыңызды сейілту үшін аңға жиі шығасыз, ол қайғы балаңыздың жоқтығы.
Хан: Оны сен қайдан білесің?
Ханшайым: Ор киік айтты.
Хан: Қайдағы ор киік?
Ханшайым: Әлгі сіз қуып келе жатқан ор киік.
Хан:Оны сен көрмедім деп едің ғой.
Ханшайым:Түсімде көргем.
Хан:Я, ол тағы не айтты?
Ханшайым: Ол айтты, сен патшаға бір ұл, бір қыз тауып бересің деді.
Хан:Иә, менің мұрагерім жоқ, егер сен бір ұл, бір қыз табатын болсаң мен сені жар етемін.
Ханшайым:Қыздың аты Мұңлық, ұлдың аты Зарлық болады.
Хан:Оны да ор киік айтты ма?
Ханшайым:Иә.
Хан: Онда мен саған үйленем, 9 айда мұрагер сыйламасаң мына дарияға лақтырып жіберем..
Ханшайым: Еркіңіз білсін.
Ернур:Хан ием, амансыз ба, мына адамдар қайдан шықты.
Хан:Құлап жатқан жерімнен мына қыз кұтқарып алды, мен осы қызга үйленем, ол маған бір ұл бір қыз тауып берем деп уәде еттті.
Ислам:Хан ием бұл қыз құдай емес қой.
Ернур:Бұл сиқыр.
Хан: Бас уәзір, той қамына кіріс, үш күннен соң осы қызды той аралына дариямен алып келесіңдер. Ханшайымның шатыры тігілсін, барлық жөн-жоралғысы мен салтанаты жасала берсін.
Уазир:Құп,тақсыр!
Автор: Үш күн өткен соң...
1 Әйел: Хан ием бәрімізді қорлап, тағы бір әйел алмақшы.
2 Әйел: 60сымыз бірдей бедеу емес шыгармыз, хан кінәні өзінен іздемей ме?
3 Әйел: Ол қыз сиқыршының қызы дейді, хан иеміздің басын айналдырып сиқырлап тастаған дейди.
1 Әйел:Ей, менде мынадай амал бар, жүріңдер!
Автор:Ал хан болса өзінің уәзірлерімен жан-жарын жағада күтип тұр.
Ханшайым:Қандай әдемі шатырлар қандай әдемі!
Мағрипа:Олар сенің кұрметіңе тігілген, анау ортадағы үлкен шатыр сенің отауың.
Ханшайым:Менің шатырым, ал анау жағада тұрған кімдер?
Мағрипа:Хан және оның уәзірлері.
Ханшайым:Қандай қорқынышты, үрейлі салтанат.
Хан:60 әйел ханшайымның қолынан сүйіп шықсын.
Ханшайым:Не болды, хан ием? Неге көңілсіз отырсыз?
ХАН: Ханшайым, мен осы уақытқа дейін нәресте, баланың дауысын естімеген едім, сен босанғанда жүрегім қуаныштан жарылып, өліп қалам ба деп қорқамын.
Ханшайым: Оо, не дегеніңіз, хан ием бұл сіздің көптен күткен қуанышыңыз емес пе?
Хан: Менің кәрі жүрегім сондай үлкен қуанышты көтере алмас-ау, мен былай деп шештім, уақыт таяғанда уәзірлерімді ертіп аңға шығамын, тұзды дөңнің басына шатыр тігіп, қуанышты хабарды сонда күтемін.
Ханшайым: Мені бірге ала кетіңіз, мен сізсіз қорқамын.
Хан: Неден қорқасың?
Ханшайым: Бәрінен, бәйбішеден, 60 әйелден.
Хан: Еш нәрсені уайымдама, бәрі де сенімді адамдар, сенің қасыңда бас сақшы Шафхат пен Мағрипа болады.
Автор: 3-4 күннен соң, хан уәзірлерімен аңға кетіп қалады. Көп ұзамай ханшайымның толғағы басталады.
Ханшайым: Мағрипа, Мағрипа.
Автор: Әлгі үш әйел келеді.
Ханшайым: Ой, сіздер мұнда неғып жүрсіздер, Мағрипа кайда?
1 Әйел: Сен бізден қорықпа, біз саған қастық ойламаймыз.
Автор: Кенеттен Ханшайым талып қалады.
2 Әйел:Ой бұл байғұс-ай, есінен танып қалды .
3 Әйел:Толғағы келді, мыстанды шақырыңдар.
1 Әйел:Мыстан шешей, енді мыналарды текті дарияға лақтырып жібер, қайтып келген соң, бір дорба алтын аласың.
Мыстан: Ааайййй адамдар-ай, керек кезінде мыстан шешей деп каласыңдар ххахахаха.
2 Әйел: Балаларың қасыңда жатыр хха хха хха.
3 Әйел:Бейбақ 2 күшік тудың.
1 Әйел: Күшіктерің қыңсылап жатыр, емізбейсің бе ?
Ханшайым:Мен баланың дауысын естігем, сендер қастандық қылдыңдар.
3 Әйел: Күшік туды, масқара!
Ернур:Хан ием, алыстан бір топ адам көрінді.
Хан:Жақсы хабар алып келсе екен.
Автор:Бас уәзір келіп тізерлеп отырып қалады.
Хан:Неге үндемейсіңдер, Шафхат?
Шафхат:Хан ием, Ханшайым екі баланың орнына екі күшік туды.
Айелдер: Жұртқа қай бетімізбен қараймыз, хан ием?
Хан:Күшігі несі, өзі не естіп тұрмын құдай-ау...
2 әйел: Сиқыр екен ғой бәрі.
Шафхат: Жазасын өзіңіз айтыңыз.
Хан: Сиқыр.
Хан: Күшіктер, жазасын өздерің айтыңдар!
1 әйел: Өлім.
2 әйел: Өлім.
3 әйел: Өлім
Хан: Олай болса, ханшайымды екі күшігімен жолбарыстар мен жыртқыштар мекендейтін қайтпас аралына апарып тастаңдар!
Мыстан: Бір дорба алтын, алтын, алтын, әй бейкүнә сәбилер - ай, қимаймын, қимаймын, бірақ та қу дүние не істетпейді. Мені мыстан еткен адамдар, сендерсіңдер, сендерсіңдер ғой, сендердің біреуге істеген жақсылығың біреуге жамандық боп тиеді.
Хан: Менің атым – Шанжар хан, мен сенің әкеңмін, есігіңді аш!
Мұңлық: Мен саған сенбеймін, ағам келмей есігімді ешкімге ашпаймын.
Хан: Атың кім?
Мұңлық: Айтпаймын.
Хан: Онда мен айтайын, сенің атың – Мұңлық, ағаңның аты – Зарлық емес пе? Анаңнын аты - Ханшайым.
Мұңлық: Бәрібір сенбеймін.
Хан: Оо қасиетті ай мүйізді ор киік! 15 жыл бұрын Ханшайымға жолықтырып ең, енді балаларыма алып келдің, оларды құшағыма бір қысып алсам өлсем де арманым жоқ.
Зарлық: Тоқта, қимылдама, менің жоқ екенімді біліп қарындасымды ұрлауға келген адамсың ғой, айт шыныңды!
Хан: Мені осында ор киік алып келді.
Зарлық: Ор киік біздің панамыз,
Ақ сүтін берген анамыз.
Хан: Сен, сен Зарлықсың ғой, мен сендердің әкелеріңмін, мені аналарыңмен табыстырғанда осы ор киік еді, міне енді сендерді тауып берді.
Зарлық: Әкем болсаң, осы уакытқа дейін қайда болдың?
Хан: Алыс сапарда жүргенде қара ниетті дұшпандар екеуіңнің орныңа екі күшік салып, сендерді сайға лақтырып жіберді, келші балам, маңдайыңнан бір иіскейін.
Зарлык: Әке, Әкеее.
Хан: Құлындарым менің!
Мұңлық: Әкетай, әке.
Автор: Осы кезде Ханшайым, ор киік пайда болады. Олар бір - бірімен кездесіп көріседі. Бір кезде, Хан сарайында Шанжар хан, Ханшайым, Зарлық пен Мұңлық отырады.
Шафхат: Хан ием, мыналардың жазасын айтыңыз!
1 әйел: Кешіре көріңіз, хан ием!
2 әйел: Ханшайым, кешіріңізші бізді!
3 әйел: Бізді өлтіре көрмеңіз, бәріне мына Мыстан кінәлі.
Хан: Сендерге ешқандай кешірім жоқ.
Ханшайым:Хан ием, бүгінгі қуанышымызды қатал үкіміңізбен бұзбаңыз, бәрін мен 15 жыл бойы зорлық пен қорлық көріп өмір сүрген қайтпас аралына жіберіңіз. Дүниенің алма кезек екенін бұларда көрсін.